1
Жүрек
және қан
БИОЛОГИЯ • АДАМ ДЕНЕСІ • ЖҮРЕК ЖӘНЕ ҚАН
Адамдар – үлкен
ағзалар, сол себепті
жасушалардың көбісі
қажетті
заттарды қорға
жинайтын немесе қажет
емес заттарды сыртқа
шығаратын мүшелерден
алыс орналасқан.
Мысалы, тасымалдау
жүйесі
глюкоза және
аминқышқылдары сияқты
тағам молекулаларын
асқорыту жүйесінен
жинақтап, оларды бүкіл
ағзаның жасушаларына
таратады.
Бауырда
түзілетін несеп сияқты
қалдықтар сыртқа
шығарылу үшін бүйрекке
жеткізілуі тиіс.
• Ұсынылатын фильм
– Қан
Қан тамырлары қанды
бүкіл ағзаға тасымалдайды
• Адамдарға тасымалдау жүйесі не үшін керек?
1-бөлім: Қанайналым жүйесі
ДИАГРАММА 01:
Қосымша сұрақ
С1. Қан арқылы қандай заттар тасымалданады?
Маңызды заттардың біріне оттегі жатады, ол өкпеден қан арқылы жинақталып,
әрбір жасушаға тыныс алу
үшін жеткізіледі.Сондай-ақ, маңызды заттарға көмірқышқыл газы, глюкоза, аминқышқылы, минералдар,
витаминдер, несеп, гормондар және антиденелер жатады.
БИОЛОГИЯ • АДАМ ДЕНЕСІ • ЖҮРЕК ЖӘНЕ ҚАН
2
Адамның тасымалдау жүйесі әртүрлі
түтікшелер (артериялар, веналар,
капиллярлар секілді қан тамырлары)
жиынынан, сорғыдан (жүрек) және қан
тамырлары бойымен қозғалатын сұйықтықтан
(қан) құралады. Ол тұйық қанайналым
жүйесіне жатады,
онда заттар қанға сіңгенше
немесе сыртқа шығарылғанша қан шеңбер
бойымен қозғалатынын білдіреді. Шеңбер
бойымен қозғалыс кезінде қан жүректен екі
рет өтеді, сондықтан да адамның тасымалдау
жүйесі екілік қанайналым жүйесіне жатады.
Қан жүректен газ алмасу үшін (көмірқышқыл
газы мен оттегі)
өкпеге өтеді, кейін ағзаның
барлық бөлігіне тасымалданып, қайтадан
жүрекке жетеді. Сондықтан да жүрек екі
бөліктен тұрады,
бірінші бөлігі қанды өкпеге
итеру үшін, ал екіншісі қанды ағзаның басқа
бөліктеріне жеткізу үшін қажет.