56
Әрбір итерацияда жоба бөлшектері тереңдетіліп және ізінше
нақтыланады, соның нәтижесінде соңғы іске асыруға дейін жеткізілетін
негізделген нұсқа таңдап алынады.
Шиыршықты модельді қолдану
жобаны орындаудың келесі
сатысына өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ол ағымдағы сатының
аяқталуын күтуді қажет етпейді - толық орындалмаған жұмысты келесі
сатыда орындауға болады. Әрбір итерацияның басты міндеті - жүйе
пайдаланушыларына көрсетуге болатын жұмысқа қабілетті өнімді
тезірек көрсету. Осылайша, жобаға анықтап алу мен толықтыруларды
енгізу процесі де біршама жеңілдейді.
Шиыршықты модельдің артықшылықтары. Бағдарламалық
қамсыздандыруды әзірлеуге шиыршықты
тәсіл каскадты модельдің
біршама кемшіліктерін өткеруге мүмкіндік береді және сонымен қатар,
әзірлеу процесін икемді ете отырп, қосымша мүмкіндіктердің қатарын
қамтамасыз етеді.
Маңызды артықшылықтарының бірі тәуекел деңгейін азайту болып
табылады. Тәуекел біріктіру кезінде анықталады, сол себепті тәуекел
деңгейі жобаны әзірлеуді бастаған кезде максималды. Әзірлеудің алға
жылжуына қарай тәуекелдің күтілген деңгейі азаяды. Бұл кез келген
әзірлеу
моделі кезінде әділетті, алайда шиыршықты модельді
қолданғанда тәуекел деңгейінің азаюы көбірек үлкен жлдамдықпен
болады. Бұл итерациялы тәсілде біріктіру бірінші итерацияда
болатындығымен байланысты, және бастапқы итерацияларда жобаның
көптеген
аспектілері, мысалға, қолданылатын аспаптық құралдардың
және
бағдарламалық
қамсыздандырудың
жарамдылығы,
әзірлеушілердің біліктілігі және т.с.с. анықталатын болады. 2.6-суретте
кестелерді салыстырғанда тәуекел уақытының каскадты және
шиыршықты модель үшін әзірлеу уақытына тәуелділігі берілген.
Итерациялық әзірлеме жобаны басқаруда үлкен икемділікті
қамтамасыз етеді, әзірленетін бұйымға тактикалық өзгерістерді енгізуге
мүмкіндік
береді.
Мысалы,
әзірлеу
мерзімдерін
жүйенің
функционалдылығын қысқарту арқылы болады немесе жүйенің
құрамдас бөлшегі ретінде өз әзірлемелерінің
орнына басқа тараптық
фирмалардың өнімдерін қолдану. Бұл бәсекелестердің ұсынған
өнімдерінің алға жылжуына қарсы келе алатын бәсекелестік
жағдайларда өзекті болуы мүмкін.