Бағдарламасы «Классикалық және қазіргі заманғы шығыстану»


Мәскеу университетінде шығыстану пәндерін оқытуды қолға алу



Pdf көрінісі
бет5/38
Дата01.12.2022
өлшемі1,36 Mb.
#54133
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
vost-m-kaz-2017

13. Мәскеу университетінде шығыстану пәндерін оқытуды қолға алу. Ресей 
шығыстану ғылымының Москва мектебінің негізін салушы А.В.Болдырев. Лазарев институты - 
ірі шығыстану орталығы ретінде. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы ресейлік ірі шығыстану 
орталықтарының бірі – Қазан университеті. Университет ғалымдары, ірі шығыстанушылар 
И.Н.Березин., А.К.Казем-бек., Ф.И.Эрдман., В.Ф.Диттель және т.б. Қазан университеті - ХІХ ғ. 
ортасында европалық деңгейдегі ірі шығыстану орталығы.
14. Петербургте шығыстану орталығының құрылуы. Шығыс тілдерін оқытуды 
дамыту. О.И.Сенковскийдің қосқан үлесі. Петербург университетінде 1854 ж. шығыс тілдерін 
оқытатын факультеттің ашылуы. Факультет деканы проф. А.Казем-бек. Факультеттің 
кафедралары: араб тілі, парсы тілі, түрік-татар тілі, монғол және қалмақ тілдері, қытай, еврей, 
армян, грузин, манчжур тілдері. Петербург университетінің ірі шығыстану орталығына 
айналуы. Басқа университеттерде шығыстану пәндерінің оқытыла бастауы. Шығыстанушылар 
Коллегиясының құрылуы, оның құрамы - В.В.Бартольд., Е.А.Бертельс., Н.Я.Марр., 
В.А.Гордлевский., И.Ю. Крачковский., А.Н.Самойлоович., В.В.Струве және т.б.
15. Ұлы отан соғысы жылдарында шығыстану институтының Ташкентке көшірілуі
Ленинград және Ташкент ғалымдарының шығыстану, Орта Азия тарихы мен мәдениеті 
бойынша бірігіп жүргізген еңбектері. Қазақстандық санаторий Бурабайда ленинградтық 
шығыстанушылар тобының болуы.
16. 1943 ж. Шығыстану институтының Москва тобының құрылуы. Академик 
И.Ю.Крачковский. Ұлы отан соғысы жылдарындағы әскери шығыстанушылар. Белгілі 
ирантанушы полковник И.С.Брагинский. Шығыстанушылардың дипломатиялық жұмысқа 
келуі. КСРО ҒА мүше-корр.Н.Т.Федоренконың Қытайдағы дипломатиялық қызметі. КСРО 
Тынық мұхит институтының Москвадағы ірі шығыстану орталықтарының біріне айналуы. 


Институттың зерттеу жұмыстары (Тынық мұхит бассейні елдерінің қазіргі сяси проблемалары 
және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет