Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет210/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   244
«Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Пекинде өткен Қытай гео-
логтарының бірінші конференциясына қатысып, Қазақстан 
ма 
мандарының геология карталарын жасаудағы тәжірибесі 
туралы баяндама жа сады. Қытайлық әріптестері ортасында 
оның хабары ерекше ынта туғызды. Өйт кені бізде сол қарсаңда 
1:3000000 масш таб та жасалған геологиялық бір-ақ карта бар-
ды. Демек, бұл салада бізде әлі мардымды еңбектер жоқ болатын. 
Қытайдың геология министрлігі осы конференциядан соң Кеңес 
Одағының кен іздеуші, әсіресе Қа зақ стан ның кәсіби маманда-
рын көп 
теп шақырып, олардың тәжірибесін үйренуді машық 
етті. Нәтижесінде біз күллі КХР атырабында жаппай ізденіс 
бастадық.
Сәтбаевтың сол сапарында мен ол кісіге ресми аударма-
шы болдым. Бір айға тақау мерзім бірге жүргенде мен ол кісінің 
ғажап тұлғасына таң болудан жалыққан емес пін: тұрмыстық 
жайттарда ерекше бап тілемейді, кіммен болсын сіз деп 
сөйлеседі, кішіпейілдігі сонша  өзінен кішіге де ізетпен қарап, 
өзіңіз біліңіз, не десеңіз  сол болсын, маған да сол қолайлы деп 
иіліп тұратын ибалы жан... Ал мен, жас кезім, неше алуан 
сұрақтар қойып, мазалай беремін. Ол кісі маған жан-жақты 
түсінік беруден жалықпайды, қайда оқығанымды, тұрмыс 
күйтімді, жұмысымның жай-жапсарын тәптіштей сұ 
рай 
ды. 
Қытайлықтар рәсімінде жасы үлкендерге әрдайым қолғабыс 
етіп, ауыр жүгін көтеруді міндеттей тін тамаша өнеге бар. Мен 
де Сәтбаевтың чемоданын көтермек болсам, ол кісі кәдімгідей 
ренжиді. «Біздің халық әйелдерге ешқашан ауыр жүк көтертпейді, 
сіз мені ұятқа қалдырасыз...»  деген соң, амал қанша?! Ға лым-
ның кісілік зор тұлғасы, сұңғыла ақыл-ойы, адамды өзіне баурап 
тұратын жар қын әлпеті менің көңілімде өшпес әсер қалдыр ғаны 
сонша, ғұмыр бойы ұмытпай, өзіме өнеге етіп келемін...»
(«Қазақстан ғылымы» апталығы, 1999 ж., 16-31 наурыз).
Зер сала қарасаңыз, қазақ ғалымының кен орындарын болжам-
дау саласындағы, әсіресе металлогения ілімін өрістету жолындағы 
түбегейлі еңбегі әлем геологтарының назарына ілігіп, сол күннің 
өзінде таңғаларлық қызығу туғызған. Амал қанша, кеңестік 
ғылымның ауқымы өте тар әрі қасаң идеологиялық қыспақта бо-


553
ШЫҒАРМАЛАРЫ
луы, Кеңес Одағының билігін ұстаған мемлекет қайраткерлерінің 
білім-танымының таяздығы, бәл кім, қазақ қауымын жайлаған 
қызғаншақ пиғыл мен пендешілік Қаныш Сәтбаев сынды алып 
тұлғаның ұлы ісін сол кезде, опат болғаннан кейін де, қысқасы, 
ол өмір сүрген ғасыр иінінде жеткілікті бағалап, әлемдік деңгейге 
даралап көтеруге мүм кін дік берген жоқ. Өкінішті жайт, кереғар 
тағылым демеске шараң жоқ!
Г.В. НЕЧИТАЙЛОНЫҢ естелігінен:
«... Алматыға жолы түскен сапарларының бірінде Н.С. Хрущев 
Қаныш Имантайұлын оңаша сұхбатқа шақырып, өзіне тән 
қарапайым һәм біршама дөрекі түрде, Ан глияға ресми барған 
кезінде Н.А. Булганин (КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы – 
М.С.) екеуі кездейсоқ тап болған қолайсыз бір жайт ты ғалымға 
өзі әңгімелепті. Бұл жайында мен президенттің өз аузынан сол 
күні естідім, сірә, көңілінің ерекше марқайған сәтіне тап болсам 
керек. Әңгіменің жай-жапсары мынадай...
Англияның премьер-министрі Энтони ИДЕН Кеңес Ода-
ғының көп ұлттан құралған алып ел екендігін мойындай оты-
рып, «Сіздер бұл істе тамаша табысқа жеттіңіздер, ал Ұлы 
Корольдікте жағдай басқаша. Мысалы, аз ұлттардың орта-
сынан жарып шыққан көрнекті тұлғалар бізде атымен жоқ. 
Академик Сәт баев сияқты Ке ңес Одағының даңқын паш еткен ай-
тулы ғалымның әлем дік аренаға шығуы  сүй сінерлік іс!» – деген-
де, «Николай Александрович екеуміз, – депті Никита Сергеевич 
қымсына күліп, – Сіз жайында, Қа ныш Имантаевич, сенесіз 
бе, ештеңе білмегендіктен, әңгімені одан әрі өрбіте алмадық. 
Иден мырза сіздің не істей 
тініңізді, қайда тұратыныңызды 
сұрағанда, мен Булганинге, ол ма ған қарап, өтірік-шыны ара-
лас бірдемені ой дан бопсалап, ақы ры, әңгімені басқа сөзге ауда-
рып, әрең құтылдық. Ал қазір, – дейді Хрущев басын сипап, – сол 
күнгі олқылығымды толтыру үшін сізді әдейі шақырдым. Міне, 
енді сізді жақынырақ біл дім, жұмысыңыз сәтті болсын, күйлі-
қуатты болыңыз!»
Ғұлама ғалым арамыздан кеткеннен кейін көп жылдан соң 
мәлім болған осы мойындау да, тегінде, академик Сәтбаевтың 
басынан кешкен қилы тауқыметтің түп себебін айқынырақ 
ұғындырса керек. 


554
Медеу СӘРСЕКЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет