К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет142/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   195
Байланысты:
foreign 745

.NET орындау ортасы 
 
.NET Framework платформасының ең маңызды компоненті, 
бағдарлама орындалатын ортаны таныстыратын CLR (Common 
Language Runtime) болып табылады. Оның басты рөлі .NET типтерін 
анықтау және жүктеуді және алынған командаларға сәйкес оларды 
басқаруды жүзеге асыру. CLR құрамына, көбінесе виртуалды Java-
машинасына ұқсас виртуалды машина кіреді. Жоғарғы деңгейде, орта 
нысандарды іске қосады, қауіпсіздігін тексереді, жадыға нысандарды 
орналастырады, оларды орындайды, сондай-ақ қоқыс жинағышты іске 
қосады (қоқыс жинау дегеніміз - пайдасыз және қосымшаның кейінгі 
жұмысында қолданылмайтын нысандарымен орын алынған жадыны 
босату түсіндіріледі). 
.NET-қосымшалар, дәстүрлі Windows-қосымшаларға қарағанда 
басқаша орынлдалады. Мұндай бағдарламалар екі сатымен 
компиляцияланады (10.2-сурет). 
Бірінші кезеңінде 
бастапқы код жобаны құру кезінде 
компиляцияланады және машиналық коды бар орындалатын 
файлдардың орнына бірінші құрастырма пайда болады (assembly), оның 
құрамына MSIL (Microsoft Intermediate Language - Microsoft аралық тілі) 
аралық тілінің командалары кіреді. IL коды дискідегі файлда сақталады. 
Сонымен бірге, компилятормен түрлендірілетін MSIL (қысқаша IL) 
файлдары, мысалы С#, басқа .NET тілдерінің компиляторларымен 
түрлендірілетін IL-файлдарға ұқсас. Осы мағынады, платформа тілге 
қатысты бейтаныс болып қалады. CLR ортасының ең маңызды 
сипаттамасы оның үлкендігінде болып табылады; бір орта С# жазылған 
бағдарламалармен бірге, VB.NET тіліндегі бағдарламаларды да 
орындайды.


221 
10.2-сурет. Компиляцияның екі кезеңді процесі 
Компиляцияның екінші кезеңі бетті тікелей нақты орындаудың 
алдында орын алады. Осы кезеңде CLR, процессормен орындалатын 
аралық IL кодын төменгі деңгейлі өзіндік машиналық кодта 
трансляциялайды. 
Процесс 
келесі 
түрде 
жүргізіледі: 
.NET-
бағдарламаны орындау барысында CLR жүйелері JIT-компиляторды 
белсендіреді, ол кейінірек MSIL-ді процессордың ішкі кодына 
айналдырады. Бұл кезең «нақты қажетті сәтте» (Just-In-Time) жедел 
компиляциясы немесе JIT-компиляция түрінде танымал, және ол барлық 
.NET қосымшалар үшін бірдей өтеді (мысалы, Windows қосымшаларын 
қоса алғанда). 
Осылайша, .NET компиляциясы құрастырушыларға қолайлы жағдай 
жасау мен жинақылық мақсатында екі кезеңге бөлінеді. Төменгі 
деңгейлі машиналық кодты құрудың алдында компиляторға 
қосымшаның қандай операциялық жүйеде және қандай негізгі жабдықта 
жұмыс істейтіндігін білу қажет. Компиляцияның екі кезеңінің 
арқасында .NET коды бар компиляцияланған құрастыруды құруға және 
оны бірден артық платформаған үлестіруге болады. 


222 
CLR орындау ортасы жадыны, ағындарды басқаруды, кодты 
орындауды, код қауіпсіздігін тексеруді, компиляцияны және басқа 
жүйелік қызметтерді басқарады. Бұл құралдар басқарылатын код үшін 
ішкі болып табылады, ол CLR ортасында орындалады. Орындау 
ортасына жүгінетін кодты басқарылатын код деп атайды, ал 
жүгінбейтінді - басқарылмайтын деп атайды
.
CLR орындау ортасы кодқа арналған рұқсатты басқаруды 
қамтамасыз етеді. Мысалы, пайдаланушылар веб-парақшаға енгізілген 
орындалатын қосымшаға, оларға жеке деректерге, файлдық жүйеге 
немесе желіге рұқсат алуға жол берместен, экрандағы аниммацияны 
жаңғыртуға немесе дыбыс жазуға сенім білдіре алады.
CLR орындау ортасы да, жалпы типтер жүйесі (CTS) деп аталатын 
қатаң типтендіру және кодты тексеру инфрақұрылымын іске асыра 
отырып, 
кодтың 
сенімділігін 
қамтамасыз 
етеді. 
Microsoft 
корпорациясының және тәуелсіз өндірушілердің әртүрлі тілдік 
компиляторлары, 
жалпы 
типтер 
жүйесін 
қанағаттандыратын, 
басқарылатын кодты құрады. 
Мұнан басқа, орындаудың басқарылатын ортасы бағдарламалық 
қамсыздандырумен жиі орын алатын проблемаларды алып тастайды. 
Мысалы, CLR нысандарды, олар пайдаланылмайтын кезде оларды 
босата отырып, орналастыруды және нысандарға сілтемелерді 
автоматты түрде басқарады. Жадыны автоматты түрде басқару 
қосымшалардың екі жиі кездесетін қателерін алып тастайды: жадының 
кемуі және жадыға жарамсыз сілтемелер.
CLR орындау ортасы да құрастырушылардың өнімділігін артырады. 
Мысалы, бағдарламашылар бағдарламаны қарастырудың үйреншікті 
тілінде жазады. Бұл кезде кластар кітапханасын және басқа 
құрастырушылардың басқа тілдерде жазған компоненттер сияқты 
орындау ортасының барлық артықшылықтарын пайдаланады. Орындау 
ортасы 
болашақ 
бағдарламалық 
қамсыздандыруға 
құрастырылғандығына 
қарамастан, 
сондай-ақ, 
ол 
ескірген 
бағдарламалық қамсыздандыруды қолдайды. Басқарылатын және 
басқарылмайтын кодтардың өзара әрекеттестігі құрастырушыларға 
COM қажетті компоненттерін және DLL кітапханасын пайдалануға 
мүмкіндік береді. .NET Framework платформасы орындаудың бірнеше 
негізгі ортасын беріп қана қоймай, сонымен қатар тәуелсіз өндірушілер 
орындаудың негізгі құралдарын құрастыруды қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет