1 Тақырып Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философия –
дүниетаным ретінде
1.1 Философияның пайда болуы.
1.2 Философия пәнінің негізгі бөлімдері.
1.3 Философиялық дүниетаным және дүниеге
көзқарастың тарихи
түрлері.
1.4 Философиялық білімнің ерекшелігі және
функциялары
1.5 Ұлттық және қазіргі заманғы философиялық ойлау ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты: Философиялық
көзұарастң ерекшелігін анықтап,
көзқарастың басқа да тарихи түрлерін сараптау. Философияның негізгі
бөлімдерінің мәні мен мазмұнын ашып көрсету.
Философия ұғымының
анықтамасына тарихи шолу жасау.
1.1
Философияның пайда болуы
Философия біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың
ортасында, бір-біріне байланыссыз, дербес және тәуелсіз түрде Ежелгі Үндіде,
Ежелгі Қытайда және Ежелгі Грецияда пайда болды. Және барлық үш аймақта
да философия – мифология негізінде қалыптасты. Бастапқыда философиялық
даналық-дәстүрлі өмір салт пен түсінікке
қарсы бағытталған сын,
патриархалды қағидалардың әділдігі мен ақиқаттығына білдірілген алғашқы
күмән ретінде қалыптасты. Өйткені табиғи және әлеуметтік шындықты
жеткілікті түсіндіре алмаған діни-мифологиялық
сананың дағдарысы
кезеңінде ақиқатты жалпыдан, табиғ иды жасандыдан ажырату, жаңа өмірлік
бағдар мен берік те сенімді дүниетаным құру қажеттілігі туды. Дүние және
адамды рационалды ұғыну талпыныстары алдымен алғы философияға, содан
соң философияға әкелді.
1.1
Кесте
Философияның қалыптасу кезеңдері
Мифология
Алғашқы қауымдық мәдениет және барлық өркениеттер мәдениеті
Алғашқы философия
Египет
Үнді
Месопотамия
Иудея
Қытай
Греция
Философия
Үнді
Қытай
Греция
Басқа аймақтардағы философиялық ой кештеу пайда болды және олар
осы үш елдің бірінің философиялық ілімінің негізінде дамыды.
«Философия» ұғымы (грекше «филео»-құштарлық, махаббат; «софия»-
даналық) «даналыққа құштарлық» деген мағына береді. «Философия»
атауын тарихта алғаш қолданған Пифагор болды.
- Ей, дана (софист)! – дегендерге:
- Мен дана (софист) емеспін, бар болғаны даналыққа құштармын
(философистпін). Нағыз даналық Құдайға ғана тән!
- деп жауап берген екен
Пифагор.
Философияның дәстүрлі негізгі сұрағы деп - ойлаудың болмысқа,
болмыстың - ойлауға (санаға) қатынасы мәселесін айтады.
Сұрақтың
негізгі
болуының
мәні,
маңыздылығы:
адамның
(философияның басты міндеті болып табылатын) қоршаған дүние және
ондағы адам орны
туралы тұтас білім жинақтауы, қандай сипаттағы жүйе
құруын - дәл осы сұраққа беретін жауабына тікелей байланыстылығында.
Материя және сана (рух) - болмыстың қарама-қарсы және ажырамас екі
сипаты. Осыған байланысты философияның негізгі сұрағынан оның екі -
онтологиялық және гносеологиялық жақтары туындайды.
Философияның негізгі сұрағының онтологиялық (болмыстық) жағы: «не
бірінші: материя ма, әлде, сана ма?» деген сұрақпен беріледі.
Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық (танымдық)
жағының мәні - «Дүние таныла ма, әлде танымнан тыс па? Таным процесінде
не бірінші?» - деген сұрақ.
Философияның негізгі сұрағына беретін жауаптарына қарай адамдар:
1) материалистерге;
2) идеалистерге;
3) дуалистерге бөлінеді.