Биология • адам денесі • ЖҮрек және қАН



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата28.11.2022
өлшемі1,29 Mb.
#53313
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жүрек және қан

• Ұсынылатын фильм 

– Қан
• Адамның тасымалдау жүйесі неден құралады?
Жүрек артериялармен және веналармен 
байланысқан
Қосымша сұрақ
С2. Екілік қан айналым жүйесінің қандай артықшылығы бар?
Қан екілік қанайналым жүйесінде екі рет айдалатындықтан, жоғары қысымды сақтауға болады, ал осы 
қысымның арқасында қан үлкен жылдамдықпен таралып, оттегі мен қоректік заттарды жасушаларға тезірек 
тасымалдап отырады. 
ДИАГРАММА 02:


БИОЛОГИЯ • АДАМ ДЕНЕСІ • ЖҮРЕК ЖӘНЕ ҚАН
3
• Қан тасымалдау қызметіне қалай бейімделген?
Қан – жасушалардан тұратын сулы 
сұйықтық. Қанның сулы бөлігі плазма деп 
аталады, ол қанның көлемінің жартысын 
құрайды. Су зат тасымалдау үшін өте 
ыңғайлы,ол – глюкоза, аминқышқылы, 
минералдар, иондар және несеп сияқты 
заттарды өте жақсы сұйылтатын еріткіш. 
Қанның қалған бөлігі жасушаның үш 
түрінен тұрады: эритроциттер, лейкоциттер 
және тромбоциттер. Әсіресе, эритроциттер 
өте көп кездеседі. Олардың ядролары 
болмайды және құрамында гемоглобин 
деп аталатын ақуыз көп мөлшерде болады, 
ал осы гемоглобин эритроциттерге 
қызыл түс береді. Оттегі гемоглобинмен 
қосылып, оксигемоглобин түзеді, сол 
арқылы оттегі ағзаның оттегіні қажет ететін 
жасушаларына тасымалданады. 
• Ұсынылатын фильмдер 
 – Қан
 – Қанның түсі неге қызыл?
• Ұсынылатын жаттығу
 – Дайын қан жұғындысын 
микроскоппен зерттеңіз
2-бөлім: Қан
ДИАГРАММА 03:
Қосымша сұрақтар
С3. Эритроциттер өз қызметіне қалай бейімделген?
Эритроциттер екі жаққа иілген диск тәріздес болып келеді, бұл олардың оттегіні тиімді пайдалану үшін беттік 
ауданының үлкен болуына мүмкіншілік береді. Оларда ядро болмайды, оның есесіне оттек тасымалдайтын 
гемоглобиндер мөлшері өте көп. 
С4. Эритроциттер қанша уақыт өмір сүреді?
Эритроциттер 120 күн өмір сүреді. Оларда ядро болмағандықтан, олар бөлінбейді, сол себепті жаңа 
эритроциттер сүйек майының арнайы жасушаларынан түзіледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет