Алматы «Сардар» баспа үйі


Еліктеуіш, елестеуіш, бейнелеуіш сөздер түбірі



Pdf көрінісі
бет55/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   116
3. Еліктеуіш, елестеуіш, бейнелеуіш сөздер түбірі. Қазақ ті-
лінде, жалпы жержүзі тілдерінің бəрінде де қолданылатын (орысша – 
ономотопоэтикалық сөздер деп аталатын) категорияның түбір құрау тə-
сілі өз алдына ерекше. Еліктеуіш түбірлер категориясына жататын 
түбірлер бір-біріне өте ұқсас, туынды түбірге айналу тəртібі бірін-
бірі қайталайтын тəрізді. Мұндай түбірлердің көпшілігі бір буынды
кейбіреулері жалпы мағынасын сақтаған, көпшілігінің о бастағы ба-
йырғы мағынасы ұмыт болған. Бұл түбірлердің көпшілігі ертеде та-
биғаттағы жарық-сəулеге еліктеуден, табиғаттағы əр алуан қимыл-
əрекетті елестетуден, образды бейнелеуден туындаған. Бұл түбірлер 
басқа сөздердің түбірлері сияқты тілде бір қалпын сақтайды, қалыптасқан 
сөзжасам модельдерімен туынды буынға айналып отырады. Сөзжасам 
модельдері міндетті түрде етістік жұрнағымен аяқталып, мағына бере-
тін дыбысты – идеофонды өзімен бірге қамтып отырады. Мыс.: тарс > 
тарсылда, шаңқ > шаңқылда, желп > желпілде, ерб > ербеңде т.б.
Еліктеуіш сөздерге көп мамандар менсінбей қарайды. Ал, олар 
шын мəнісінде тілдегі өте күрделі мəселе (2000-дай түбір бірліктер). 
Атқаратын қызметі де күрделі, ал шығу тегі жағынан ең байырғы, тіпті 
дыбыс тіліне дейінгі дəуірде қызмет істеген категория.
Оның атқарып келе жатқан еліктеуіштік, елестеуіштік жəне бей-
нелеуіштік қызметі күні бүгінге дейін қимыл етістіктерін толықтырып, 


121
бейнелеп айтуды əр түрлі үлгіде жүзеге асырып келеді. Еліктеуіш 
етістіктер қалыптасқан тұрақты тұлғасы болмаса да, сөздіктерде бері-
ліп, тілді байытуға қатысады.
Этимологиялық сөздіктерде олардың тұрақтанған талдауы қа-
лыптасқан. Еліктеуіш түбірлері (еліктеуіш, елестеуіш, бейнелеуіш түбірі 
ретінде) бір түбір ретінде анықталады. Сондықтан да сөздікте берілетін 
анықтама да үшеуіне бірдей десе де болады. Атап айтқанда: біріншіден, 
ең алдымен жалпы мəтінге қарап еліктеуіштің бір буыннан тұратын 
түбірі айқындалады; мағына бейнелі əрі жалпылама түрге ие; екіншіден, 
түбір жəне міндетті түрде түбірмен бірге тұратын бір дыбысты идео-
фон келтіріледі; үшіншіден, əрекеттің – еліктеуіштің заттануын білдіре-
тін -ыл//-іл форманты көрсетіледі, одан соң оны етістікке айналдыра-
тын 8 жұрнақтың сингармониялық варианты келтіріледі.
Сондықтан еліктеуіштердің талдауы төмендегіше беруді қалайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет