16 қажетті құжаттама пакетін рәсімдейді және оның болуын тексереді.
Тестіден өткізу нәтижесі бағдарламалық өнімнің барлық кемшіліктерін
жою және оның сапасы туралы қорытынды болып табылады.
Бағдарламалық қамсыздандыруды енгізу (пайдалануға енгізу), әдетте, келесі қадамдарды көздейді:
■
бағдарламалық жүйені орнатуды;
■
пайдаланушыларды оқытуды;
■
құжаттауды (тиісті бұйрықтарды, қабылдау актілерін және т.с.с.
беру).
Кез келген әзірлемеге толық құжаттама пакеті қоса беріледі, ол
бағдарламалық өнімнің сипаттамасынан, пайдаланушы нұсқаулығынан
және жұмыс алгоритмінен тұрады. Бағдарламалық қамсыздандырудың
жұмыс істеуін сүйемелдеу әзірлеушінің техникалық сүйемелдеу
тобымен жүзеге асырылуы тиіс.
Сүйемелдеу - бұл жеткізілетін бағдарламалық қамсыздандырудың
жаңа жағдайларға бейімделу, бағдарламалық қамсыздандыруға және
оның негізгі функцияларының өзгертілмей сақталған кезде түрін
өзгертуге қажеттіліктермен немесе пайда болған проблемалармен
туындаған өзгерістерді енгізу процесі.
Бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклының әрбір
сатысының шекаралары кейбір уақыт мезетімен анықталған, мұнда
белгілі бір қиын шешімдерді қабылдау және белгілі бір түйінді
мақсаттарға қол жеткізу қажет болады.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛЫНЫҢ ПРОЦЕСТЕРІ Бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклы бойында өтетін
барлық процестер әрекеттер жиынтығына бөлінген, әрбір әрекет -
міндеттердің жиынтығына бөлінген. Бұрын айтылған ГОСТ Р
ИСО/МЭК 12207-2010 «Ақпараттық технология. Жүйелік және
бағдарламалық инженерия. Бағдарламалық құралдардың өмірлік
циклының процестері» стандарты осы әрекеттерді айқындайды. Бұл
стандарт қалыптасқан терминологияны қолдана отырып, бағдарлама
индустриясымен бағдарланатын бағдарламалық құралдардың өмірлік
цикл процестерінің жалпы құрылымын белгілейді. Стандарт
бағдарламалық өнімді немесе қызметті сатып алынғанда, сондай-ақ
бағдарламалық өнімдерді жеткізу, әзірлеу, мақсатына қарай қолдану,
сүйемелдеу мен қолданылуын тоқтатқан кезде қолданылатын
процестерді, қызмет түрлері мен міндеттерді айқындайды.