. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
32
пайдаланушы мен компьютердің тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен қатар қолданбалы про-
граммалардың тиімді орындалуы үшін пайдаланылады.
Жүйелі программалардың арасынан ОЖ (
ағылш. Operatingsystems) орталықтан орын
алады. ОЖ – бұл жүктеуді, жіберуді басқаруға және басқа пайдаланушының программасын
орындауға арналған программалар кешені, сонымен қатар компьютердің есептеуіш ресурста-
рын жоспарлау және басқару үшін, яғни дербес компьютерді қосқаннан өшіргенге дейінгі ком-
пьютер жұмысын басқару. Ол компьютерді қосқанда автоматты түрде жүктеледі, қолданушы-
мен сұхбат жүргізеді, компьютерді және оның ресурстарын (оперативті жадысын,
дискінің
бос орынын және т.б.) басқаруды орындайды, басқа программалардың орындалуын жүзеге
асырады және пайдаланушы мен программаға ыңғайлы қатынау тәсілі –
интерфейс компью-
тердің құрылғысымен қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, ОЖ компьютердің барлық ком-
поненттерінің жұмыс істеуін және өзара байланысын қамтамасыз етеді, сонымен қатар пай-
даланушыға оның аппараттық мүмкіндіктеріне қатынауға мүмкіндік береді. ОЖ жүйенің
өнімділігін, деректерді қорғау деңгейін, компьютерде жұмыс істеуге болатын программаларды
таңдауға, аппараттық құрылғыларға қойылатын талаптарды анықтайды.
Сервистік жүйелер
ОЖ-ның жүйеге қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтеді, пайдала-
нушы жұмысының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Бұл категорияға техникалық қызмет көр-
сету жүйесі, программалық қабықшалар мен ОЖ ортасы, сонымен қатар қызметтік програм-
малар жатады.
Техникалық қызмет көрсету жүйесі
– бұл бақылауды, тестілеуді және диагностиканы
орындауға, компьютер құрылғысының жұмыс істеуін тексеруге және компьютер жұмысының
үрдісіндегі ақауды табуға пайдаланылатын дербес компьютердің программалық-аппараттық
құралдар жиынтығы. Олар компьютердің техникалық құралдарын пайдалану және жөндеу
бойынша мамандардың құрал-саймандары болып табылады.
Пайдаланушының компьютермен ыңғайлы және көрнекті
интерфейсін ұйымдастыру
үшін
ОЖ-ның программалық қабықшасы пайдаланылады. ОЖ-ның программалық қабық-
шасы – бұл ОЖ ортасы ұсынғаннан өзге пайдаланушыға компьютер ресурстарын басқару бой-
ынша әрекетті орындауға мүмкіндік беретін программалар.
Қызметтік программалар
(
утилиттер, лат.
utilitas – пайда) – жұмыстың ыңғайлылы-
ғын және жайлылығын арттыратын немесе жиі орындалатын жұмысты жүзеге асыру бойынша
пайдаланушыға қосымша қызмет ұсынатын жүйелік ПҚ-ның типі. Кейбір утилиттер ОЖ-ның
құрамына кіреді, ал кейбір утилиттер өздігінше программалық
өнім ретінде нарыққа жет-
кізіледі, мысалы NortonUtilities (
Symantec) сервистік утилиттердің көпфункционалды пакеті.
Барлық жүйелік ПҚ сияқты утилиттер құжатты өндіру немесе есеп сияқты нақты мәсе-
лелерді емес, вирустарды оқшаулау немесе қатқыл дискінің қателерді диагностикалау сияқты
орталық компьютерге шоғырландырылады. Қызметтік ПҚ орнату шеберлерін, коммуникаци-
ялық программаларды, қорғау ПҚ мен диагностиканың құрал-саймандарын қамтиды.
Компьютердің базалық ПҚ сервистік, қосымша орнатылатын программалар жиынтығы
болып табылады. Оны функционалдық белгілері бойынша келесі түрде жіктеуге болады:
– компьютердің жұмысқа қабілеттілігін диагностикалау программалары;
– компьютерді қорғауды қамтамасыз ететін, вирустарды жұқтырған файлдарды табатын
және оларды қалыпқа келтіретін
антивирустық программалар;
– магниттік дискілердің бетінің сапасын тексеруді, логикалық және физикалық дең-
гейде файлдық жүйенің сақталынуын, дискілерді сығуын, дискілердің сақтандыру көшірмесін
құруды, сыртқы тасымалдауыштарға деректерді резервтеуді және т.б. қамтамасыз ететін дис-
кілерге
қызмет көрсету программалары;
– ақпаратты сақтау үшін жады көлемін азайту мақсатымен файлдарда ақпаратты сығу
үрдісін қамтамасыз ететін деректерді архивтеу программалары;
– желіге қызмет көрсететін программалар.
. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
33
Драйвер
– басқа ПҚ-ның қандай да бір құрылғысының аппараттық қамтамасыздандыруға
қатынауға мүмкіндік алатын жүйелік ПҚ-ның типі.
Негізінен ОЖ-мен аппараттық қамтамасыздандырудың кілттік компоненттері үшін жүйе
онсыз жұмыс істей алмайтын драйверлер жеткізіледі. Әйтсе де кейбір құрылғылар (видеокарта
немесе принтер сияқты) үшін, әдетте құрылғыны өндірушімен берілетін арнайы драйверлер
қажет болуы мүмкін.
Жалпы жағдайда аппараттық құрылғылармен драйвер өзара әрекет етуі міндетті емес,
ол тек ұқсата алады (мысалы, программадан файлға қорытынды жазатын принтер драйвері),
құрылғыны басқаруымен байланысты емес программалық сервисті ұсынады.
Программалық қабықша
– бұл экранға файлдық жүйені көрнекі бейнелеу мен осы
жүйе бойынша саяхат жасауға ыңғайлы құралды; ОЖ-мен сұхбаттың қарапайым және икемді
механизмін; барлық мүмкін болатын қызметтік функцияларды (файлдармен әрекет, ақпа-
раттық сервис және басқалар) қамтамасыз ете отырып ыңғайлы және түсінікті
интерфей-
сте компьютер ресурстарын басқару бойынша пайдаланушы әрекетті жүзеге асыруға мүмкін-
дік беретін кәдімгі қолданбалы программа. Кеңінен тараған қабықшалардың қатарына Far
Manager, Total Commander, Norton Navigator қабықшалары жатады. FAR Manager – ұзын атпен
файлдарды өңдеуді қамтамасыз ететін және қосымша функциялар жиынтығы бар, Windows 9x/
Me/NT/2000/XP үшін мәтіндік режимде жұмыс істейтін файлдарды басқарушы программа.
Total Commander – бұл Windows ортасында файлдармен және бумалармен жұмыс істеу тәсіл-
дерінің бірі. Қарапайым және көрнекі формада бір каталогтан екінші каталогқа ауысу, құру,
атын өзгерту, көшіру, ауыстыру, іздеу, файл мен каталогтарды
қарау және өшіру сияқты
файлдық жүйемен операцияларды орындауды қамтамасыз ететін программа. Total Commander
кәдімгі қосымша сияқты Windows-та іске қосылады, осыдан пайдаланушыда Windows-пен де
және басқа программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар.