Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет32/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47
Байланысты:
annotation155587

 
Әдебиеттер
1. Ақшолақов Т.Қ. Шығарманың кӛркем айшықтарын 
таныту. Алматы, 1994. 
2. Ахметов К.К. Әдебиеттану әліппесі. Алматы, 2000.
3. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім Құдайбердиев, творчестволық 
ӛмірбаяны /методикалық нұсқау/ Алматы, 1989.
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 
1997.
5. 
Дәулетбекова 
Ж. 
Оқушылардың 
танымдық 
қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997.
6. Хамзин М.Х. Қазақ романдарын қазіргі кезеңде 
оқыту мәселелері /оқу-әдістемелік құралы/ Жезқазған, 1993. 
7. Бітібаева Қ. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту. 
Мектеп баспасы, 2000. 


81 
Әділет Жексенбі, 
Жамбыл облысы Меркі ауданы
Темірбек Қожакеев атындағы №39
мектеп-гимназиясының қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҦНЫНДАҒЫ 
ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН КЕМШІЛІКТЕРІ 
«Балаға кӛп үйретемін деп, асығып шала-шарпы үйретуден 
гӛрі, аз болса да анықтап нық үйрету абзал» 
 А.Байтұрсынұлы 
Бүгінгі жиында әдебиет оқулығының құрылымына, 
әдебиет үлгілерінің нені басшылыққа алып, мектеп 
оқушысына ұсынылғандығын кӛтергім келеді. Қазақ ауыз 
әдебиеті рухани уызымыз. Әдетте 6-7-8-сыныптарда 
«әдебиеттік оқу» оқулықтарында ертегіден басталатын. Қазір 
ше? 5-сынып «Керқұла атты Кендебай , Қобыланды батыр, 
аңыз әңгімелер» оқып үйренеді; 6-сынып «Аяз би», 7-сынып 
«Қыз Жібек» жырын, 8-сыныпта ауыз әдебиеті үлгілері жоқ. 
Ал 9-сыныпта айтыс туралы шолу және Біржан-Сара айтысы 
берілген. Сонда оқушы ауыз әдебиеті түрлерінен толық 
мағлұматты қашан алады деген сұрақ туындап тұр. Мақал-
мәтел, жаңылтпаштар, тұрмыс-салт жырлары, айтыстың 
түрлері ерекшеліктері мүлдем берілмеген. Бұрындары 
талданып жүрген «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Қозы 
кӛрпеш-Баян сұлу» жырларының мектеп оқушысына 
таныстырылмай қалу себептерін әдебиетші мұғалімдер 
түсіне алмай отырмыз. 
Ежелгі дәуір әдебиеті – ұлттық мұра. Онымен ешкім 
сӛз таластырмайды алайда осы әдеби мұраның берілу 
жүйесіздігі оқушыға да мұғалімге де қиындық туғызып отыр. 


82 
7-сыныпқа ұсынылған ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңдері, 
«Күлтегін» жырын бұрын 9-сынып оқушылары талдайтын. 
Жыраулар поэзиясы 7-сыныпта Жиембет, Қазтуған 
жырау, 8-сыныпта Ақтамберді, Шалкиіз 9-сыныпта Бұқар 
жырау мен Нысанбай жыраулар арқылы беріліп отыр. Үш 
ғасырды қамтыған жыраулар поэзиясымен оқушы неге толық 
таныспайды және оларды әр сыныпқа бӛліп берудің мақсаты 
неде? 
С.Тұрсынғалиева, 
Г.Бәкеновалардың 
9-сынып 
оқулығында жыраулар толық қамтылған еді. 
Жалпы жаңартылған білім беру мазмұнына арналған 
қазақ әдебиеті оқулығының басты кемшілігі оқулықты 
құрастыруда әдебиет тарихын басшылыққа алмау деп 
білемін. Атап айтқанда, Ы.Алтынсарин – қазақ балалар 
әдебиетінің атасы. 5-9-сыныптар аралығында тек 5-сынып 
оқушылары Ыбырайдың «Дүние қалай етсең табылады», 
«Атымтай жомарт», «Қыпшақ Сейітқұл» шығармаларымен 
ғана танысады. Ұлы ағартушының педагогикалық қызыметі, 
алғашқы 
оқулығы, 
әңгімелері 
аудармалары 
басқа 
сыныптарда оқытылмайды. Биыл ғана қолымызға тиген 10-
сыныптың 
ЖМБ 
бағытына 
арналған 
оқулықтың 
құрылымы,мазмұны мұғалімдер қауымын алаңдатты. Абай 
мұрасына қанша сағат берсе де, кӛп емес алайда «сегіз 
аяқты» үш тақырыпқа, Масғұтты тарауларға бӛліп берудің 
себебі неде? Осы оқулыққа енген Айгүл Кемелбаеваның, 
Талап Сұлтанбековтың шығармаларын мектеп мұғалімдері 
қайдан аларын, қалай оқытарын ойлануда. Оқулық 
құрылымы XIX ғасыр, XX ғасыр, XXI ғасыр, қайтадан XX 
ғасыр әдебиеті ӛкілдерін қамтыған. Оқулық мазмұнының 
жүйесіздігі кӛрініп-ақ тұр. Аталған оқулықтардың ішінде 
құрылымы 
бойынша 
А.С.Ахтанова, 
А.Қ.Жүндібаева, 
Л.К.Жұмекеновалардың авторлығымен берілген 9-сынып 
оқулығы жүйелі жасалған. «Адам жанының құпиясы» 
тарауында Ілияс, Бейімбеттер қатарында Сейфулиннің 
шығармашылығы берілмеу себебі түсініксіз. XX ғасыр 


83 
әдебиетіндегі «Алыптар» тобынан С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин. 
Ә.Тәжібаев еңбектері 11-сынып оқулығына ене ме? 
Бүгінгі күні жаңартылған білім беру мазмұнына 
кӛшудің негізгі мақсатын бәріміз де түсініп отырмыз. 
Пәнаралық байланыс арқылы, шиыршық әдісімен білімді 
кеңейту сұрақтарына қолымыздағы әдебиет оқулықтары 
жауап бере ме? Қалай десек те, әдебиеттің тарихы бар
сондықтан авторларды ұсынуда олардың ӛмір сүрген дәуірі, 
кӛтерген мәселелерінің жүйелілігі сақталуы керек деп 
білеміз. 
Екінші бір ұсыныс: тәуелсіздік жылдардың әдебиетін, 
проза, поэзия, драматургия жанрындағы кӛркемдік деңгейі 
жоғары шығармаларды шолу, жеке-жеке емес, жоғары 
сыныптардың біріне шоғырландыру керек деп ойлаймын. 
Сонда бүгінгі мектеп оқушысы қазіргі қазақ әдебиетінің 
тынысын, кӛтерген мәселелерін, тәуелсіздік бағасын түсінер 
еді. Қорыта айтқанда оқулықтардың алдағы басылымдары 
жүйеленіп, әдебиет тарихында орны бар кӛркем дүниелер 
енеді деп сенеміз. 
Оқулық авторларынан мына мәселе бойынша сұрағыма 
жауап іздеймін, мысалы, жыраулар поэзиясы үлкен мұра. 
Олар елдік, ерлік, елді сыртқы жаудан қорғауды үндеді. Енді 
6-сыныпта Доспамбет жырау, 7-сыныпта Жиембет пен 
Қазтуғанның, 8-сыныпта Ақтамберді мен Шалкиіздің, 9-
сыныпта Бұқар мен Нысанбайдың мұраларының жеке-жеке, 
шашылып берілу себептерін түсінгім келеді. Олардың 
шығармаларындағы кӛтерілген мәселе ортақ қой. «Арман-
пв» баспасынан шыққан 9-сыныптың оқулығында жыраулар 
поэзиясы «XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы» 
тақырыбымен беріліп, 9 жырау талданатын. Оқушылар 
әрқайсысының 
ӛмір 
жолын, 
шығармашылығындағы 
ерекшеліктерді салыстыра талдайтын. 


84 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет