Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет4/98
Дата29.11.2022
өлшемі2,67 Mb.
#53419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
945831 1429633719

Сөз һәм буындар 
Бір сөздің ішінде бірнеше буын болады. Мәселен, ат деген сөзде бір-
ақ буын бар. А-та дегенде екі буын, а-та-лар дегенде үш буын; а-та-лар-ға 


10 
дегенде төрт буын; а-та-ла-ры-ма дегенде бес буын. Сөз буын санына 
қарай бір буынды, екі буынды, үш буынды, төрт буынды, онан көбі көп 
буынды сөз деп аталады. 
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің буындарын айырту. 
Бал, бала, балалар, сау, саулық, саусақ, сауда, саудагер, тай, тайау, 
тайғақ, тайлақ, тайғанақ, тайсалу, тайпалу, тайану, аш, ашық, ашқыш, 
ашқан, ашқарақ, ашқылтым, жан, дене, самай, сақал, мойын, кеуде, 
алақан, шеміршек, апа, қарындас, немере, нағашы, құдаша, қаз, қарға, 
қарақұс, қарлығаш, жапалақ, балықшы, жағалтай, күйкентай, безгелдек, 
қызғаншақ, қарғануға, сақтануға, аударуға, құлатуға, сескенуге, өстіруге, 
солқылдауға, сандырақтауға, шашыратуға, аударыстыруға, ұшыратуға. 
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліңдер. Буындар арасына 
сызықша (-) қойыңдар. 
Үлгі: сау-да, са-йақ, асық, тұш-қыл-тым, са-рым-сақ, мақ-та-ну-ға, 
жал-пыл-дау-ға, а-тыс-ты-ру-ға.
Ел құлағы елу. Бұлт ала, жер шола. Дауыл болмай, жауын болмас, ит 
баласы сауын болмас. Жақсы келсе құт, жаман келсе жұт. Тисе терекке, 
тимесе бұтаққа. Ер туған жеріне, ит тойған жеріне. Көп қорқытады, терең 
батырады. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алар. Арзанның сорпасы татымас. 
Бақыр қазан піскені баршамызға пайдалы. Көшсе, көш қасындамыз, 
отырса, от басындамыз. Үйге келгенде, үйдей өкпеңді айтпа. Ас қадірін 
білмесең, ашаршылық берер сазаңды, ат қадірін білмесең жайаушылық 
берер сазаңды. Шақырғандарға бар, шаққандардан қаш. Шақырғандарды 
шақырармын, шақырмағандарға қақырармын. 
Буын һәм дыбыс 
Бір буынның ішінде бірнеше дыбыс болады. Мәселен, не?» «же!», 
«мә!», «ат», «аш» деген сөздердің ішінде бір-бір буыннан бар. Мұндағы 
һәр буында екі-екі дыбыстан бар. «Н-е?» (бірінші дыбыс «н», екінші 
дыбыс «е»), «ж-е!» (бірінші дыбыс «ж», екінші дыбыс «е»), «м-ә!» (1-ші 
дыбыс «м», 2-нші дыбыс «ә»), «а-т» (1-інші дыбыс «а», 2-нші дыбыс «т»), 
«а-ш» (1-нші дыбыс «а», 2-нші дыбыс «ш»). 
Қап, бас, жел, күл, мес, сор, бай, жау деген сөздер бір буынды, бірақ 
бұлардың һәр буынында екіден емес, үш-үштен дыбыс бар: қ-а-п, б-а-с,
ж-е-л, к-ү-л, м-е-с, с-о-р, б-а-й, ж-а-у. 
Бір дыбысты буындар да болады. Мәселен, а-ра, а-та, а-ғу, а-су, а-зу, 
а-сы деген сөздердің бірінші буындарында бір-бір дыбыстан, екінші 
буындарында екі-екі дыбыстан бар.


11 
Дыбыс таңбасын харіф деп атаймыз. Сондықтан жазған сөз ішінде 
пәлен харіф бар дейміз; айтқан сөз ішінде пәлен дыбыс бар дейміз. Дыбыс 
һәм харіф – екеуі екі басқа нәрсе. Біріне-бірін қатыстырып шатастырмасқа 
тиіс. Дыбыс естілетін, көрінбейтін нәрсе, харіф көрінетін, естілмейтін 
нәрсе. 
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің буындарында неше харіфтен 
бар екенін айырту.
Ақ, тоқ, саз, бет, қүн, ай, бай, сай, тау, бау, ана, ара, жала, шана, азы, 
аты, асы, жасы, саны, жаны, аран, ажар, сараң, салақ, сарай, солай, бұлай, 
асау, жалау, тонау, ұзау, бұрау, арзан, шортан, бұршақ, қармақ, салмақ, 
алмалы, салмағы, тармағы, шарбағы, атпаған, жатпаған, қалмаған. 
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөлу, һәр буындағы харіфтің 
санын буын үстіне сипрмен қою керек.
Жарлы болсаң, арлы болма. Бар болсаң таспа, жоқ болсаң саспа. 
Барымен базар, жоқты қайдан табар. Пайдасыз болса, байдан без, панасыз 
болса, сайдан без. Бар мақтанса, табылар, жоқ мақтанса, шабылар. 
Талтаңдасаң, талтаңда! Ақшаң болса қалтаңда. Күлме досыңа, келер 
басыңа. Досқа күлкі, дұшпанға таба болма. Ақшаны жолда тапсаң да 
санап ал. Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер. Ақыл жас ұланнан, жүйрік тай 
құнаннан. Сыйыр сыйпағанды білмес, жаман сыйлағанды білмес. Кеше 
білмес жамандар, көшсе көлік өлтірер, сөйлей білмес жамандар, сөзді 
өзіне келтірер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет