135
«АҚ» СӨЗІНІҢ ПОЭЗИЯ ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНЫСЫ
Əбдірахман Мөлдір
1-курс магистранты
Ғылыми жетекшісі, ф.ғ.к., доцент М.Ə. Жүнісова
moldirka_9515@mail.ru
Андатпа
Мақалада А.Бақтыгерееваның пэзиясындағы «ақ» сөзінің қолданысын қарастырып,
ндағы түрлі ұлттық танымға тəн тұжырымдарды анықтайды.
«Ақ» сөзінің символ ретінде берілуі, қолданыс аясы жəне олардың үстейтін мəн-мағынала-
рын қазақ тілінің ұлттық құндылықтарының басымдықтарын танытуға ұмтылс жасалған.
Кілт сөздер:ақ –түс, ақ –символ, ақ – шынайылық, ақ –əке, аға, поэзия тілі, тілдік қол-
даныс, қолданыс жиілігі.
Ақ Жайықтың ақ шағаласы атанған, өзінің тамаша өлең-жырларымен қазақ поэзиясы-
ның аспанын биіктетіп, көкжиегін кеңейткен талантты лирик ақын – Ақұштап Бақтыгереева.
Ақын өлеңдерінде көркемділікпен бірге толып жатқан асыл қасиеттер бар. Сол асыл-
дардың асылы – шынайылық. Ақұштап жырларының қағидаға айналғандай тағы бір қасиеті
– шынайы сезім мен əдемі де əсерлі ой бірімен бірі астасып, қатар өрбіп отырады. Туған
елге деген сүйіспеншілік, ана тілі тағдыры тағы басқа мəселелер ақын поэзиясының арқауы.
Ақұштап Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық шырайлылығымен қазақ поэзиясына
жаңа өрнек алып келді.
«Ақ – Э.В.Севортян «аға» жəне «əке» деген туыстық атаулардағы екі сөздің де негізі ақ –
оқ (қартаю) етістігінен өрбіген деген пікір айтады. Егер «ақ» түбірінің көне түрік тілінде шы-
нымен «қартаю, жан ұлғаю» синкретикалық мағынасы болса, онда «қосағыңмен қоса ағар»
деген тілек мəнді тіркестегі «ағар» сөзі жоғарыдағы «ақ» түбірімен төркіндес болуы ықти-
мал. Қазақ тіліндегі ақ найза, ақ сүңгі, ақ семсер, ақ алмас т.с.с. – кесу, өткіру, ақ тер-жану,
қызу мағыналарымен мəндес. Түркі, басқа да көптеген халықтар дүниенің төрт бұрышына
түстік геосимволикасын қолданғаны мəлім. Ақ түспен оңтүстік бағдар белгіленеді: а-ы «Ық-
юг(ық-ақ)»[1, 23]. Осыған байланысты «жылы» деген мағына қалыптасқан: ақ ниет – ниеті
жылы, оң, ақ бата – жылы, жақсы бата, ақ жүрек – жүрегі жылы мағынасында жұмсалады.
Бұлайша дамудың шарықтау шегі, логикалық шеңбері кең екенін, мысалы «ақ» атауы-
ның: «таза, пəк, кіршіксіз, адал, əділ,жайдары, əдемі, сұлу, айқын, анық, асыл, ардақты» т.б.
осы сияқты өзара сəйкес, мəндес ұғымдарды білдіруінен де анық көруге болады.
Киеліліктің келесі бір символына айналған – ақ сөзі.Қашанда қазақ ақ түсін киелі деп
санап, діни морфологиялық ұғым бойынша да көруге болады. Ақын тіліндегі ақ сөзінің сим-
волдық мағынасы үлкен қарт-қария мəнінде, сондай-ақ, киелілігін көрсетіп тұр.
Сен жайлы
ақ бесікте күй тыңдадым
Тыңдадым сандуғаштың сүйкімді əнін.
Сондайда дала пейіл адамдарда
Ақ ұлпа алақандар барын білгем.
«Дала жыры» [2, 123]
Достарыңызбен бөлісу: