салттарымен байланысты тұрмыстық өлеңдер, халықтық күнтізбе, сонымен
қатар тарихи аңыздар, әпсаналар, ертегілер, мақалдар, мәтелдер және
жұмбақтар түрінде ұсынылады.
Сонымен қатар ауызекі халық шығармашылығында VІ-VІІІ ғғ. өзінде
орхон ескерткіштерінде тіркелген ежелгі дастандар мен эпостық поэзия
дәстүрлері туындаған. Оның элементтері V – VІІ ғғ. оқиғаларын баяндайтын
Күлтегін мен Білге қағанның қабыр басындағы стеллалар мәтіндерінде
көрініп тұр. Күлтегін жазбасы эпитеттер мен метафораларға толы, олар кейін
де дәстүрлі болып, ұрпақтан ұрпаққа өткен. Ежелгі поэтикалық дәстүрмен,
мысалы, Күлтегіннің жауынгер аттарының лақаптары байланысты: «Ак-
оксиз», «Ак-адман», «Башгу-Боз», орхон мәтіндеріне тән «көк», «ақ»,
«күшті» эпитеттері.
Күлтегін жазбасы кейіннен эпосқа өткен салт поэзиясының мотивтерін
сақтайды. Батырлардың әр түрлі эпостық аттары болады: Мойыншор
Контери (тас қабық терілі), Арслан – юракли (арыстан жүректі), Елтуган –
тутык (халық қорғаушысы). Батырлардың жалпы синонимдері – Алып (өте
үлкен қаһарман), Ер (батыр).
Сол уақыттағы халық шығармашылығының дамуы туралы түсінікті
поэтикалық халықтың даналығы, мәдениеті мен өмірлік тәжірибесі
бейнеленген көптеген мақалдар мен мәтелдер береді. Нақты нақыл сөздерде
ғибрат және кеңестер берілген, адам кінәраттары келекеленген. Ауызекі
шығармашылығының мысалдарын келтірейік. Еңбек туралы мақалдар:
«Еңбек далада қалмайды», «Тас басты жарады, еңбек тасты ұсақтайды»,
«Соқа жанында бекітілген одақ, егін ору кезінде жоғалмайды», «Күздің
келері көктемнен белгілі». Тұрмыстық мақалдар: «Диірменде туған тышқан
күн күркіреуінен қорықпайды», «Киізі бар адам су болмайды», «Біреуге ор
қазба, өзің түсесің», «Атылған жебе қайтып келмейді», «Түйеге мініп, бір
қора қой ішінде жасырына алмайсың» және басқалары.
Махмұд Қашғари сол уақыттың ауызекі поэзиясына үлкен ықпал еткен
ақындар мен аңыз-жыр айтушыларға сілтейді. Олардың ішінде ол ежелгі
аңыз-жыр айтушы Шөженің атын атайды.
Достарыңызбен бөлісу: