Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


Поэзиялық талдаудың келесі сатыларын үлгі ретінде экраннан



Pdf көрінісі
бет67/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Поэзиялық талдаудың келесі сатыларын үлгі ретінде экраннан
көрсету. (Өлеңді әрі қарай ұжыммен бірге талдау. Үйретуші жазады, 
үйренуші де жазады, айтады, тыңдайды). 
5.Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
5шумақты. 
6.Тармақ – өлеңнің әр жолы, 20 тармақты. 
7.Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты. 
8.Буын саны – 11 буынды. 5-еуі ашық буынды, 5-еуі бітеу
буынды, 1-еуі тұйық буынды. 
9.Ұйқас – өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп, оған


ерекше саз, әуен беретін өлең тармақтарындағы сөздер
үндестігі, қара өлең ұйқасы. (а,а,б,а) 
10.Әдеби-теориялық ұғымдар: 
Метафора –жастық - алтын, .... (сөз мәнін өңдендіре өзгертіп
айту, ажарландыра түсу) 
11.Түсіндірме сөздік: Бұл жарыққа – бұл жерде: бұл өмірде, бұл
дүниеде дегенді аңғартып тұр, кіндік кескен жер- туған жерді
айтады.
12.Тәрбиелік мәні – бұл өлең арқылы ақын жастарды туған жерін
сүюге, мақтан етуге тәрбиелейді. 
VI. Сергіту сәті. 
VII. Жаңа материал бойынша алған білімдерін, түсінгендерін зерделеу. 
а) Топтық жұмыс. Қима қағаздарға тапсырмалар жазу. Тапсырманы әр 
топтан бір оқушы шығып алады. Тапсырманы орындау үшін уақыт беру. 
Интерактивті тақтада Тұманбай Молдағалиевтың «Туған жер» өлеңі 
жазылып тұрады.(Тірек сызба көмекші құрал ретінде ілініп тұрады). 
Тапсырмалар: 
1. Поэзиялық талдаудың бірінші және екінші сатысын талдап жазу. 
2. Поэзиялық талдаудың үшінші, төртінші және бесінші сатысын 
талдап жазу. 
3. Поэзиялық талдаудың алтыншы, жетінші сегізінші және тоғызыншы 
сатысын талдап жазу. 
4. Поэзиялық талдаудың оныншы, он бірінші және он екінші сатысын 
талдап жазу. 
ә) Жұптық жұмыс. Шығармашылық тапсырма. 
Туған жер туралы өлең немесе мақал-мәтелдер жазу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет