Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


АҚЫЛ, ҚАЙРАТ, ЖҮРЕКТІ ҚАТАР ҰСТАҒАН ҒАЛЫМ



Pdf көрінісі
бет22/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   255
Байланысты:
zhinak

 


38
АҚЫЛ, ҚАЙРАТ, ЖҮРЕКТІ ҚАТАР ҰСТАҒАН ҒАЛЫМ
Бейсенбайқызы Зəмзəмия,
 педагогика ғылымдарының докторы, профессор
 Алматы университеті.
 
1964 жылдың тамыз айы. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика интитутының 
филология факультетіне оқуға түсуді армандап құжаттарымды тапсырдым. Дайындалып жа-
тырмыз. Мектепте жүргенде өзімше өлең шығарып, əдеби үйірмелерге қатысып жүргендік-
тен, қазақ тілі мен əдебиет пəндері маған қиын емес сияқты көрінетін. Оның үстіне бұл пəн-
дерден сабақ беретін мұғаліміміз де өте білімді еді. Ақындардың өлеңдерін жатқа айтқанда, 
шығармаларға талдау жасағанда сол оқиғаның ішінде жүргендей əсер алатын едік. Даусы 
қандай ашық, киім киісі, жүріс-тұрысы қандай келісті еді.Талап ететін, бірақ артында зіл бол-
майтын, үнемі қамқорлық көңілмен, жылы шыраймен қарым-қатынас жасаушы еді. Менің 
осы мамандықты таңдауыма сол ұстазым себепші болғаны анық. Емтихан күні де келіп жет-
ті. Жүрегім дүрсілдеп, 11 жыл бойы жиған-терген білімімнің қайда кеткенін білмей, қорғана 
басып, дəрісханаға кірдім. Емтихан мүшелері сақадай сайланып, əрқайсымызға жылы шы-
рай танытып отыр. Демек, біздің тағдырымызға олар да немқұрайлы емес деп ойладым. Тек 
шеткерек отырған апайдың жүзі қаталдау көрінді, көз тоқтатып қарауға дəтім бармады. Билет 
сұрақтары маған қиындық тудырмады, себебі əдеби шығармаға талдау жасауды біз мектеп-
те жақсы меңгергенбіз. Қазақ тілінен (əлі есімде) «зат есімнің сөз тудыратын жұрнақтары» 
деген сұрақ келді. Жауаптарыма емтихан мүшелері «өте жақсы» деген баға қойды. Осы баға 
мені білім жолына, ғылым жолына, ұстаздық жолға жетеледі. Алғаш жолымды ашқан «жұр-
нақтар» менің кандидаттық дииссертацияма, докторлық диссертацияма негіз болды. Бұны 
жетім қызға алланың жіберген ерекше бір сыйы деп қабылдаймын, шүкіршілік етемін. Оқу 
басталып кетті. 2-курсқа өтіп, өзімізді білімді санап, есейе бастадық. Оқу жоспары бойынша 
қазақ тілінің морфология саласынан дəріс оқуға ашаң жүзді, орта бойлы, əдеміше келген 
апай келді. Оқытушы кіргеннен бастап дəрісханада ерекше бір тыныштық орнады. Себебі, 
мұғалімді бірінші көріп отырмыз жəне оның сенімді аяқ алысы, салиқалы сөзі, сабырлы қал-
пы, тартымды бейнесі, жағымды даусы біздерді бірден баурап алды. Тіл байланды, «азат ба-
сымыз құл болып», оқытушының ойымен үндесіп, морфология ғылымының тереңіне бойлап 
кете бардық. Ол білімнің құдыреті, педагогтің шеберлігі екенін енді түсіндік қой. Дəрісті 
оқымайтын, ауызша түсіндіретін, негізгі бағыты ғалым А.Ысқақовтың зерттеулері болатын. 
Сөйлеу техникасы айтайын деген ойымен қабысып, құлағымыздың құрышын қандыратын. 
Бір көргеннен адамды өзіне тарта сөйлейтін, ойын ашық айтатын, ұстанымына берік, ақылы 
мен қайратын қатар ұстайтын ұстазым, белгілі ғалым Нұржамал Оралбайқызы бүгінде ме-
рекелі де берекелі жасқа келіп отыр. Əрине, ғалым еңбегімен, ұстаз шəкіртімен бағаланады 
десек, бұл орайда Нұржамал Оралбайқызының ауыз толтыра айтатын игі істері аз емес. Ға-
лымның бір ғана Сөзжасам ғылымының ғылым ретінде қалыптасуына қосқан үлесі қанша-
ма! 1980 жылдардың соңына қарай алғаш рет Сөзжасамды тіл білімінің бр саласы ретінде 
жеке қарастыру туралы (ғалым Е.Жанпейісовпен бірге) мəселе көтергені, сол мақала бүгінгі 
Сөзжасам ғылымының теориялық негіздерінің саралануына. өз алдына ғылым ретінде жан-
жақты зерделенуіне негіз болғаны аян. «Ана тіліміздің лексикалық құрамының баюында не-
гізгі қызметті тілдің өзіндік сөзжасам жүйесі атқарады. Ал сөздердің жасалуының қалып-
тасқан күрделі жүйесі бар. Бұл жүйенің өзіне ғана тəн жолдары мен тəсілдері, сөз жасауға 
қатысатын тілдік тұлғалары, олардың қолданылу заңдылықтары əбден қалыптасқан. Сөздік 
қорды байытып, оның икемділігін арттыратын, қандай күрделі ой болса да, оны нақтылы, 
дəл жеткізуге мүмкіншілігі мол құдыретті тіл болып қалыптасуы тілдің сөзжасамының тілде 
атқаратын қызметі мен оның маңызын анық байқатады»,- деп басталған ғалымның алғашқы 


39
ізденісі бүгінде Сөзжасам ғылымның теориялық негізіне айналды. Ғылыми зерттеулердің 
негізінде сөзжасам тілдегі жаңа мағыналы (туынды) сөздерді, олардың құрылымын, жаса-
лу жолдарын зерттейтін, өзіне тəн тіл деңгейінде (аралық деңгей) орны, қалыптасу тарихы, 
жүйесі, тілдік бірліктері бар тіл білімінің бір саласына айналды. 
1990 жылдардан бастап сөзжасам жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен əдебиеті ма-
мандығы бойынша оқу жоспарына еніп, жеке пəн ретінде оқытыла бстағаны белгілі. Пəннің 
бағдарламасын құрастырып ғалым соған сай 2001 жылы «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты 
оқулығын жарыққа шығарды. Оқулық қазіргі замандағы ғылымның дамуына сай жаңа тех-
нология бойынша модульдік жүйемен жазылды. Атап айтқанда, сөзжасам пəнінің мазмұны 5 
модульге бөлінді. 1-модуль-сөзжасамның жалпы мəселелері, 2-модуль –туынды сөздер, 3-мо-
дуль сөзжасамдық ұя, 4-модуль- есім сөздердің сөзжасамы, 5-модуль- етістіктің сөзжасамы-
на арналған. Демек, ғалымның сөзжасам құбылысының ғылым ретінде де, оқу пəні ретінде 
де негізін салғандығын, яғни бұл салада өзіндік дара соқпағы бар ғалым екендігін ерекше 
атап айтуымыз керек. Ғалымдар серке секілді: қай жаққа бастаса да тура жолға бастайды 
(Ю.Баласағұни) дегендей, Сіздің жетекшілігіңізбен қаншама ғалым-шəкірт ғылымның көк-
жиегіне көтерілді, қаншама талапкерлердің қолына ғылымның шырағын ұстаттыңыз. «Тіл 
жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды»,-деген ұлы Абайдың: «Ақыл, қайрат, жүректі 
қатар ұстап, Сонда ғана боласың елден ерек»,- деген философиялық тұжырымы сіздер си-
яқты ғалым-ұстаз-ана-қоғам қайраткерлеріне арнап айтқан шығар деп ойлаймын. Ақылыңыз 
жаныңызға қуат берді, соның арқасында отбасының бірлігін, тірлігін, балаларыңыздың бақы-
тын жасадыңыз. Қайратыңыз ғылым деген телегей-теңіздің суалмайтын арнасынан сусын-
датты. Мейірімді де жылы жүрегіңізбен қаншама шəкіртке жан жылуын сыйладыңыз. Ақыл, 
қайрат, жүректі қатар ұстап, елден ерек ғалым атандыңыз. Қазақта тəрбие көзі-тектен деген 
қағида бар. Сіздің кіндік қаныңыз тамған басынан бұлт кетпейтін Баянауыл талай ғұлама-ға-
лымдар мен ақын-жазушылардың ордасы болған киелі де қасиетті топырақ екені аян. Сол 
топырақтан нəр алған Сіздің ғылымда өз орны, өз қолтаңбасы бар парасатты да, өр кеуделі 
ғалым, ана тіліміздің нағыз жанашыры болғаныңыз үшін, 1964 жылдан бері қамқор-кеңесші 
болғаныңыз үшін тек қана жақсылық, амандық тілеп, ризашылық сезімімді білдіремін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет