Алматы «Сардар» баспа үйі


Дара түбірлердің бірінші түрі



Pdf көрінісі
бет59/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   116
    Бұл бет үшін навигация:
  • *Кілт
Дара түбірлердің бірінші түрі:
*Көн >көнші – изготвитель простого сорта кожи;
*Көң>көңіл – сердце, желание, охота;
*Көп>көпей – самый младший из детей;
*Көр>көрбай-жербай – всякая всячина; 
*Көс>көсти – вытянуться перед, торчать;
*Күз> осень;
*Күл>күлте – пучок, пучкообразный;
*Күң>күңшіл – завистливый;
*Кілт>кілттеу – закрыть на замок
*Қай>қайнақайық бурлить, скипеть; лодка;
*Тал>тал түсте – ровно в полдень;
*Тым>тым-тырыс- кругом тишина;
*Қақ>қақ бастан- ровно по лысой голове;
*Тыр>тырдай жалаңаш- совершенно голый;
*Тым>тым жақын – совсем близко;
*Тақ>тақ сол жерде – ровно в том месте;
*Күң> рабыня;
*Күр>күрең – темно-рыж;
*Кілт> ключ, отмычка т.б. 
*Қай>қайна – бурлить, скипеть;
*Қақ>қақпа – ворота; *қап>қапқа – ворота; (метатеза құбылысы)
*Қай>қайық – лодка т.б.
Этимологиялық сөздік түзудегі негізгі қиыншылық осы типтегі 
байырғы түбір мен туынды түбірді айыруға байланысты. Өйткені туын-
ды сөздердің құрамындағы байырғы, бір буынды түбірлердің мағы-
насының айқындарымен қатар көпшілігі мүлдем, не жартылай ұмыт 
болғандар. Мысалы, қай түбірі – ұмыт болған түбір, бірақ салыстыру 


125
арқылы (салыст. қаймақ, қайран т.б.) оның түркі тілдерінде о баста 
“сұйықтық бетінде қалқу” деген жалпылама мағынаны білдіруіне бай-
ланысты қайық сөзінің жасалғанын анықтауға болады. 
Мұндай түбірлер тек зерттелуші тілдің өзінде ғана емес, туыстас
түркі тілдерінің бірі болмаса бірінде кездесіп қалуы мүмкін. Эти-
мологиялық ізденіс барысында оны пайдалануға болады.
Дара түбірлердің екінші түрі кейбір тұрақты сөз тіркестердің 
құрамында негізгі компонент ретінде қолданылуы мүмкін. Олардың 
көпшілігінің мағыналары күңгірттеніп, кейбіреулерінікі ғана айқын 
болуы ықтимал. Олар этимологиялық жағынан ізденісті, басқа ұқсас 
элементтермен салыстыруды талап етеді. Өйткені олар осы тұрғанын-
да жеке-дара тұрса да, даралығы шартты түрде. Олар дара түбірлердің 
екінші түріне жатады:
*Тоқ >тоқ етері
*Қақ >қақ ортасы 
*Шырқ >шырқ айналу
*Тым >тым-тырыс
*Тап >тап болу
*Тал >тал бойы
*Хан >хан талас
*Шыр >шыр бітпеген
*Ор >ор қоян 
Бұл тəрізді дара түбірлер тілімізде мыңдап саналады жəне олар-
дың сол қалпындағы мағынасын ашу қиындыққа соғады. Олардың да 
біразын өз тілімізден тапсақ, біразын көрші туыс тілдерден табамыз.
Дара түбірлердің үшінші бір тобын құрайтын түбірлердің архетип-
тік мазмұнында мифтік этномəнерлік мағыналар сақталған.
Мысалы,АЛАМАН – мағынасы кең, əрі теріс əлеуметтік түсінікті 
білдіретін сөз. “Ала” сөзінің қазақ т.б. түркі-моңғол тілдерінде “ала” 
сөзімен бірге қолданылатын культтық, мифологиялық теріс мағынаны –
“ала жіп”, “алаш”, “алатопалаң”, “алақоржын”, “аламан”, “аласапы-
ран”, “аластау”, “алауыз”, “алашапқын”, “аласұру” т.б. мағыналарын 
білдіретіндігіне байланысты аламан сөзінің этимологиясын да ашу 
қиындай түседі[7,]. 
Дегенмен, аламан сөзіне жасалған кейбір этимологиялық талдау-
ларға шолу жасап көрелік. Зерттеушілердің кейбіреулерінің бұл атау-
дың “ала” “пестрый” мағынасынан туындаған деген пікірді қолдағаны,


126
ал қазақ совет энциклопедиясында (I-т.) моңғол тілімен байланысты-
рылып, арыстан, бұлан, құлан, жылан т.б. сөздерінің моделінде жасал-
ған жəне «олардың тышқанның, дəнге тоймайтын қомағай жəндіктің ін-
ге ұқсайтын ұртына теңеуден туған» деген жорамалына көңіл толмай-
ды. Автор өзінің бұл пікірін: “Біздің болжауымызша “аламан” атауы 
“ін” мағынасын беретін “алаш” сөзімен байланысты болса керек. 
Əрине, бұл жерде біз “аламан” атын оның (аламан тышқанның – А.Ə.) 
інде тұруымен ұштастыруынан аулақпыз. Сөз болып отырған тышқанға 
тəн, соған ғана меншікті бір қасиет бар. Ол қасиет – аламанның ұртының 
көлемі жағынан аумақтылығы, ол сол арқылы ол дəнді молырақ 
қамтып, інді лезде толтырып алуында. Оның дəнге толтырып алған екі 
ұртының алған өзінде-ақ кішігірім ін толып қалады екен. Осы қасиетін 
аламан тышқанның еске алғандықтан болар, оны кей жерлерде халық 
“алақоржын” деп те атайды»деп түсіндіреді [ҚСЭ, I].
Көріп отырғанымыздай, бұл жерде “аламан” атауының адамдар 
тобы туралы емес, егіске үлкен зиян келтіретін ашқарақ та, озбыр 
тышқанға қатысты сөз болып отыр [ҚТТС I; ҚТДС I]. Бір томдық «Қа-
зақ тілінің сөздігінде»аламан атауының омонимдік жігі айқын көрсе-
тіліп, “тышқанға” қатысты мағынасы алдымен көрсетіліп, адамға қа-
тысты мағынасы омоним ретінде екінші қатарда былайша беріледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет