Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет35/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   197
3-тапсырма. Топтасып орындайды. Беті ашық жатқан мына кітапта бір 
мақал жасырылған,соны табыңыздар! 
Нұсқау.Бұл есепті қосу амалын қолдана отырып қана шеше аласыздар. 
Есептегі жасырылған мақалды табу үшін алдымен жеке әріптерді тауып 
алып, оларды құрастырып оқу керек. 
Мысалы. 12 санымен жасырылған әріпті табу үшін кітаптың оң қол жақ 
бетінен қосындысы 12-ге тең болатын екі санды іздеу керек.Сол екі 
санның көлденеңі мен тігінен түйіскен торкөздегі әріп ̶ іздеген әріпіңіз 
болады. 
Бірнеше еңбек туралы мақал құрап жазыңыздар. Мағынасын 
түсіндіріңіздер. 
IV. Сергіту сәті. 
V. Бекіту. Мақсаты: білім алушылар өтілген материал жайлы 
ойтолғайды, ізденеді, зерттейді және шығармашылықпен өзіне қажетті 
білімді құрастырады, өз бағасын береді. 
Шығармашылық тапсырма. Жеке жұмыс. 
1. «Көз қорқақ, Қол батыр» тақырыбына ойтолғау жазыңыз.
2.Тақырыпқа байланысты кез келген сөзді алып, сөздегі дауыссыз 
дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беріңіз. 
VI. Рефлексия.
VII. Үйге тапсырма. 5-тапсырма. Ребустың шешуіндегі сөздерге 
математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру. 
VIII. Бағалау (Өзін-өзі бағалау). 


8-сабақ. 
 
Сабақтың тақырыбы:Сөз. Сөзге сөзсазындық талдау жасау
Сабақтың мақсаты: 
а) Тәрбиелік: Нақыл сөз, мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды ұлттық 
құндылықтарды бағалай, құрметтей білуге, оқу-білімге, өнерге, 
адамгершілікке баулу. 
ә) Білімділік: Сөзге сөзсазындық талдау жасау арқылы сөздердің 
айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай түрлерін толық түсініп
меңгеруге жағдай жасау. 
б) Дамытушылық: Алынған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді негізге 
ала отырып, пікірталас, ойтолғау, шығармашылық жұмыстар атқаруға 
мүмкіндік жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет