Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет87/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   244
«...Қызылордадағылар, сірә, мені «Атбастрестегі» жұмысым-
нан да біржола шеттетуге келіскен сияқты. Жуық арада ресми 
бұйрық келмек. Демек, бұдан былай Қазақстанға бара алмай-
мын. Биылғы қыс, бәл 
кім, Мәскеуде қала тұрамын. Жұмыс 
жөнінде қиналмаспын, мені жұмысқа алуға мүд 
делі кеңселер 
мұнда аз емес... Он шақты күннің ішінде бәрі де белгілі болады. Сол 
кезде толығырақ жазармын. Көңіл-күй әзірше осындай, уайым 
жеп түңілгеннен аманмын. Қысқасы, Сәулем, биыл сен мен үшін 
де, өзің үшін де демалуға тиіссің... – депті 20 маусымда Алтайға 
жолдаған хатында ол. – Мұндағы достар Мәскеуде қалуға кеңес 
береді. Өзім де сол ойдамын...» 
«Әзірше осындамын, сірә, әлі де болатын сияқтымын. Қа-
зақстанға, тіпті ауылыма барып қайтуға қиыла сұранып, рұқ-
сат ала алмадым, – делінген Қаныш Имантайұлының Таисия 
Алексеевнаға 13 шілдедегі хатында. – Демек, қала шаңын жұт-
қан мезі де күйкі тірлікті қанағат етуге тиіспін. Тұрмыс 
күйтімде ешқандай өзге ріс жоқ. Жұмыстың беталысы да бәй-
мәлім. Ешкім ештеңе айтпайды, ең болмағанда, бірдеме деп 
түсіндірсе екен. Ал трест жетекшілері менің кетуіме мүлдем 
қарсы. Бұл да мен үшін рухани сүйеу. Шынында да, өз міндеті-
ме мен адал болдым, аянғаным жоқ.... РСФСР-дың ВСНХ-
сына (Кен директоратына) жұмысқа шақырып отыр немесе 
ВСЕКОПРОМСОЮЗҒА (пайдалы қазбаларды жекешелеп қазу 
бөліміне) орналасуға мүмкіндік бар. Екеуінде де материалдық 
жағдайым жаман бола қоймас (еңбекақысы қазіргіден әлдеқай-
да кө 
бірек), рухани жөнінен екеуі де қолайыма жақпайтын 
жұмыстар. Алғашқы мекемеге барсам – мамандығыммен қош-


206
Медеу СӘРСЕКЕ
тасып, қағаз қотаратын шенеунікке айналамын, әкімдік жолға 
түсемін. Екін шісі – қара бастың қамын ойлау... Геолкоммен де 
сөйлестім: «...кез келген уақытта жұмысқа аламыз» деді. Ал 
Котульский Қазақстанда биыл тұрақты ашылмақ Геолком 
бөлімшесін басқаруды ұсынды. Мұның бәріне де нақтылы жа-
уап бермей, ойланып жүрмін. Трестен еріксіз кетіретін болса, 
сірә, Геолкомды таңдармын. Ленинградта бір апта болдым... 
Жуық арада жағдайым түзелетініне сенімім күшті. Сен де 
менің уақытша сәтсіздігіме қамықпа. Күзде басымыз қосылып, 
қайткен күнде бірге тұратын боламыз... Бүгін саған жеделхат 
жолдап, бір шиша насыбай жіберуді өтіндім. Құ рып қалғыр тау-
сылып қалып, онсыз да жұқарып жүрген жүйкені қажап мазам-
ды ала берген соң, амалсыз сұрадым. Тәңір жарылқасын, жаным, 
ең құрығанда, кеуіп жүрген таңдайымды жі біт!. Туған ағамның 
жұмысында әзірше өзгеріс жоқ...»
Жуық арада дегені тек тым ұзап барады. Жаз айында, беймаза 
қалада мәлімсіз күтуден әбден зарығып, әрекетсіз отырған геолог 
жігіттің тынысы тарыла түскендей.
Қ.И. Сәтбаев – Т.А. Кошкинаға, 21 шілде, 1928 ж.
«... Жағдайым беймәлім қалпында. Көңіл-күйім де солай. Не 
себепті күйректеніп, қайғыруға тиіспін: бойымдағы күш-жіге-
рімді, білімімді күні бүгінге дейін туған елім – Қазақстан үшін 
сарқа жұмсап кел 
дім. Ау, сол үшін енді қиянат қуғындауға 
ұшырап, жалаға ұрынып, өзім ді жек көре тін қай-қайдағы біреу-
лердің күйкі әрекетінен жапа шегуге тиіспін бе?! 
Трестің жұмысы ойдағыдай деседі: зауытты жылдың аяғын-
да жүргізбек; жабдықтарды монтаждауды аяқтауға жақын 
сияқты... Электробарлау тамаша нәтиже беріпті: Жезқазған 
мен Тасқұдықтың аралығынан төрт жерден жаңа кен аномалия-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет