К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет2/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195
Байланысты:
foreign 745

Құрметті оқырман!
 
Бұл оқу құралы «Компьютерлік жүйелерде бағдарламалау» 
мамандығы бойынша Оқу-әдістемелік жиынтықтың бөлігі болып 
табылады және «Бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу» кәсіби 
модулін зерделеуге арналған.
Жаңа буынның оқу-әдістемелік жинақтары жалпы білім беру және 
жалпыкәсіби пәндер мен кәсіби модульдерді танып білуді қамтамасыз 
етуге мүмкіндік беретін дәстүрлі және инновациялық оқу 
материалдарынан тұрады

Әрбір жинақ жалпы және кәсіби 
құзыреттілікті, сонымен қатар жұмыс берушінің талаптарын ескеруді 
меңгерту үшін қажетті оқулықтар мен оқу құралдарынан, оқыту және 
бақылау құралдарынан тұрады.
Оқу басылымдары электронды білім беру ресурстарымен 
толықтырылып отырады. Электронды ресурстар, интерактивті 
жаттығулары мен тренажерлары бар теориялық және практикалық 
модульдардан, мультимедиялық нысандар мен интернеттегі қосымша 
материалдар мен ресурстарға сілтемелерден тұрады. Жинаққа оқу 
процесінің негізгі параметрлерінде бекітілген: жұмыс уақыты, бақылау 
және тәжірибе жұмыстарының орындалу қорытындысы белгіленетін 
электронды журнал және терминологиялық сөздік енгізілген.
Электронды ресурстарды оқу барысына енгізу жеңіл және оны басқа да 
оқу бағдарламаларына бейімдеп алуға болады 


4
 
Алғысөз
 
Заманауи бағдарламалық қамсыздандыруды құру - бұл оған 
қатысатын мамандардың жоғары біліктілігін талап ететін ұзақ, 
логикалық күрделі және еңбекті көп қажетсінетін жұмыс. Ұсынылып 
отырған оқу құралының мақсаты - бағдарламалық қамсыздандыруды 
әзірлеу 
және 
пайдаланудың 
негізгі 
принциптері, 
сондай-ақ
пайдаланушылар талаптарының артуына жауап беретін заманауи 
бағдарламалық өнімдерді алу үшін CASE-құралдарын пайдалану 
мүмкіндіктері жөнінде жүйелендірілген білімді қалыптастыру. 
Оқу 
құралында 
бағдарламалық 
қамсыздандыруды 
әзірлеу 
технологияларын ұйымдастыру принциптері, негізгі ережелері мен даму 
перспективалары толық қарастырылған. Бағдарламалық өнім мен оның 
сүйемелдеуші процестерінің өмірлік циклының ұғымы айқындалған. 
Бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді біріктіруге қойылатын 
түрлі тәсілдер ашылған. Бағдарламалардың сипаттамалары мен 
параметрлерін өлшеуге арналған құралдарға талдау жасалған, олардың 
тиімділігін 
бағалау 
әдістері 
қарастырылған. 
Бағдарламалық 
қамсыздандырудың сапа стандарттары, бағдарламалық құжаттаманы 
әзірлеу әдістері мен құралдары қарастырылған.
Оқу құралы Федералды мемлекеттік білім беру стандартының ОКБ 
талаптарына сәйкес «Компьютерлік жүйелерде бағдарламалау» 
мамандығы бойынша «Бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу» 
кәсіби модулі бойыша даярланған және автордың практикалық қызметі 
процесінде жиналған материалдарға негізделеді.
Оқу құралы үш тараудан тұрады, олардың әрқайсысы кәсіби 
модульдің құрамындағы пәнаралық курсқа сәйкес келеді.
1. «Бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу технологиясы». 
2. «Бағдарламалық 
қамсыздандыруды 
әзірлеудің 
аспаптық 
құралдары». 
3. «Құжаттау және сертификаттау». 
«Бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеудің аспаптық құралдары» 
және «Құжаттау және сертификаттау» пәнаралық курсы практика-




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет