жинақтаған білімдердің барынша жалпыланған түрі, теориялық дүниетаным
болуында.
Философия пәні кез келген нақты ғылымдардың зерттеу пәнінен
ауқымды. Философия білімді жалпылайды, кей ғылымдарды біріктіреді, бірақ
барлық ғылыми білімдерді сарқып, жойып мәнсіздендірмейді. Ол
ғылымдардың
барлығына ортақ сипатты, құбылысты ғана қамтып, нақты,
арнайы білімдерді сол ғылымның еншісіне қалдырады.
Философиялық білімнің ерекшелігі мынада:
1) құрылымы күрделі (онтология, гносеология, логика, т.б.);
2)
барынша жалпы, теориялық сипатта;
3) ғылымдардың негізінде жатқан базалық, басты идеялар мен
ұғымдарға сүйенеді;
4) көбінше субъективті-философиялық жүйелерімен,
идеяларымен
қатар философтардың дүниетанымдарының таңбасы, ойлау ерекшеліктері де
қоса беріледі;
5) объективті - білімдер мен құндылықтардың, өз заманының
адамгершілік идеяларының
жиынтығы болып табылады, өз дәуірінің
ықпалына ұшырайды;
6) таным объектілерін ғана емес, таным
механизмдерін де зерттейді;
7) рефлексия қасиетіне ие - ойдың өзіне-өзінің бағытталуы (нәрселер
дүниесімен қатар, білімнің өз-өзіне бағытталуы);
8) өзіне дейінгі философтар жасаған доктриналардың әсер-ықпалына
ұшырайды;
9) динамикалық сипатта - тоқтаусыз даму, жаңару үстінде болады;
10)
барынша жалпы ұғымдарға -
категорияларға сүйенеді;
11) мәні сарқылмас терең;
12) адамның (танушы субъекттің) танымдық қабілеттерімен шектелуі;
13) логикалық тұрғыдан ешқашан біржола шешілмейтін «мәңгілік»
сұрақтармен айналысады (болмыстың жаратылуы,
табиғаты, материяның
немесе сананың біріншілігі, тіршіліктің пайда болуы, жанның ажалсыздығы,
Құдайдың бар-жоқтығы, оның дүниеге әсері, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: