Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет72/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   244
«... Егер Әулие-Ата (қазіргі Тараз қаласы – М.С.) – Қаратау – 
Жосалы – Қарсақбай аралығын оймен шолсаң, Қазақстанның 
түстік пен орталық атырабын меридиан бойынша кесіп өт-
кеніме тәнті боласың, – депті Қаныш Имантайұлы Таисия 
Алексеевнаға Атбасардан 1927 жылдың 30 тамызда жолдаған ха-
тында. – Бұл сапардың мен үшін ерекше мәнді болғанын ескерту 
қажет. Осынау көз жетпес шалқар қиырдан мен жер бедерінің, 
топырақтың, өсім 
діктің, ауа райының сан мәрте құбылып, 
сол атырапты мекендеген ел тіршілігінің де ішінара өзгеріп 
отырғанын аңғардым. Бұл жөнінен әсіресе соңғы сапар маған өте 
құнды мағлұматтар берді. Қарсақбайдың бір-біріне ұқсамайтын 
екі түрлі тірші 
ліктің шекарасында орналасқанына мен осы 
сапарда біржола тәнті болдым. Оның оңтүстігі – шөл дала 
мен сыпыра құм, ал терістігінде мүлдем өзгеше өмір – шалқар 
жайылымдар, суы мол, егістікке жарамды жері де көп. Тегінде, 
күрт өзгерістің шебі Қарсақбайдың терістігінде біршама со-
зылыңқырап барып, Жыланды өзенінің аңға рына дейін жетеді. 
Нақ осы жерде, Айыртау жотасының жоғары деңгейінде біз 
тырбық жусанның бетегелі көдеге ауысып, былайша айтқанда, 
нағыз дала басталғанын көрдік. Айыртау дың орысша балама-


173
ШЫҒАРМАЛАРЫ
сы – «екіге айырылған тау». Бұл да біздің қазақтардың аңға-
рымпаз қабілетінен туған атау.
Айыртау Ұлытауға иық тіреп тұр. Ал Ұлытау мені маңқи-
ған оқ шау кейпімен, алыстан құздиып көрі нетін ерекше паң 
биіктерімен таңғалдырды. Ұлытау – Қазақ Ордасының тари-
хи тал бесігі. Аспанға шаншылған биік шыңдары жап-жалаңаш 
сұстиған суық тұрпатымен-ақ шынында да қатпарлы ескі 
тарихқа куә, тым көне және сымбаты қайталанбайтын айбар-
лы һәм ақбас тау екенін әйгілеп, ұлылығын еріксіз мойындатқан-
дай. Менің ойымша, орыстарға Кремль қаншалықты қасиетті 
көрінсе, қазақ жұрты үшін Ұлытау да соншалықты қадірлі. 
Ұлытаудан өткен соң-ақ арғын тайпасы (Орта жүз дегі рулар 
аға санайтын қауымдастық, мен өзім де соның бір тармағынан 
өрби мін) мекендеген ұлан-ғайыр далаға тап болдық. Сірә, Ұлытау 
ылғал молырақ түсе тін алқапқа шекара болса керек... Осы жер-
ден Ұлытауға дейінгі үш жүз шақырымнан астам, ылғал жет-
кілік ті түсе тін, егіні мен өсімдігі белуардан келіп бітік өсетін 
шалқар алқапта тек қана біздің қа зақтар тұрады...»
Жезқазғандағы Кресто-Центральный қа заншұңқыры бұл өл-
кенің көне тарихының ашылып қалған бір беті тәрізді: кен қабаты 
жер бетіне өте жақын орналасқан; әмбе мы сы ағы зу ға өте қолайлы 
тотыққан қосылыс тардан тү зілген... Ескі қазындының жұр ты-
на Қаныш Имантайұлы зер сала үңі ліп, бірнеше күн әуре бол-
ды. Өлшеу де жасады: тереңдігі 6-8, ені 20, ұзындығы 750 метр. 
Қалдық мыстың құнары да көңілді көншіткендей. Есептеп қараса, 
алып қазаншұңқырдан ерте заманда ең кемі бір миллион тоннадай 
кен алынған. Сол жердегі тастанды жыныстар үймесінен түрлі-
түрлі қазу құралдары табылыпты. Бәрі де қатты кварциттер мен 
өте берік, тұтқыр тау жыныстарынан жасалған. Демек, ер те за-
ман кеншілері осынау кен көмбесінен мыс тасын қазып, сұрыптап 
алып, қажет болған жағдайда қыздырып, соңынан сумен шайқап, 
былайша айтқанда, осы заманғы «кен байыту» амалын жасап, 
ақырында мыс ағызуды жап-жақсы меңгерген. Сол өңдеудің 
өзін Жезқазғанның ескі кен төбелері Сорқұдық пен Милықұдық 
іргесінен, Сарысу бойындағы Сымтас деген жерден де тауып ерек-
ше таң болған-ды.
(Он бес жыл өтеді. Ұлытау атырабының көне тарихын зерттеп, жиған-
терген айғақтарын саралап, өз пікірін тұжырымдаған Жезқазған зерттеушісі 
бұл өңірдің неше ықылым уақыттан талай жұртқа қайырлы қоныс болғанын 


174
Медеу СӘРСЕКЕ
мәлімдейді. «Жезқазған өңіріндегі көне дәуір ескерткіштері» атты ғы-
лыми еңбегінде Қ.И. Сәтбаев былай деп жазбақ: «Көне мәдениеттің архео-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет