Пайдаланған əдебиеттер:
1.Бұғыбаева Ж. Б. Қазақтопонимдерініңсөзжасамы. – Алматы,2015
2.Оралбай Н., Құрманəлиев К., Балтабаева Ж. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы: Ін-
жу-Маржан, 2014. – 290б.
3. http://www.docme.ru/doc/1126469/s%D3%A9zzhasam
4. Қазіргіқазақтілініңсөзжасамжүйесі.–А.,1989.
5. Қазақграмматикасы. – Астана, 2002.
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕТІСТІКТІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ
ФОРМАНТТАРДЫҢ МАҒЫНАСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Қасым Б.
филология ғылымдарының докторы, профессор
Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы жəне грамматикалық құрылысында
етістік ерекше орыны ерекше. Оның туынды сөз, бен сөз тіркестерінің жасалуына тікелей
түрде ықпал етіп отыратыны белгілі. Сөз тудыру амалдарының синтетикалық жəне анали-
тикалық тəсілдері арқылы басқа сөз таптарының жасалуына да ұйытқы болып, ол сөз тапта-
рынан жаңа етістіктер жасалуы сияқты диалектикалық процеске, қарым-қатынасқа түсетін
етістік категориясының өзіндік жүйесі, тарихы, ішкі заңдылығы бар тұтас тілдік құбылыс
71
екені мəлім. Аналитикалық формант термині есімге де, етістікке де тəн. Аналитикалық
формант грамматикалық категориялары бар сөз таптарына қатысты. Олардың ішінде сапа-
лық сын есімнің шырай категориясының аналитикалық формасы бар екенін кейбір ғапымдар
көрсетіп жүр. Өте үлкен, ең жақсы, тым əдемі, өте таза т.б. қолданыстағы сөздер асырма-
лы шырайдың аналитикалық формаларына жатады. Мысалы, ел үшін, сен сияқты, ауылдың
маңы, мектепке шейін, үйге қарай деген тіркестерді септіктің аналитикалық формасы дей-
тін пікірлер де кездеседі.
Грамматикалық категориясы бар зат есім мен сын есімдегі грамматикалық аналитизм
мəселесі дəлелденбегендіктен, аналитикалық формант ұғымы тек етістікпен байланысты
қаралып жүр. М.Оразов сөз мағынасы жəне оның құрылымы, тіл лексикасындағы жүйе мəсе-
лесіне байланысты проблема көтереді де, осы лексикалық жүйе құрылымындағы тіл бірлік-
терінің сөз байланысын талдайды. Парадигмалық, синтагмалық байланыс сипатына қарай
сөздерді семантикалық топтарға бөледі, олардың семаларына талдау жасайды [Оразов,1991].
Түркі тілдерінде сөздің аналитикалық формасы туралы теорияның негізін салушы, түркі
тілдеріндегі етістіктің аналитикалық формаларын зерттеуші А.А.Юлдашевті атауға болады
[А.А.Юлдашев,1965]. Ал қазақ тіл білімінде профессор Н.Оралбай қазақ тіліндегі етістіктің
аналитикалық форманттарын, форма теориясын негіздеген, АФ-тің етістіктің барлық катего-
рияларына қатысты екенін дəлелдеген [Н.Оралбаева, 1975]. Əр категорияға қатысты негізгі
аналитикалық форманттарды көрсеткен. Көпшілік түркологтар аналитикалық етістіктерді
күрделі етістік санай отырып, олардың вид, рай, шақ категорияларының көрсеткіші екенін
де көрсетеді. Осымен байланысты, күрделі етістікке тіркесетін грамматикалық категориялар-
дың мағынасын білдіретін аналитикалық формантарды (көрсеткіштерді) əлі де болса ұқсас
құбылыс ретінде тану түркітануда кең тараған құбылыс екендігін көрсетеді. Мəселен, Абай:
– Біз ата-ананың алдында туысқан болысуға жарасақ, со да жетер. Мынадай ажал аузына,
қыл көпірдің үстіне ел-жұртты өзі айдап келген соң, менен жөн сұрамасын!..-деген (М.Əу-
езов, Абай жолы). Тілдік деректегі: айдап келген соң – айдап кел – күрделі етістік, одан кей-
інгі жалғандар -ген соң грамматикалық мағынаны білдіретін аналитикалық форманттар. Я
болмаса, Сүйтіп аз күн ішінде Қаумен, Үркімбай, Базаралы, Қарақан сияқты айқын жаламен
тізілген адамдар ақталып қалды дегендегі ақталып қалды аналитикалық формалар, яғни ата-
уыш (ақтал-) сөз бен көмекші сөздің (-ып қал-) тіркесінен жасалған (М.Əуезов, Абай жолы).
Күрделі етістіктерді арнайы зерттеп, олардың сөз тіркестерімен, тұрақты сөз тірке-
стерімен, аналитикалық формалы етістіктермен өзара ұқсастықтары мен айырмашылықта-
рын ажыратуда жəне күрделі қимыл аталымы, яғни лексикалық бірлік екенін дəлелдеген
Б.Қасым еңбегінің [Б.Қасым, 1996] маңызы зор.
Ы.Маманов күрделі етістік ұғымына аналитикалық формалы етістіктерді де жатқызған.
Күрделі етістік көсемше формаларымен көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады
[Ы.Маманов, 2007, 51]. Негізінен ғалым етістіктердің тұлғалық жағын ғана ескерген сияқты.
Сөз тіркесі мен аналитикалық формалы етістіктерді, күрделі етістіктерді нақты ажыратып
көрсетпеген. Дегенмен тілші бұл тілдік құбылыстардың аражігін ашпағанымен, аналитика-
лық формалы етістіктердің табиғатын, мағыналық қырларын ашып көрсетуімен құнды.
Аналитикалық формант туралы айтпас бұрын аналитикалық форма ұғымына түсінік
берген жөн. Аналитикалық сөз формасының өзіне тəн бірнеше белгілері:
Біріншіден, сөздің аналитикалық формасы дербес сөз бен көмекші сөздің бір-
лігінен тұрады. Ə.Хасенов: «Аналитикалық форма дегеніміз – атауыш сөздер мен көмек-
ші сөздер тіркесінен жасалған құранды форма» деп, аналитикалық формаға сипаттама бе-
реді Мəселен, ауылдың жаны, саған бола келдім, сен туралы, елу шақты т.б. аналитикалық
формалы сөздер». Дербес (атауыш) сөз бен көмекші сөздің тіркесі дегенде міндетті түрде
оның грамматикалық мəн ескерілуі қажет. Тек қана грамматикалық сипаттағы дербес сөз
бен көмекші сөздің тіркесінің аналитикалық форма бола алатыны есте болуы керек. Мыса-
72
лы, күліп жіберді, сайрай бастады, шулап кетті, өте үлкен, ең əдемі, тап-таза, қап-қара,
қып-қызыл т.б.
Екіншіден, сөздің аналитикалық формасы грамматикалық категориясы бар сөз
таптарына қатысты.
Қазақ тілінде грамматикалық категориялары бар сөз таптары деп зат есім, сын есім жəне
етістік аталып жүр. Осы үш сөз табының ішінде етістіктің аналитикалық формасы (ЕАФ)
дəлелденді. Ал зат есім мен сын есімнің аналитикапық формасы əлі ғылымда шешімін тап-
паған мəселелер қатарында қалып отыр. Зат есім мен сын есімнің грамматикалық катего-
рияларының мағыналарын білдіретін көмекші сөздер бар. Аталған үш сөз табының ішінде
зат есімнің септік категориясының аралас аналитикалық формасы жəне сапалық сын есім
шырайының аналитикалық формасы бар.
Үшіншіден, сөздің аналитикалық формасын жасайтын көрсеткіш – аналитикалық
формант.
Достарыңызбен бөлісу: |