27 білдіреді;
■
процесс сапасын қамтамасыз ету - БҚ ӨЦ процестерінің, әзірлеу
әдістерінің, қызметкерлердің белгіленген стандарттар мен
процедураларға біліктілігі мен әзірлеу ортасының сәйкестігіне
кепілдікті білдіреді;
■
жүйе сапасының өзге көрсеткіштерін қамтамасыз ету - шарт
талаптарына және ISO 9001 стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
Бірлескен бағалау, тексеру, анықтау, аттестаттау сапа кепілдігінің
тәсілдері ретінде қолданылуы мүмкін.
Тексеру процесібағдарламалық қамсыздандыруды жобаға түрлі
тәуелділікпен анықтап тексеруге арналған әрекеттерді (сатып алушы,
жеткізуші немесе тәуелсіз тарап үшін) анықтайды. Тексеру шағын
мағынасында бағдарламалық қамсыздандырудың дұрыстығын дәлдеп
тексеруді білдіреді.
Тексерудің мақсаты кепілдікке жету болып табылады, анықталып
тексерілетін нысан (талап немесе бағдарлама коды) көзделмеген
функцияларсыз іске асырылмаған және жобалық сипаттамалар мен
стандарттарды қанағаттандырады.
Тексеру процесі код инспекциясын, тестілеуді, тестілеу нәтижелерін
талдау, проблемалар туралы есепті қалыптастыру мен талдауды
қамтиды. Осылайша, тестіден өткізу процесі тексеру процесінің
құрамдас бөлшегі болып табылатындығын есептеу қабылданған.
Тексеру түрлі тәуелсіздік деңгейлерімен жүргізілуі мүмкін.
Тәуелсіздік дәрежесі орындаушының тексеруді орындауынан немесе
осы ұйымның басқа маманының орындауынан бастап түрлі нұсқалары
бар өзге ұйымның мамандарының орындауына дейін болуы мүмкін.
Егер тексеру процесі жеткізуші, әзірлеуші, операторы немесе
сүйемелдеу қызметіне байланысты емес ұйыммен жүзеге асырылса,
онда ол тексерудің тәуелсіз процесі деп аталады.
Тексеру процесінде келесі шарттар тексеріледі:
■
жүйеге қойылатын талаптардың қарама-қайшы болмауы және
пайдаланушылардың қажеттіліктерін есепке алу дәрежесі;
■
жеткізушінің белгіленген талаптарын орындау мүмкіндіктері;
■
бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклының таңдап
алынған процестерінің шарт талаптарына сәйкестігі;
■
бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклының процестерін
әзірлеу
ортасының,
стандарттарының,
процедураларының
сәйкестігі;
■
БҚ жобалық сипаттаманың берілген талаптарға сәйкестігі;
■
кіру және шығу деректерінің жобалық сипаттамаларында,
оқиғалардың бірізділігінде, интерфейстерде, логикада сипаттамасын