107
Айдын
шүйсең, тарлан
шүй,
Көтерілген сона құтылмас,
Жауға кисең берен ки
Егеулеген болат өте алмас
Қазіргі қазақ тілінде, негізінен, «бар күшін жиып, екпінмен төмен
қарай бір нүктеге құлдилау» мағынасы
шүйіл=, шүйлік= тұлғалары
арқылы беріледі. Осы мағынаның əрі қарай дамуы басқа да бірқатар
туынды атауларда кездеседі:
шүйгін «бар құнары жиналған шөп, ет
т.б»,
шүйде «түйенің, қойдың майы жиналған желке тұсы (бұл арада
коннотаттық сипат бар сияқты. Себебі
шүйденің денотаттық мағынасы
«жеке сырт тұсы» да Қазақ тілінің сөздігінде көрсетілген (ҚТС), 741 б.)»,
шүйке - «шаштың, иіруге дайындалған орамы».
Шүйгі= «кенелу, қарқ
болу» (ҚТС, 748б.),
шүйел= «жетілмей, толық өспей қалу» (ҚТС 744б.),
яғни «жиналып, өспей қатып қалу». Осы қатарда талдау барысында
«бір нəрсенің бір жерге жиналуы» деген мағынадан «сыртқа шығыңқы,
көзге түсетін» деген де мағына өрбігені байқалады. Қараңыз: 1)
шүй –
«қабырғаға шеге орнына қағылған ағаш қадаша»; 2)
шүй – «жер айда-
ғанда жыртылмай қалған жер» (табан)ҚТС 743-744 бб.). Олай болса,
осы қатарға жоғарыда «бір жерге ұйысып, əрі қарай өспей қалған»
деген мағынада келтірілген
шүйел сөзінің тарихи даму барысындағы
бір дыбыстық нұсқасы ретінде (с~ш)
сүйел сөзін де жатқызуды болжам
ретінде ұсынуға болады.
Жалпы алғанда, морфологиялық құрылымның дамуының семан-
тикалық сабақтастығы осы түбірдің сөзжасамдық қатарындағы ауыспа-
лы мағыналарынан нақты көрінеді. Ол үшін тағы да «Қазақ тілінің сөз-
дігі» деректеріне жүгінеміз:
шүйле= «жану», «қайрау», «жігерлендіру»;
шүйлік= - «қадалу», «қыспаққа алу», «тиісу»;
шүйір= «мұрнын шүйіру»;
шүйіркелес= «тіл табысу» т.б.
Аталған лексемаға қырғыз тіліндегі
чуйлу «қырғи-тұйғын» сөзінің
жақындығы аңғарылады /ЮКРС. С.886/. Демек, жалпы мағынасы:
«шоғырлану», «жиналу» жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: