Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет89/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   244
«Бүгін таңертең Түркістанға келдім, директорымды да осын-
да кезіктірдім, – деп жазады Қаныш Имантайұлы келіншегіне 
19 тамыздағы хатында. – Тұрланның жағдайы мүш кіл: бұрғылау 
әлі басталмапты; дайындық жұмыстарына кешігіп кіріскен; 
не істейсің, уақытты өткізіп алған. Директор еке 
уіміз сол 
жаққа жүрмекпіз. Сірә, бұл жақ 
та ұзағырақ болармын, бұр-
ғылауды тездетіп бастауға қалай да бірдеңе іс те у ім керек... 
Директорымыз – жаңа адам, бұл жақ 
тағы жұ 
мыс 
тың жай-
жапсарын біл меудің салдарынан қолайлы кезеңді өт кізіп алған. 
Бү гін де жолға шыққысы кел мей, ертең жүрсек қайтеді деп мені 
үгіттеп бақ ты. Ал бізге мұнда түнейтін ешқандай шаруа жоқ...»
Қарсақбайға ол тамыздың 29-ы күні келеді. Келе сала құры-
лыс алаңдарын аралап, кен төбелерін кезген.
Ұлытау алқабының дүбірлі күндерді басынан кешкен ай-
шықты кезі: зауыт құрылысы санаулы күндерде аяқталмақ – 
ауыр жабдықтар орнатылып болған; қалашық едәуір үлкейіп қа-
лыпты; шахталар да көктемнен бері кен тасын тонналап шығара 


209
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бастапты; Байқоңыр мен Қарсақбай, Қарсақбай мен Жезқазған 
аралығындағы тар табанды темір жол пайдалануға берілген; ба-
йыту фабрикасының құрылысы ғана кешігетін тәрізді, басқарма 
мүшелері дереу бас қосып, мыс қо рытуды құнарлы кенмен бастауға 
шешім қа былдады... Мұның бәрі біткен істің айқын ны шандары. 
Анығында көптеген айлар бойы мыңдаған адамдардың жол мех-
натымен, даланың ұлыған боран, суығымен, баспана, азық-түлік 
тапшылығымен күресе жү ріп іргесін көтерген зауыт тынымсыз 
әрекетпен дүниеге келіп отыр. Ғайыптан тіл бітсе, Қарсақбайда 
соңғы үш жылда пайда болған әрбір тұрғын үй, зауыттың әрбір 
темірі қиыр дала төскейіне қандай бейнет, ауыр еңбекпен келгенін 
ұзақты күн әңгімелеп берер еді. 
«18 желтоқсаннан беріде Қарсақбайдың сырт өмірмен бай-
ланысы мүлдем үзіліп қалды. Нан, азық-түлік, жабдық тасу 
тоқтап тұр, – деп куәлік етеді комбинаттан Мәскеу ге жолданған 
жеделхат. – Жосалыда отырған басқарма төрағасы Бронзос жол-
дас жүз түйемен керуен ұйымдастырып, Қарсақбай ға жөнелткен 
еді. Бір мың үш жүз центнер ұн тиеген ке р у ен көк тайғақ мұз 
басқан даланы кешіп жолда келеді. Қарлы боран тоқтаған жоқ, 
аяз да қатайып барады. Керуенді қарсы алу ға комбинаттан 
40 түйемен кісі лер жөнелт тік. Бронзос жабдықтаған керуен 
Қарсақ бай ға 18 қаңтардан беріде іліге алмайды. Ал біздегі нанның 
қоры тек 15 қаңтарға ғана же теді. Күннің суықтығы бүгін отыз 
үш градусқа кө те р іл ді. Байқоңырдағы қазақ жұмыскерлерінің 
тамақ жоқтығынан жұмысқа шыға алмай үйде отырғанына 
бірнеше тәулік болды...»
Әйтсе де бір ниет, бір білекпен жұмсал ған көп жігері қиыншы-
лық атаулының бәрін де жеңді. 1928 жылғы 16 қыркүйекте шарпу 
пешіне от қойылды. Ақ түйенің қарны жарылды дерлік ұлан-асыр 
қуаныш одан әрі кешіккен жоқ. 
Бір айдан соң, 19 қазан күні, түнгі сағат он бір шамасында 
Қарсақбай зауытының конверторынан тұңғыш рет мыс бұлағы 
ағы зыла бастады. Кеңес өкіметі салған тұң ғыш мыс өндірісінің 
өнімі, тұңғыш Кеңес мысы дүниеге келді!
«Жұмысшылар мен әкімшілік-техникалық қызметкерлер-
дің ерекше жігер мен зор қуатының арқасында Қарсақбай ком-
бинатының Үлкен мыс зауыты үкімет белгілеген мерзімде өнім 
бере бастады, – деп хабарлайды Бү кіл одақтық Орталық Атқару 
Комитетінің төрағасы М.И. Калининге жолдаған жеделхатында 
осы оқиғаға арналған салтанатқа қа тысушылар. – ...Қарсақбай 
14-0196


210
Медеу СӘРСЕКЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет