Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет197/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   244
«1953 жылдың шілдесінде М.О. Әуезов ті тұтқындау жөнінде 
нұсқау беріліпті. Бұл жайында оған достарының бірі кешке та-
ман, көшеде серуендеп жүрген кезінде елеусіздеу ха бар лапты. 
Мұхтар Омарханұлы қат ты сасады, өзінің маған әңгімелеуіне 
қарағанда, есі шығып абыржығаны сонша, үйіне соғуға мұр-
шасы келмей, үс тін дегі жөнең киіммен әуежайға жетеді. Сәті 
түсіп билет табыла кетіп, кешкі ұшаққа ілігеді,  депті ака-
демик Ш. ШӨКИН «ҰҒА-ның ғұмыр жолы» кітабының 31-
32 беттерінде.  Нақ сол қарсаңда мен докторлық диссертация 


526
Медеу СӘРСЕКЕ
қорғау мақсатымен Мәскеу де жүр едім. Мұхаңды астанаға 
келген күні, К. Маркс ескерткішінің іргесінен кездейсоқ 
кездестірдім. Тым жұпыны үсті-басына таңдана қарағаным 
есімде, зи я лы Әуезовке ұқсатуға қимадым, ал ол кісі жайраңда-
ған қалпы маған жақындап келіп құшағын айқара ашты. Мен 
шошып: «Апыр-ау, Мұха, сізге не болған?» десем, ол кі сі: «Ой, 
пәлі, сұрама! Мен бүгін екінші мәр те өмірге келдім!»  деді де, 
басынан кешкен ахуалды айтып берді: ұшақтан түскен бетінде 
КСРО Мәдениет министрі П.К. Пономаренкоға барыпты, 
Пантелеймон Кондратьевич оны бөгеусіз қа был дап, мән-жайға 
түсінген соң, МГУ профессоры етіп тағайындаған бұйрықты 
(жоғарғы оқу орындары о күнде осы министрлікке қарайтын) 
қолына ұстатыпты. Мұх тар аға сол бұйрықты қалтасынан 
суырып, маған мақтана көр сетті... 
Мұн 
дай сәтте үнсіз қалуға бо 
ла ма, «Москва» мейман-
ханасының үшін ші қабатындағы мейрамханаға кіріп, қу аныш-
ты тойладық. Кешке таман «Москва» дүкеніне барып, таңдап 
жүріп, Мұ хаңа көп-көрім костюм сатып алдық...»
ІV
Уақыт көші де жарыс алаңына шыққан желаяқтар сияқты. 
Тоқтаусыз алға қарай жүгіруден жаңылмайды. Оны тоқтататын 
күш әлемде жоқ. Өзін Алланың жер бетіндегі өкілі санап, 
миллиондаған адамның тағдырын бір-ақ сөз 
бен жарылқап иә 
құрдым ға жөнелтіп отыр ған күштілер де оны тежей алмайды. 
Тәубе делік, оның да құзыры жүрмейтін сәт туады. «ГУЛАГ 
архипелагі» атанған – қа 
зақтың қу медиен кең даласынан 
теріскей шеттегі мәңгі суық аймақ, одан да әрірек Тынық мұхит 
жағасына дейінгі кең алқапта, тікенек сым мен қоршаған тұтқын 
лагерьлерінде азаттық күткен шерменделер кеудесін кере дем 
алып, жаппай дүрліккен қуанышты таң атты.
1953 жылғы наурыз айының 5-жұл 
ды 
зында И.В. Сталин 
қайтыс болды. Жұрт күткендей-ақ, КСРО Жоғарғы Кеңесі-
нің төрал 
қасы миллиондаған жазалыларға кешірім жарияла-
ды: бірінші кезекте жұмысқа кешік 
кен, қоғам мүлкін талан-
таражға салған қылмыстылар, тіпті мыңдаған содырлар, әрине 
еңбекпен түзеу лагерь лерінде оң жолға тәрбиеленді деген оңғақ 
же леумен бостандыққа шықты; ал 58-бапқа жатқызылған сая-
си тұтқындарға әлі де көп айлар бойы зарыға күтуіне тура келді. 


527
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Алайда жақсылық қарлығашы келер уақыт жақын екен: КСРО 
бас жендеті, қанқұйлы Берия да лайықты жазасын тартып, жер 
жастанды; соның артынша-ақ саяси қыл мыспен айдал ғандардың 
кең дүниеге шығар сағаты жа қын дай түсті...
* * *
1954 жылдың ақпан айында Қазақстан КП ОК бюро құрамы 
өзгеріп, алып республиканы басқаруға жаңа қайраткерлер таға -
й ындалды. Партия ұйымының тізгінін П.К. По номаренко ұстаса, 
екінші хатшы болып Л.И. Брежнев сайланады. Әділін айтқанда, 
өркениеті озық саналатын Украина, Бело русияда ұзақ жылдар 
қызмет істеп, ел бас қару мектебінен өткен білікті жандар Қа-
зақстандағы саяси әуеннің күрт өзгеруіне мұрындық бол ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет