Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет93/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   116
БЕТПАҚДАЛА. Бетпақ (зат есім) + дала (зат есім) сөздерінен 
жасалған атау. Проф. Қ.Жұбанов: “Бетпақ жалқы есім емес, сын есім 
тұлғалы жалпы есім мағынасы: “Бақытсыз” (иранның бад+бах сөздері)” 
десе (Жұбанов, 1966), А.Əбдірахманов: иран тілдеріндегі бəдбахт 
сөзінің екі мағынасының бірі – “бақытсыз”. Бетпақдала атауын жаса-
ған да, екіншісі – “оңбаған, бетсіз, арсыз” деген мағынада жəне ұрысу 
ретінде бетпақ түрінде əдеби тілге енген. Сонымен сөздің этимология-
сы мынадай: бад бахт (иранша – “бақытсыз”) + дала (түрікше “жазық 
жер”). Атаудың мағынасы: “аса ыстық, жаман шөл дала, жапан дүз”.


171
БОРАЛДАЙ. Қалмақ тілінде боралда «сусыз, қуаң боз жота, су-
сыз боз қырқа» екендігі рас, ал сөз соңында й дыбысы қазақ тіліндегі 
айтылу ыңғайына қарай қосылған қосымша. Демек, Боролдай атауы-
ның топонимдік мағынасы: «сусыз қуаң боз жота, көлбей созыла жат-
қан боз иенді қырқалар». Бұны жер бедері де растағандай.
Боралдай – кішігірім тау белесінің аты (Тянь-Шань сілемі), сонымен 
байланысты елді мекен жəне өзен аттары да кездеседі. Борал немесе 
бурұл формалары қазіргі қазақ тілі нормасында «бұрыс», «бұрма» немесе 
«теріс» ұғымын береді, таудың бітіміне қарай. Өзбек тіліндегі борма 
тоғлар тіркесі сол ұғыммен ұштасады. Боралдайдың өзге дублеттері 
Боралдайтау, Бурылтай, Бұрыл төбе формаларында келеді [44].
БҰЛДЫРТЫ – зерттеуші Ұ.Ержанова Ақжайық өңірінің топоним 
жүйесіндегі Аңқаты, Жымпиты тектес архетиптік құрылымын сақта-
ған атаулар қатарында Бұлдырты атауын талдау бырысында Б.Базыл-
ханның сөздігіндегі бұлдруу – «бұдыр жер», «қатпарлы», «бұжырлы жер» 
деп берген пікіріне қосылып, мұны да түркі-монғол туыстығының бір 
көрінісі деп қарайды. Демек, бұлдыр // бұлдруу // бұдыр // бұжыр т.б. 
сөздерді гомогенді түбірлер деп қарастыруға болады [44].
ЕСІК. Есік көлі суының тұнық қара көк, қыста қатты қатпайты-
нын, тағы да басқа жайларын ескеріп, халық оны «қасиетті, киелі» 
санаған. Бұған қарағанда Есік атауы көне түркі тілінде «ыстық», «ыссы» 
сөзінің бізге дыбыстық тұлғадан өзгеріп жеткен нұсқасы деуге болады. 
Демек, Есік көлінің мағынасы: «қасиетті, киелі көл» дегенге толық сай 
келеді.
ЕСІЛ. А.Əбдірахмановтың этимологиясы: түркі диалектілерінде 
йашыл // йасыл-иешіл // есіл // жасыл // жашыл болып айтылып жүрген 
осы көк түсті білдіретін сөзден Есіл гидронимі жасалған сияқты, яғни 
«жасыл өзен» деген мағынаны беретін көне түркі сөзі [45].
ЖАЙЫҚ. Өзен аты ІІ ғасырда жазылған грек ғалымы Птолемей-
дің еңбегінде Даикс түрінде кездеседі. Бұл сөздің түбірі - жай. Жаю, 
жайылу етістігінің де түп төркіні осы сөзден шығады. Осыған -ық 
жұрнағы қосылып, Жайық гидронимі жасалған. Оның алғашқы сындық 
мағынасын бір түбірден тарайтын «жайылған», «жайылыңқы» сөздері 
арқылы көрсетуге болады. 
ЖАЛАҢАШ. Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының еңбегін-
дегі «Жалағаш мойнағында, Орта Меркідегі екі-үш рет шайқас болды» 


172
деген сөйлемнен Жер атауы Жалаңаш емес, Жалағаш екенін байқауға 
болады. Яғни жал жəне ағаш деген сөздерден құралған. Ауыл орналас-
қан жер қу тақыр далаға емес, кəрікті ағаштар көмкерген тау бөктері 
екені мұны дəлелдей түседі.
ЖАРМА. Жар түбірі көптеген түркі тілдерінде кездеседі. Түркі 
тілдеріндегі негізгі мағыналары “жарқабақ”, “тік жаға”, “жыра”, 
“жартас” екендігін ескерсек, қарастырып отырған Жарма топонимінің 
түбірі жар элементінің негізінен “тік жаға, жар” жəне “жару, жыру” 
мағыналарындағы етістік-есім (синкретикалық) түбір сөз екендігі 
айқындалады. Топоним етістік жар тұлғасынан туындап, “жырылған, 
жарылған; жыра, жыралы жер” мағынасын білдіреді.
Жар түбір сөзі арқылы жасалған бұл атау Қазақстанның көптеген 
жерлерінде де кездеседі. Мұның себебі – жер рельефінің селмен, қар-
ғын сулармен жарылған, жырылған, шайылған тұстардың көптігінде [42].
ЖАРЫҚ. Е.Қойшыбаев жарық тұлғасы этникалық топ атын біл-
діреді дейді де, тува, хакас тілдеріндегі чарық//чарых тұлғаларымен 
салыстырады [43]. Э.М.Мурзаевтың пікірі бойынша, «Жарық сөзі түркі 
тілдерінің көпшілігінде: əзірбайжан тілінде йараг, түркімен тілінде ярыг
өзбек тілінде ерик, ноғай, татар тілдерінде ярык, тува чарык тұлғаларын-
да кездеседі де, “жер бетіндегі сызат, жарықшақ, жарық; шатқал; ағын 
сулармен қатты шайылып, тілімденген жыралар, сай” мағыналарын 
береді. Яғни Жарық топонимі белгіленіп отырған объектілеріне қатыс-
ты “ақпа сулармен тілімденген, жыралы, жарықшақты ойпаң жер (өзен)” 
мағыналарында қолданылады» деп санайды [47].
ЗЕРЕНДІ. Осы атаудың этимологиясына қатысты Ə.А.Əбдірахма-
нов мынадай деректерге сүйенеді: Жергілікті тұрғындар зерен – «бояу 
жасалатын шөп» деп түсіндіреді. М.Қашқари еңбегінде зерензе сөзіне 
«мақсары ұрығы да зерензеұрығы делінеді» деп түсіндірілген, яғни зе-
рен – (шөп аты) + ді (сын есім тудыратын жұрнақ) [46]. 
ҚАЗАЛЫ. Кейбір деректер бойынша елді мекен аты “қаза” деп 
аталатын балық аулау жабдығы атынан шыққан болса, басқа деректер 
бойынша, мұнда əділ қазылығымен халыққа жаққан бір адамға 
байланысты “Қазы елі” атанып, кейін “Қазалы” болып өзгерген дейді. 
Ал енді бір аңызда, ертеде осы өлкеде шалқыған көп көл болған. Көл бе-
ті жүзген аққу мен қаздан кəрінбейді екен. Осыған байланысты “Қаз
елі” атанған дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет