Ғылыми зерттеу жүргізу әдістемесіқатынасқА



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата28.11.2022
өлшемі0,85 Mb.
#53239
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
524628574258 1 lecture



1-дәріс
Кіріспе
ҒЫЛЫМИ 
ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ 
ӘДІСТЕМЕСІҚАТЫНАСҚА 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Ғылыми зерттеу жүргізу әдістемесі
Кіріспе
2
Диссертация жазудағы қиындықтың негізгі себептерінің бірі – осы зерттеуді қалай жүргізу керек, қай 
жерден бастау керек, қай жолмен жүру керек, нені жазу керек, нені жазбау керек, оны қалай жазу керек, 
жалпы жұмыстың алгоритіміне қатысты ешқандай қазақ тілді нұсқаулықтың болмауы. 
Егер ағылшынша түсінетін болсаңыз, онда https://study.sagepub.com/oleary3e сілтемесіне кіріп, сол 
жерден курсқа, кітапқа қатысты қосымша ақпараттарды қарап шыға аласыз.
Адам жаратылысынан, туыла сала білімге, ізденуге құмарлықпен туады. Абай атамыздың 7-қара сөзінде: 
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – 
тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі 
– білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына 
салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан 
ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», 
«бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін 
сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген”. 
Міне, осы Абай айтқан жан құмарлығын өсе келе қанағаттандыратын – ғылым.
Сондықтан ғылым саласы инемен құдық қазғандай қиын, күрделі болғанымен де, соңында үлкен жан 
рахатына әкеліп, көңіліңізді тыныштандыратын еш нәрсеге тең келмейтін әлемге жетелейтін жол. Ізденумен 
бәріміз айналысамыз. Мысалы, егер сіздің сүйікті әншіңіз не өзіңіз қызығатын бір қызығушылықтарыңыз 
болса, сіз ол туралы білуге құмар боласыз. Ол туралы мүмкіндігінше көп нәрсе біліп, онымен жан-жақты 
танысқыңыз келеді. Сондықтан сіз соған арнайы уақытыңызды бөлесіз, күшіңізді саласыз, міне осының 
бәрін ізденіс деп айтуға болады. Яғни, адам ізденіс жасамай жүре алмайды. Ғылымнан алшақ, ешқашан 
өзін ғылыммен байланыстырмаған адамның өзі де өзіне өміріне керек ізденістерді жүргізіп жүреді. Бірақ, 
әрине, ғылыми ізденістің жөні де, орны да бөлек. Ғылыми ізденістің өз ережелері, өз қағидалары, өз тәртібі 
бар. Көбіне жас ізденушілердің ғылыми ізденісінің қиын болып жатуының бір себебі осы тәртіптерді де 
толық білмегеннен болып жатады. Ол тәртіптерден хабардар болу сіздің ғылым жолындағы сапарыңызды 
әлдеқайда жеңіл етеді.
Ғылымда ең жиі кездесетін терминдердердің бірі онтология мен эпистемология. Онтология мен 
эпистемологияны қарапайым тілмен айтсақ, мысалы мына гүлді. Гүл бар екені бәрімізге түсінікті сияқты. 
Бірақ егер біз гүлдің онтологиясын алатын болсақ, онда бұл қандай гүл, қандай биологиялық класқа 
жатады, аты қалай аталады, қай жерде өседі, қанша уақыт өседі, қалай өседі деген сияқты осы гүлге 
қатысты барлық ақпараттар жиынын осы гүлдің онтологиясы деп айтап едік. 
Ал енді ол гүл туралы білмесек, оны енді зерттеу керек. Енді бірақ оны қалай зерттеу керек дегенге 
келгенде эпистемологияға бой бұрамыз. Өйткені эпистемология бізге айналамызды қалай тануға 
болатынын, оны тану үшін не істеуіміз керек екенін үйрететін сала. 
Осымен бәрі түсінікті сияқты болып көрінеді. Бір затты, мәселені, құбылысты көреміз, оның не екенін 
білу арқылы оның онтологиясын қараймыз, білмейтін жерімізді білуіміз үшін эпистемологияға жүгініп, 
оны зерттеп, біліп аламыз. 
Бірақ, енді оны қалай зерттеу керек дегенге келгенде тағы пікірталастар туындайды. Мысалы 
«Эмпириктердің» пікірінше, білімнің бәрі сезім мүшелері арқылы тануға болатын дүниемен шектеледі. 
Яғни, гүлді зерттейтін болсақ, онда оны біз сезім мүшелері арқылы зерттеп қана, оны тани аламыз дейді. 
Ол үшін біз оны бақылаймыз, өз бақалуымыздың нәтижелерін жазып отырамыз. Басқа осыған ұқсас 
гүлдермен салыстырамыз т.с.с.
Сондықтан олар өлшенбейтін нәрсені (онтологиясын) тануға, оның бар екенін мойындауға қиналады. 
Мысалы, кейде біз ұстап көре алмайтын, абстарктілі нәрселерді зерттеуімізге тура келеді. Ондай жағдайда 
біз ол нәрселерді ұстай алмаймыз, иісін сезе алмаймыз, көзбен көре алмаймыз, бірақ ол нәрселердің бар 
екенін іштей сезіп, білеміз. Ондай дүниелерді зерттегенде біз бәсекелес эпистемологияға сүйенеміз де, ал 
зерттеу нысаны балама онтология болады.
Мысалы, дін эпистемологиясы сеніміне арқа сүйегендер (өлшемге емес) физикалық тұрғыда көріп, 
ұстай алмаса да «ақиқатында Құдай бар» дейді. Осындай байырғы білім әдісі миф пен аңыздарды шындық 
деп қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет