Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет96/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   116
ШАМАЛҒАН. Əрбір топоним жер бедері мен табиғат құбылысы-
на, жағырапиялық ортаға сай қойылу жайын ескерер болсақ, онда 


176
Шамалған атауының пайда болу, жасалу жолы да осы жағдаяттармен 
тікелей байланысты екені байқалады. Тілдік негіздерге қарағанда, атау 
шам + ыл + ған деген үш құрамды тұлғадан бірігіп барып жасалған. 
Оның бірінші сыңарындағы шам сөзі біраз түркі тілдерінде қарағай 
сөзімен мағыналас. Екінші құрамындағы –ыл (л) көптік жалғауының 
көне көрсеткіші. Ал үшінші сыңарындағы –ған – сөзі түркі тілдерінде 
ган~ген, кан~кен, хем тұлғаларында айтылады да, “өзен, су” деген 
мағынаны білдіреді. Демек, шамалған атауының түп-төркінін түркі-қазақ 
тілінен жасалған “қарағайы қалың сайдағы өзен, су” деген мағынадағы 
атау болар деп жобалайды Т.Жанұзақ. Əуел бастағы Шамылған атауы-
ның Шамалған боп өзгеріп аталуы, сөз арасындағы -ыл қосымшасы-
ның бара-бара, айтыла келе ал тұлғасына ауысуы (а~ы) кейін пайда 
болған құбылыс.
ШЕЛЕК. Т.Жанұзақтың пікірі бойынша, бұл атау шел жəне ек 
деген екі морфемадан құралған. Шел сөзі көне түркі тіліндегі йул – 
“бастау, қайнар, су” мəнін береді. Демек, Шелек – “бастау, қайнарлардан 
басталатын өзен” деген мəнге ие. Ғасырлар бойы ағып жатқан өзеннің, 
заңғар-заңғар, қатпар-қатпар тау басында мəңгі мұз, бастау бұлақтардан 
басталуы бұл атаудың мəн-мағынасын айқындап, дəлелдей түскендей.
ІЛЕ. Бұл көне атаудың шығу төркіні мен мағынасы жайлы əр-
қилы пікірлер болғаны мəлім. Ғ.Қоңқашбаев бұл қалмақтың иле – 
“жарқыраған”, “жалтыраған” деген сөзінен десе, Е.Қойшыбаев “Іле 
атауын көне түркілердің йел немесе иіл түбірімен байланысты деуімізге 
болады, семантикалық жағынан желек//еспе сөздерінің ауқымына келе-
ді” (43, 25-45) деп түйеді.Т.Жанұзақтың ойынша, Іле атауының түбірі
іл//ыл сөздері болса керек, өйткені М.Қашқари сөздігінде ол ыла тұл-
ғасында берілген. Бұл тұлғалы іл, ыл сөздерін республикамыздағы басқа 
да өзен аттарынан (Елек т.б.) кездестіреміз. Соған қарағанда іл//ыл əуел 
баста жеке мағыналы сөз ретінде “су”, “ылғал” мағынасын білдіріп, 
кейіннен үлкен өзендер ретінде, “дария” мағынасында айтылса керек. 
Яғни, Іле – “үлкен дария” деген мағынаға бейім келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет