94
Шәкірттеріміздің кӛркем әдебиет сүйіп оқуына ықпал
ететін
сегізінші қадам – мектеп-интернат
қабырғасында
ҥздіксіз жарық кӛріп жатқан кітаптар мен жинақтардың
әсері. Екі жылдың ішінде мектеп-интернат қабырғасында
жиырмадан аса кітап жарық кӛрген.
Бұл жинақтардың бәрі де
– оқушылардың жазған эссе, шығарма, ӛлеңдер жинағы және
ақын, жазушы шәкірттердің жеке жинақтары.
Оқушының ӛзіне деген сенімін арттырып және іс-
әрекетін демеп, қабілетін дамытып, оның ары қарай дамуына
бағыт-бағдар бере білу – ерекше қиын іс. Алайда әр баланың
жеке қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеу –
ұстаз
парызы. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар ӛте кӛп.
Ӛйткені XXI ғасыр – білімділер ғасыры. Білім сапасын
арттыру, окушылардың дарындылығын айқындап,
біліміне,
ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқытып, ғылыми ізденіс
қабілеттерін қалыптастыру – міндет. Ендеше бізге ой-ӛрісі
жоғары дамыған, зерделі ұрпак тәрбиелеу керек екенін естен
шығармауымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: