Көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері
Сөйлей білмес жаманның, Сөзі өтпес бір пышақ. Сөз білетін адамның, Әр сөзіне бір тұсақ. Халық даналығы Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынадай екі түрі бар: - 1. Диалогтық сөйлеу.
- 2. Монологтық сөйлеу.
Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. - Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.
- Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша, сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.
Көпшілік алдында сенімді сөйлеу үшін:
Жарасымды киім үлгісі
1
Керемет сәлемдесу
2
Мақсаты бар сөз
3
Сенімді ақпарат
4
Ыңғайлы көріністі елестету
5
Өзіңді сырттай бақылау
6
Психолог Альберт Мейербани анықтағандай, адамдар ақпарат алмасудың 7% тек сөздер, дыбыстық интонация мен дауыс тембрі құралдары 38% және бейвербалды құралдар 55% тұратынын дәлелдеді. Мейербанидің ойын профессор Бердсвиссл де растап, адамның күніне сөздің өзін 10-11 минут қолданатынын атап өтті. Сәйкесінше, ол адамдардың вербалды құралдарды 35% және бейвербалдыны 65% қолданатынын дәлелдеп өтті.
(Видео)
Ендігі кезекте ымдардың өздеріне келетін болсақ. Белгілі бір өлшемді, көлемді көрсету ымы. Қолыңызбен қаншалықты мөлшерде екендігін көрсету тыңдаушыларға бейнелі түсінік береді.
Басыңа меңзеу, біреуді немесе бірдеңені пікірсайысшының басына меңзегенде өздеріңіз ойлап қараңыздар, логикалық түрде түсініп көріңіздер деген мағына білдірсе немесе бірдеңені меңзеуді соған сілтеме ретінде қабылданады.
Қолды жұдырыққа жұму, қолды жүректе ұстау, 5 саусақты біріктіру немесе сұқ саусақты көрсету секілді ымдар тәртіпті орнату менің қолымнан келеді, маған сеніңіздер деген ұғымдарды білдіреді.
Әрине, жоғарыдағы ымдармен қатар басқа да ымдар жетерлік. (Видео)
Өзін-өзі ұстау (эмоция, тәртіп)
Спикерлік қасиеттер:
- Сабырлық, яғни, сөзбұйдаға салыну, сөз таласуда тыныштық сақтай алмаудан аулақ болу;
- Білім, әрине, білімсіз дебатқа қатысудың мәні жоқ;
- Жан-жақтылық, бір сұрақтың көлемінде емес, барлық салада аз да болса түсінік болу;
- Сыртқы келбет, жүріс-тұрысы. (Видео)
- Лексикондық сөздік қордың байлығы. Алуан терминдерді білу, қолдану. Жаргон, ауызекі сөйлеу стиліндегі сөздерді дебатта қолданыстан алу;
- Әлемдегі соңғы жаңалықтардан естігенің болса, жеңіс;
- Сыйластық. Аяқ астынан шу шығарып, атыс-жұлысқа салынып жеңіп шығу ойға сыймайтын нәрсе.
Уақыт тиімділігінің қағидаларын ұсынамыз: 1. Таймкипердің ескерту белгілерін назардан тыс қалдырмаңыз, ол ойыңызды тиянақтауға әсер етеді. 2. Тарих та, ғылым да мойындаған әдіс – жазу. Өз ойыңызды, яки қарсылықтарыңызды қағаз бетіне қысқаша түртіп отырыңыз. Ой жүйелілігі уақытты үнемдейді. 3. Уақыт лимиті – сіз үшін сүзгі. Идеяларыңыздың ең маңыздысын таңдап алып қана ұсыныңыз. Ойыншыға сапа, уақытқа пайда.Тіл тазалығы, яғни бейсауыт сөздерді (жаргон, диалект) қысқартыңыз. Бір сөзді үнемі қайталайтын (яғни, және, тағы) әдеттен арылыңыз. Идеяны нақты, түсінікті сөйлеммен беріңіз. 4. Мүмкіндікті толық пайдаланыңыз. «Ырыс астың қалғанында болуы мүмкін». Жеңіске жеткізер сөз соңғы минуттарда айтылуы да ғажап емес. Дегенмен, уақыт толтыру үшін құрғақ қасықпен ауыз жыртудың қажеті шамалы. Кілттік сөз (дефиниция)
1-қағида: дефиниция неғұрлым қысқа, жинақы болса, тез жатталады.
2-қағида: өз позициясын, кейсін толық ашуы, қуаттауы тиіс.
3-қағида: жан-жақты қарастырылса, дефиниция сапалы болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |