140
беттерінде ғана ұшырасқаны болмаса, жалпы қолданысқа көше алмады. Ал ұғым мазмұнын
қамту жағынан да ретімен атар болсақ,
пəнсөз, термин, атау сөздерін атауға болады. «Бүгін-
гі біздің тілдік қолданысымыздағы «термин» сөзінің ұсынылған баламаларының қайсысына
басымдық берген жөн?» дегенге келер болсақ, əзірге бұл жөнінде мамандар тарапынан бір
тоқтамға келген ортақ шешімнің жоқ екендігін айту керек. Жоғарыдағы көрсетілген нұсқа-
ларға қатысты Шерубай Құрманбайұлы былай дейді:
«Пəн сөзі» атауы туралы. Термин «пəн» жəне «сөзі» деген екі сөздің тіркесуі арқылы жа-
салған. Ертеректе араб тілінен еніп, өз сөзімізге айналып кеткен «пəн» (арабша – фн, орысша
— предмет, қытайша – ⛉┠㸪䈮⛬, ə. ə. ) сөзі «Білімнің, ғылымның, өнердің жеке бір са-
ласы» деген мағынаны білдіреді. Терминнің ғылым мен техниканың немесе өзге де арнаулы
салалардың ұғымдарының атауы екені белгілі. Ендеше, ғасыр басында жасалған бұл сөз өзі
білдіретін ұғымның негізгі белгілерін қамтыған. Терминнің белгілі бір пəнге тəн, белгілі бір
саланың сөзі екендігі оның басты ерекшелігі ретінде ұғым атауынан көрініс тапқан. Термин
сəтті жасалған. Сондықтан да болса керек, жаңа жасалған атау екендігіне қарамастан, бұл
сөз 20-жылдары зиялылар тарапынан қолдау тауып, жаппай қолданысқа көше бастаған еді.
Бұл атаудың терминқорымыздан берік орын алмай, қолданыстан шеттетілуі оның сəтсіз жа-
салғандығынан емес, терминологияны халықаралықтандыру бағытының басталып кеткенді-
гінен болды. Əрине, екі сөзді біріктіріп «Пəнсөз» түрінде жазғанда атаудың ықшамдылығы
артып, қолданылу, сөз тудыру мүмкіндігі арта түсер еді.
«Атау» туралы. «Атау» – жаңа сөз емес, тілімізде бұрыннан қолданылады. Терминнің
де атау екені рас. Оған таласудың еш реті жоқ. Бірақ «атау» сөзі өте кең ұғымды білдіреді.
Атау тек термин сөзді емес, атауыштық (⛠ྡ) қызмет атқаратын өзге сөздер түрлерін де
қамтиды. Сондықтан да оларды іштей бір-бірінен ажырату үшін «термин» атауы пайдаланы-
лады. Сонау ХХ ғасырдың басында-ақ Ақымет Байтұрсынұлы бастаған зиялылар «атау» сөзі
тұрғанда, «пəн сөзі» атауын бекерден-бекер ойлап тапқан жоқ. Олар ұғымдар арасын ажыра-
ту ( ༊࡛㸪䗙ѹ
) қажеттігін сол кезде-ақ жақсы түсінген. Мысалы, тілімізде мал атаулары,
өсімдік атаулары, жер-су, елді мекен атаулары, аң-құс, жануарлар атаулары, балық атаулары,
газет-журнал атаулары сияқты т. б. атаулар көп. Олардың бірі жалпы есімдер, екіншілері –
жалқы есім сөздер. Бұлардың барлығы да атау сөздер. Осы секілді атау сөздердің бəрін тер-
миндер қатарына қосуға болмайтыны да белгілі. Сондай-ақ терминге бір табан жақын номен
(ྡ⛠ номен) деп аталып жүрген сөздер де бар. Олар да атау сөздер қатарына кіреді. Термин
«атау» деген жалпы ұғымның ішіне кіргенмен, оның өзге атау сөздерден өзіндік ерекшелік-
тері бар екендігі сөзсіз. Сол себептен де
терминді – атау, терминтануды – атаутану деп
атайық деген ұсыныс туралы ойланғанда, мəселенің осы қырын ескерген жөн болар. Тіліміз-
дегі «Атау» сөзі орыс тіліндегі
Название, Наименование (ྡ⛠) сөзінің, ал «Атаутану» –
Но-
минация (ྡ⛠Ꮫ
) ұғымдарына дəлірек сəйкес келеді. Сондай-ақ атаутану тек терминдерді
ғана емес, бүкіл атау сөздерді зерттейтін ғылым саласы деген ұғымды қамтып тұр.
«Пəн атауы» туралы. Бұл «пəн сөзі» терминінің үлгісімен жасалған. Алайда форма сəй-
кестігі болғанмен мұнда мағына дəлдігі, ұғым мазмұнын қамту жетісіңкірей бермейді. Бұл
атау термин сөзінің баламасы емес, ғылым, техника, білім салаларының, яғни «пəннің өзінің
атауы» деген ұғымды білдіріп тұр. Мысалы,
өсімдіктану (өсімдіктану), тəнтану (тəнта-
Достарыңызбен бөлісу: