Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


ПРОФЕССОР НҰРЖАМАЛ ОРАЛБАЙҚЫЗЫ 90 ЖАСТА



Pdf көрінісі
бет19/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   255
Байланысты:
zhinak

ПРОФЕССОР НҰРЖАМАЛ ОРАЛБАЙҚЫЗЫ 90 ЖАСТА
Р.Ə.Шаханова, п.ғ.д., профессор
Ж.Қ.Балтабаева, п,ғ.д., профессор
Ж.Н.Сүлейменова, п.ғ.д., профессор
Көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, профессор Нұржамал Оралбайқызы 1928 жылы мамыр 
айының 15-де Павлодар облысы Баянауыл аулында Оралбай Қощығұлұлының отбасында дү-
ниеге келді. Павлодар қаласы мен Майқайың селосының мектебін бітірген соң, 1944 жылы 
Қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі мен əдебиеті факультетіне қабылданып, 
3-курста Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына ауысып, оны 1949 жылы үздік 
бітіріп, аспирантураға қабылданды.
1956 жылы профессор Сəрсен Аманжоловтың ғылыми жетекшілігімен «Қазақ жазуы-
ның Қазан төңкерісінен кейінгі тарихы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, 
1962 жылы доцент атағын алады. 1952 жылдан 1975 жылға дейін Абай атындағы Қазақ пе-
дагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор қызметтерін атқар-
ды.
1971 жылы «Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары» деген тақырыпта 
докторлық диссертация қорғап, 1972 жылы филология ғылымдарының докторы ғылыми 
дəрежесін, ал 1973 жылы тіл білімі бойынша профессоры ғылыми атағын алды. 
1975 жылдан 1989 жылға дейін ҚР Ғылым Академиясы Тіл білімі институтында, аға 
ғылыми қызметкер, жетекші, бас ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды.
1989 жылдан педагогтік қызметке ауысып, 1997 жылға дейін Абай атындағы Қазақ пе-
дагогикалық университетінің Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1990-
1991 жылдары осы университеттің проректоры қызметінде болды. 
1992-1994 жылдары профессор Н.Оралбай Түркия Республикасының Анкара универси-
тетінде түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің грамматикалық құрылысы жайында дəріс 
оқыды.
Нұржамал Оралбайқызы қазақ тіл білімінің жазу тарихы, графика, орфография мəселе-
лерімен, қазақ тілінің морфология жəне сөзжасам салаларын зерттеумен шұғылданған. Ға-
лым қазақ тіл білімінің теориялық мəселелерімен қатар, оқыту əдістемесі мəселелерімен де 
айналысты. Оның еңбектері тек ірі басылымдарда ғана емес, сонымен қатар, бұрынғы Кеңес 
Одағы көлеміндегі «Советская тюркология» журналында, Новосибирскіде, Ташкентте, Қа-
занда, Түркия т.б. мемлекеттерде жарық көрген. 


31
Ғалым республикалық конференциялармен қатар, Анкара, Кипр, Анталия қалаларын-
да өткізілген халықаралық конференция, симпозиум, құрылтайларда түркі тілдерінің өзекті 
мəселелеріне арналған баяндамалар жасады.
200-ден астам ғылыми, ғылыми-əдістемелік, көпшілікке арналған еңбектердің авторы, 
профессор Н.Оралбайдың ғылыми шығармашылығы сан алуан.
Ең алдымен қазақ тілі морфология саласынан жарық көрген еңбектерінен “Етістіктің 
грамматикалық категориялары” (1986), “Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық 
форманттары” (1975) “Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттарының 
құрылымы мен мағынасы” (1979), “Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі” (1986, А.Қалы-
баевамен бірге) , “Қазіргі қазақ тілінің морфологиясынан əдістемелік нұсқаулар” (1959,1961, 
1971,1981) т.б. айтуға болады. Н.Оралбай 1971 жылы түркология, соның ішінде қазақ тілінің 
теориясына үлкен үлес қосқан “Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формантта-
ры” атты тіл құрылымындағы өзекті мəселе төңірегінде докторлық диссертация қорғады. Бұл 
қазақ тілі морфологиясындағы ең күрделі де көлемді сөз табы етістікке қатысты зор жаңалық 
болды. Сөздің аналитикалық формасы – тіл біліміндегі жаңа танылып жүрген теория еді. 
Н.Оралбайқызы қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары теориясының қазақ тіл 
білімінде тұңғыш жан-жақты қарастырып, осы ілімнің негізінің жасады, қалыптастырды. Ол 
алғаш қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманты теориясын ашты. Ғалым аналитика-
лық форма ілімінің тіл ғылымында жаңа сала болып танылатынын, аналитикалық формант 
түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де тиесілі екенін дəлелдеді. Бұл сындарлы ғылы-
ми тұжырым тіл ғылымында даусыз танылғаны рас. Н.Оралбай қазақ тіліндегі етістіктердің 
аналитикалық форманттарының тіл құрылымында алатын орны мен мəн маңызына, өзіндік 
ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқтала отырып, мұралар тіліндегі фактілермен салысты-
рып-салғастыра отырып, жан-жақты талдап-таразылайды. Автор еңбегінде күрделі етістіктің 
өзіндік табиғатын ашып, оның екі тең мағыналы сыңардан тұрып, біртұтас мағына беріп, 
сөзжасам объектісіне айналатындығын да алғаш айтты. Осы тұрғыда ерекше атап өтетін бір 
жайт – ғалымның бұрын-соңды танылмай жүрген етістіктің аналитикалық форманттарының 
категорияларға қатысы мəселесінің кейінгі кездері талай ғылыми-зерттеу жұмыстарының 
нысанасына айналып, ос салада біраз шəкірт тəрбиеледі. Сондай-ақ аталған теория қазақ 
тіл білімінде даусыз қабылданып, термині қалыптасып, А.Ысқақовтың “Қазіргі қазақ тілі” 
(морфология) атты жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен əдебиеті пəні мамандығына ар-
налған оқулығына енгізілді. Осы мəселені зерттеу барысында Н.Оралбайқызы қазақ тілінде 
қимылдың, амалдың қалай өткенін сипаттау категориясы барын ашты. Қазақ тіл ғылымы-
ның көрнекті өкілі Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алған күрделі сөз мəселесі, кейін орыс 
тіліндегі “вид” категориясымен, сондай-ақ аналитикалық формалы етістікке сырттай ұқсас 
күрделі етістікпен шатастырылып келген қимылдың өту сипаты категориясы алғаш рет осы 
еңбекте зерттеліп-зерделеніп, дəлелденеді. Зерттеу еңбегінде категорияны ғылыми тұрғыда 
қазақ тілінің бай материалдары арқылы жан-жақты қарастырып, оның ішкі бай мағыналық 
құрылымы мен берілу жолдарын, синтетикалық жəне аналитикалық формаларын, категория-
лардың бай көрсеткіштерін байыппен зерделеп, нақтылы анықтап, дəлелдеп, осы категория-
ның теориялық негізін жасады. Аталмыш категория 2002 жылғы “Қазақ грамматикасы” атты 
іргелі еңбектен де орын алған. 
Осы еңбекте нөлдік морфема мен нөлдік форманы жүйелі түрде тілдің грамматикалық 
құрылысымен байланысты, жан-жақты дəлелдеген – Н.Оралбайқызы. Ғалым морфеманы 
тілдік таңба тұрғысынан, мағыналық оппозиция тұрғысынан, синтагма тұрғысынан жан-
жақты дəлелдеген, оларды сөздің түрлену жүйесі бойынша зерттеген. Оны осы еңбектегі 
“Парадигмалар жүйесіндегі нөлдік морфема мен нөлдік форма” деген тақырыптан көруге 
болады. Көмекші морфемалар тобындағы нөлдік морфема мəселесін 1976 жылы алғаш С.И-
саев пен Н.Оралбай көтерген еді. Профессор С.Исаев бұл мəселені “Грамматикалық мағына 


32
мен форманың сəйкестігі жəне нөлдік тұлға” деген мақаласында көтерген еді. Осы идея-
ны ол “Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар” деген 1992 жылғы еңбегінде, 
“Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты” деген 1998 жылы шыққан еңбе-
гінде жалғастырып, дамытып, дəлелдеген. Сөздің нөлдік формасын 2002 жылы жарық көр-
ген іргелі еңбек “Қазақ грамматикасына” енгізді. Ғылымның соңғы жетістіктері негізінде 
жазылған бұл грамматикаға нөлдік форма мəселесінің кіргізілуін нөлдік морфема, нөлдік 
форма мəселесінің ғылымда танылуы деп бағалау керек. 
Н.Оралбай “Проблемы нулевой формы и нулевого слова в грамматическом строе 
тюркских языков” (1976) деген мақаласында қазақ тілі ғана емес, жалпы түркі тілдерінде-
гі нөлдік форманы сөз етіп, оны тілдік фактілермен дəлелдеген. Н.Оралбай нөлдік морфе-
ма мəселесін əрі қарай зерттеп, 1986 жылы жарық көрген А.Қалыбаевамен бірге шығарған 
“Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі” атты монографияның нөлдік морфема мен нөлдік 
формаға бір тарауын арнады. Бұл еңбекте ғалым бұл мəселені жан-жақты зерттеп, оның те-
ориялық негізін жасады. Аталған монографияда нөлдік морфема тілдегі морфемалар жүй-
есінің бір мүшесі деп саналған, оның тілдің сөзжасам жүйесінен де, грамматика жүйесінен 
де кең орын алатынын дəлелдеген. Қазақ тілінде нөлдік морфема мен ол арқылы жасалатын 
сөздің нөлдік тұлғасы барын монографияда жан-жақты дəлелдеген. Атап айтқанда, нөлдік 
морфеманы тілдік таңба теориясы тұрғысынан, нөлдік морфеманы мағыналық оппозиция 
тұрғысынан, нөлдік морфеманы синтагма тұрғысынан жан-жақты дəлелдеген. Сонымен бір-
ге морфологиядағы сөз түрлендіретін парадигмалардан, яғни грамматикалық категориялар 
жүйесінде нөлдік морфема мен сөздің нөлдік тұлғасын нақтылы көрсетіп, оларды ғылыми 
негізде дəлелдеген. Айталық, септік жүйесіндегі атау септіктің, ілік, табыс, шығыс, көмектес 
септіктердің нөлдік морфемасы бары нақтылы тілдік деректермен дəлелденген. Сол сияқты 
тəуелдік категориясының, сандылық категориясының, бұйрық райдың нөлдік морфемала-
ры, етістіктің болымдылық-болымсыздық категориясының болымдылық мағынасының нөл-
дік морфемасы, нақ осы шақтың нөлдік морфемасы жəне нөлдік тұлғалары бары теориялық 
тұрғыда, нақтылы тілдік деректермен дəлелденген. Бұл айтылғандардан тілдегі граммати-
калық категориялардың бəрінде нөлдік морфема мен нөлдік тұлғаның бары ғылыми негізде 
дəлелденді.
Көмекші сөздер мəселесі – ғылымда көптен сөз болып келе жатқан мəселе. “Қазіргі қа-
зақ тілінің морфемалар жүйесі” атты монографияда Н.Оралбайқызы “Қазақ тіліндегі көмек-
шілер” тарауын жазып, онда қазақ тіліндегі көмекші сөздердің барлық түрін анықтаған. Ең-
бекте көмекші сөздердің мына түрлері көрсетілген: көмекші есімдер, көмекші етістіктер, 
шылаулар, модаль сөздер, күшейткіш үстеулер. Осы көмекшілердің алғашқы үш түрі (көмек-
ші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар) аталып, танылып келгені белгілі. Ал модаль сөз-
дер мен күшейткіш үстеулерді көмекшілер қатарына қосқан, олардың көмекшілік қызметін 
ғылыми тұрғыда дəлелдеген Н.Оралбайқызы екенін атау қажет. Бұған еңбекте көмекшілердің 
түрлерінің анықталғаны - дəлел. 
Профессор Н.Оралбайдың өте маңызды ғылыми табыстары, жетістіктері сөзжасам мəсе-
лесімен байланысты. Сөзжасам грамматиканың морфология саласында қаралып, онда əр 
сөз табының сөзжасамы қысқаша қамтылып келгені - белгілі жағдай. Ал сөзжасамның тіл 
білімінің дербес саласы екені «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деген 1989 жылғы мо-
нографияда жан-жақты ғылыми негізде дəлелденді. 1990 жылдан бастап сөзжасам қазақ тілі 
мамандарын дайындайтын барлық жоғары оқу орындарында жеке пəн ретінде оқу жоспары-
на кіріп, оқытыла бастады. Бұл- қазақ тілі сөзжасамының дербес сала ретінде танылғанына 
дəлел. Ол осы мəселені ғылыми тұрғыда дəлелдеген Н.Оралбайдың ғылыми идеясының та-
нылғандығын білдіреді.
Аталған монографияның «Сөзжасамның жалпы мəселелері» деген 100 беттен тұратын 
бөлімінде сөзжасамның өзіндік тілдік бірліктері, өзіндік сөзжасамдық тəсілдері, қалыптасу 


33
жолы, ішкі заңдылықтары бары тілдің жеке саласы болуға лайықты екендігін дəлелдеген. 
Монографияның осы бөлімінде сөзжасамның бірсыпыра жаңа мəселелері көтеріліп, ғылыми 
айналымға қосылған. Олар: сөзжасамдық талдау, туынды сөздердің түрлері, сөзжасамның 
негізділігі (уəждемелік), сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тип, сөзжасам-
дық мағына, сөзжасамдық үлгі, сөзжасам тəсілдері жаңаша қарастырылған. Монография-
дағы осы жаңа мəселелердің авторы профессор Н.Оралбай екенін ерекше атау керек.
Монографияда автор дəлелдеген мəселелер ғылымда танылып, одан ары дамытылып 
жүргендігіне мынадай дəлелдер келтіруге болады: 1) ғалым көтерген жаңа ғылыми мəселелер 
жоғары оқу орындарына арналған «Қазақ тілі сөзжасамы» (2002) оқулығына енді; 2) «Қазақ 
грамматикасы» деген үлкен еңбектен Н.Оралбайдың сөзжасам мəселелері туралы ғылыми 
идеялары қомақты орын алды; 3) Ғалымның сөзжасам мəселесіндегі ғылыми жаңа идеялары 
ғылыми еңбектерінде дамытылды. Бұл əрбір ғалым арман еткен жағдай екенін ерекше атаған 
дұрыс. Ғалымның тағы бір ғылыми идеясы күрделі сөздерге байланысты. Н.Оралбайқызы 
күрделі сөздердің толық лексикалық мағыналы екі я одан да көп сөздерден жасалатынын 
ғылыми тұрғыда дəлелдеп берді. Ғалым еңбегінде негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі күр-
делі сөз жасайды деген теориясының қателігін дəлелдейді.
Осы аталғандары қорыта келгенде, Н.Оралбайқызы қазақ тілінің сөзжасам саласының 
жаңаша ғылыми негізін қалаушы болды деп толық айта аламыз.
Ғалымның ғылыми-ұстаздық қызметі, ғылымдағы дамытудағы, ғалым мамандар дайын-
даудағы еңбектері Республика Үкіметі тарапынан бағаланып, оған 1960 жылы Қазақ ССР-нің 
Жоғары Советінің Грамотасы, 1968 жылы Қазақ ССР-нің оқу-ағарту ісінің үздігі атағы, 1987 
жылы «Еңбек ардагері» медалі берілді. 1989 жылы «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым 
қайраткері» атағымен марапатталды. 2003 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру 
ісінің құрметті қайраткері», 2005 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы-
ның академигі атағы берілді. 
Н.Оралбай - қазақ тілін оқыту əдістемесі ғылымының тарихи тұрғыдан шынайы ғылы-
ми-зерттеу жұмысының нысанына айналып, жан-жақты дамып, өзекті мəселелерінің басын 
ашуда өлшеусіз үлес қосқан қайраткер ғалым.Қазақ тілін оқыту əдістемесі ғылымының бү-
гінгі тарихи тұрғыдан дамуы жолында қарама-қайшылықты қандай мəселелер болсын, ға-
лымның ізденістерінен елеусіз, шеткері қалған емес.
Нұржамал Оралбайқызы - жоғары білім беру жүйесінде қазақ тілі мамандарын дайын-
дау сапасын арттыру, ғылыми кадрларды даярлау, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқы-
тып-үйрету мəселелері, оқу-əдістемелік кешен жасау т.б. ауқымды міндеттерді шешуде жіті 
көзқарас танытып, келелі ой қозғап, ғылыми тұжырымдар айтқан дана ғалым. Егемендігін 
еншілеп отырған еліміздің өркениетін дамытуда ұлтжанды ұрпақты тəрбиелеу жолында ұлт-
тық кадр мамандарын даярлауда ғалымның еңбегі ұланғайыр.Ең алдымен ғалымнын жоғары 
білім беру жүйесінде қазақ тілі мен əдебиеті саласында білікті маман даярлаудағы кешенді 
зерттеулерінің маңызы ерекше.
Білім мазмұнының ғылыми негіздегі құрылымының айқындығы оның қарастыратын 
нысанын да нақтылай түспек, олай деуіміздің мəнісі білім мазмұны, оны анықтау – дидак-
тикадағы өте күрделі көпжақты мəселе екендігі. Осы тұрғыдан, дидактиканың теориялық 
негіздерінің басты аспектілерінің бірі – білім мазмұнын айқындау.
Оқу бағдарламасы – оқу пəнінің мазмұнын анықтайтын пəн бойынша игерілетін білім, 
іскерлік, дағдылар жүйесін белгілейтін нормативті мемлекеттік құжат. Н.Оралбай жаңаша 
сараланған, типтік оқу бағдарламалары ЖОО мамандарының түпқазығы етіп ұстанған басты 
бағдар болды. Осы тұрғысынан келгенде, Н.Оралбайдың мына еңбектерін ерекше атап өтуге 
болады: «Қазіргі қазақ тілі морфологиясының бағдарламасы» (1992, 1994, 2001), «Қазіргі 
қазақ тілі сөзжасам жүйесінен» типтік бағдарлама (2001), «Практикалық қазақ тілі бағдар-
ламасы» (1997), магистранттарға арналған «Қазақ тілі жалпы курсының бағдарламасы» т.б. 


34
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің оқу-əдістемелік бірлестігі бекіткен аталған 
бағдарламалар тіл ғылымының жетістіктері негізінде түзілген жаңаша танымға негізделген 
бағдарламалар болды. 
Жоғары мектеп оқулығы - пəн бойынша ғылыми білім мазмұнын анықтайтын, бірізділік 
ұстанымы негізінде тақырыптарды орналастыруды ретімен қамтамасыз ететін, арнайы кəсіби 
біліктіліктің қалыптасуына негіз болатын оқу субьектілерінің əрекетін үйлестіретін кешенді, 
ақпараттық құрылымы күрделі, көп аспектілі дидактикалық жүйе. Осы тұрғыдан алғанда, 
ғалымның ЖОО-да студенттерге арналған «Қазақ тілі морфологиясы», «Қазіргі қазақ тілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет