. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
27
Алынған сатылы сигнал тегістеледі және күшейткіш пен динамиканы қолдану арқылы
дыбысқа түрлендіріледі.
Компьютерлік дыбыс сапасы дыбыстық тақташаның сипаттамалары арқылы анықталады:
дискретизация жиілігі мен кеңейтілімі (амплитуда мәнін жазуға бөлінген ұяшық көлемі).
Дискретизация жиілігі – 1 секунд ішіндегі кіріс сигналдары өлшемдерінің саны. Жиілік-
тің өлшем бірлігі – герц (Гц). Бір секунд ішіндегі бір өлшем 1 Гц-қа сәйкес келеді.
1 секунд ішіндегі 1000 өлшем – 1 килогерц (кГц). АЦТ дискретизациясына тән жиіліктер:
11 кГц, 22 кГц, 44,1 кГц және т.б.
Сондай-ақ егер де музыка жазудың басқа да форматтары туралы айтатын болсақ, онда
1983 жылы MIDI (
ағылш. Musical Instrument Digital Interface – Музыкалық аспаптардың цифр-
лық интерфейсі) стандарты жасап шығарылған болатын. Ол орындаудың биіктігі, ұзақтығы,
жалпы темпін білдіретін кодтар жүйесін анықтайды. MIDI-редакторы музыкантқа үйреншікті
секілді, музыкамен қарапайым нота секілді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оның артықшы-
лықтары: өте шағын жазба, құрылғыларды ауыстыру жеңілдігі, шынайы ноталардың әуен темпі
мен тонын өзгерте алу мүмкіндігі. Ал кемшілігі мұндай кодтау жүйесі тек инструменталды
музыкалар дыбысын жазуға ғана мүмкіндік береді. Сонымен қатар музыканы жоғары сапамен
және сығудың үлкен деңгейімен кодтайтын МР3 форматы да бар. Онда бір өлең жуық шама-
мен 3,5-8 Mb орын алады. Артықшылығы пайдаланушылар интернет желісінде 200-ден астам
музыкалық композициялармен ауысу мүмкіндігіне ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: