* ырға=
М.Қашқари сөздігінде берілген етістік түбірі қазіргі түркі тілдерінде
«тыныштықты бұзу», «жүргізу» сияқты жалпы мағынадағы бірқатар ИЕ-
терді туғызған: ырға= «əрі-бері шайқап қозғау»; ырғал= «əрі-бері толқу,
жайқала қозғалу», ырғы= «шошу», «селк ету» мағынасындағы /МК. 1
Т. С.72/, «екпінмен тез қарғу», ыршы= «селк етіп ытқып кету». Соңғы
108
екі етістік (ырғы=, ыршы=) М.Қашқаридың сөздігіндегі байырғы түбір
етістікке семантикалық тұрғыдан жақын, бірақ жалпы топтан біршама
ерекшеленеді. Э.В.Севортян келтірген туынды ИЕ де осы мағынаны
береді. Қараңыз: ырға= «селк ету» /ЭСТЯ. 1 Т. 660 Б./.
Ал, керісінше, алдыңғы екі етістік түбірден ырға: ұзын ырғасы;
ырғақ, ырғал: ырғалып-жырғалып т.б. туынды сөздер туған.
*адас=
Э.В.Севортян осы түбірді оның түркімен, əзірбайжан (диал.), қа-
рашай-балқан диалектісіндегі фонетикалық ұқсас азаш= «жолдан ада-
су», «адасу» тұлғасымен салыстырады жəне оны az «жолдан адасу»,
«адасу» түбірінен шығарады, ауыспалы мағынасы «мүдіру», «қателесу»
/ЭСТЯ. 1 Т. С.88./ деп көрсетеді.
Көнетүркі тілінде az түбірінен жасалған көптеген туынды түбірі
кездеседі. Бұл оның бұрынғы белсенділігі мен дербестігін көрсетеді.
Қараңыз: aza «адасқан», «жолдан адасу», az?l= «адасу», «адасып кету»
(жол туралы), azit= «жолдан тайдыру», «аздыру», azm??= «адасқан» /
ДТС, С.72-74/.
Қазақ тілінде *аз түбір сөзі тек ауыспалы мағынасында ғана қол-
данылады, ал тікелей мағынасы тек адас= туынды түбірінде қоланыла-
тын *ad фонетикалық вариантымен беріледі, сондықтан қазақ тілі үшін
ол архетип болып саналады. Көнетүркі тілінде ad көптеген туынды
түбірлерде кездеседі. Мысалы, ad?r= «бөлу», «бір-бірінен ажырату»,
«адастыру», adr?l= «қоштасу», «адасу», «бөліну», «ажырату» жəне т.б. /
ДТС. С.11-13/.
Жоғарыда келтірілген етістіктерге қазақ тіліндегі айыр=, айрыл=
етістіктерінің фонетикалық паралель болатынын түсіну қиын емес
(қараңыз: аδ?r=, aδ??=, аδr?l=, аδr??=), /ДТС. С.15-16 /.
az~ad~aδ~ай түбірлерінің жəне олардан жасалған етістіктердің
семантикалық жақындығы даусыз. Э.В.Севортян осы топқа көне
ескерткіштерде кездесетін жəне қазіргі тілдерде «адасу», «күнəһарлық»
мағынасында сақталынған jaz тұлғасын /ЭСТЯ.1Т.C.95 / жəне * жаз
түбірінен жасалған: жаза: (жаза басу), жазғыр=, жазық, жазықты
жəне т.б. қосады.
*аз нұсқасымен салыстырғанда жаз= етістігі көбінесе ауыспалы
мағынасында қолданылады, ал қазақ тіліндегі тура мағынасы тек көз
жазу тіркесінде ғана сақталған. Қара татарлардың диалектісіндегі дьас=
етістігінде «мүлт кету», «қателесу» мағынасы бар
86
.
86
Кайдаров А.Т. Структура ... 239 С.
109
Сөйтіп, адас= туынды етістігінің байырғы түбірін шамамен бы-
лайша елестетуге болады: /й/ жаз~ад~ай.
* аңқы=
Моңғол тілінде аң лексемасының «саңылау», «қуыс», «жарықшақ»
мағынасы бар. Одан аң+а= «ашық болу» етістігі жасалған. Сондай-ақ,
якутша аң «саңылау», «кіре беріс», «өткел»; ал аң+а= «ашық», қырғыз-
ша – аң «шұңқыр», «жыра»
87
/ЮКРС. С.58/. Қазақ тілінде осы мағына-
дағы аң лексемасы тек диалектіде ғана кездеседі /ҚТТС. 1 Т. 271б./.
Негізгі («ашылу») мағынамен қатар, соған сабақтас 1) «таралу»,
«шығу» (иіс туралы)) жəне 2) «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»
келтірілген мағыналары аңқы – «екпінмен, бар пəрменмен жүру, қозғалу»
(ҚТС. 40б.).
Қараңыз:
Кім жетсін тау баурынан соққан желге,
Дəл сондай аңқыды аттар жазық жерде
Тау төсін дүрсілдетіп, дүбірлетіп,
Таласты осы төрт ат Ерейменге.
Осы мағынаны сондай-ақ қазақ эпостарынан да кездестіруге болады:
Кешегі кеткен қосынға
Жетемін деп Қобыланның
Жоқ еді тіпті есінде
Бұлаңдаған Бурылмен
Артық туған Қобыланды
Аңқып жетті бесінде
88
аң түбірінің жалпы мағынасы – «ашылу», «таралу» (қандай-да бір
«саңылау», «қуыс» жəне т.б., яғни «ашық жер»).
Демек, қазақ тілінде бұл түбірдің жалаң күйінде кездеспейтінін,
тек сөзжасамдық қатардағы ортақ семантикалық арқауын байқап, ортақ
*аң түбірін жорамалдай аламыз: аңғал, аңғал-саңғал, аңқа: аңқысы кебу,
аңқай=, аңқы=,аңырай= , аңырақай «желі көп, құмайт, ашық жер» т.б.
*арба=
*ar түбірі көнетүркі ескерткіштерінде «алдау», «өтірік айту»,
«иліктіру» дегенді білдіреді. Арба= етістігінің *ar түбірімен төркіні
87
Шалкиіз жырау // Бес ғасыр жырлайды. Алматы, 19. 44-б.
88
С.Е.Малов. Памятники древнетюрской письменности. М., Л., 1961. С.362.
110
даусыз сияқты көрінеді. Солай болса да, осы етістік түбірінің эти-
мологиясына қатысты ғалымдар пікірі сан алуан. Бірқатар ғалымдар
арба= негізінің байырғы түбірі «магияны» білдіретін *ab болып табыла-
ды деп тұжырымдайды. Осындай жағдайда арба= туынды түбірін
метатеза нəтижесі деп те қарауға болады. Мұндай жағдайлар түркі тілінде
жиі кездеседі. Қараңыз: тебре?~тербе, өпке~өкпе, қақпа~қапқа жəне т.б.
Бұл тұрғыда ұқса= етістігін талдау қызығушылық тудырады.
Салыстырмалы-тарихи талдаудың көмегімен оның да метатезаға ұшы-
рағандығы анықталуда. Басқаша айтқанда, *ұқса= тұлғасын байырғы
деп санауға болмайды. Дұрысы – осқа=. Мұнда *ос түбірі осы, осындай,
осылай сөздерімен түбірлес болып табылады. Осы нұсқаға дəлел ретін-
де чуваш тіліндегі
89
ошқын «осындай», сондай-ақ алтай тілінде
90
– ошқо=
«осындай болу», «ұқсас», ошқол «ұқсас», ошқош «ұқсас» нұсқалары
қызмет етеді.
Жоғарыда баяндалған көзқарасқа байланысты арба= етістігімен
қазақ тіліндегі мынадай сөздерді түбірлес деп санауға болады: абжылан,
абдыра=, абыржы=, аптық=, абыр: абыр-сабыр, апақ-сапақ, апат,
аптап т.б.
*апшы=
Э.В. Севортян өз сөздігінде сондай-ақ av түбірінің қосымша ма-
ғынасын көрсетеді: 1) ұйғыр тілінде – «қуу», «спорт»; 2) түрік диа-
лектісінде «қуу», «қуып жіберу» /ЭСТЯ. 1 Т./. Бізге түбірдің осы мағына-
сы апшы= туынды түбіріне жақын сияқты. Семантикалық тұрғыда
бұл ойды нақтылайтын осы етістікті басқа да ИЕ-мен жақындастыруға
болады: аптық=, апыл=, абыржы=.
Сондай-ақ қазақ тілінде «əбігершілік», «қарбалас», «асығыс» жəне
т.б. жалпы мағынасындағы бірқатар туынды сөздер бар. Қараңыз: абыр-
сабыр, апай-топай,апақ-сапақ,апы кіріп күпі шықты, апыл-ғұпыл,
апыр-топыр.
*айық=
Тұлғасы түркі тілдерінің барлығында дерлік кездесетін туынды
түбірлердің, соның ішінде қазақ тіліндегі – айық= «өзіне өзі келу»;
айыр= «жару», «анықтау» т.б.; татар тілінің диалектісіндегі – айыл= «есін
жию» /ТРС. С.10/, хакас тіліндегі – айыл= «ояну», айын= «босау»,
89
Баскаков Н.А. Туба ... С.114 .
90
Пекарский Э.К. Словарь якутского языка. СПб., 1907. 1 Т. 100, С.144 .
111
«сауығу»; айығ= «есін жинау» /ХРС. С.21/, көне түркі тіліндегі аδ?γ
«сау», аδ?l =, аδ?n= «сауығу» /ДТС. С.14-15/ т.б. құрамы *ай түбірін
табуға мүмкіндік береді. Бұл түбірдің аффикстік морфемамен сіңіспеген
түбір тұлғасын Э.В.Севортян өз сөздігінде келтіреді /ЭСТЯ. 1 Т. С.113/.
* безе=
Біз қарастырып отырған негізді «əрлеу» мағынасындағы bediz
сөзімен байланысты қарастырған ғалымдардың пікірімен келісеміз.
Бұл безе= жəне bediz тұлғаларының ерекше семантикалық негізімен
дəлелденеді:
1. бедиз «өрнек» (қырғ.), бедер (қаз.)
91
;
2. bedi?=«бірлесіп əрлеу»; bediz «ою», «өрнек», «əрлеу»;
bediz= «безендіру»; bedizči «ағашты, тасты оюшы» /ДТС. С.90/.
* безер=
*без тұлғасын біз, біріншіден, чуваш тілінде
92
кездестіреміз.
Қараңыз: пис.= «салқындау», ауысп. «жатырқау», p?s?r= «қыраулану»
(p?s «қырау»). Екіншіден, татар тіліндегі – «қырау» жəне «қырау түсу»
мағынасындағы безер етістігі
93
/ТРС. С.17/.
Қазақ тіліндегі безер етістігінің мағынасы жоғарыда келтіріл-
гендермен салыстырғанда, ауыспалы деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |