Эпостық өнер. Тікелей Қазақстан аймағында түркі тіліндегі белгілі ең
ежелгі эпостар құралған – «Қорқыт ата» және «Оғыз-нама».
«Қорқыт ата» эпосы Сырдария бассейнінің қыпшақ-оғыз ортасында VІІ -
Х ғғ. пайда болып ауызша таралған. Тек ХІV – ХVІ ғғ. ол азербайжан және
түрік жазушыларымен «Қорқыт ата кітабы» прозалық шығарма түрінде
жазылған. Дәл осының арқасында бізге эпостың оғыздық нұсқасы белгілі.
Эпос оғыз батырлары мен қаһармандарының батырлық хикаялары туралы 12
дастаннан және әңгімеден құралған, оқиғалар Сырдарияда, Орта Азияда,
Кавказда және Сарыарқа даласында (Сардала эпосында) орын алады. Эпоста
үйсіндер мен қаңғлы тайпалары туралы, Оғыздардың ішкі және сыртқы деп
бөлінуі туралы айтылады. Хикаяны айтып отырған Қорқыттың өзі нақты
тұлға, Қият оғыз-қыпшақ тайпасының бекі болған. Қазақтар оны қобызға
арналған музыкалық шығармалардың, эпостық жанрдың және емдеу өнерінің
негізін салушы деп есептейді.
«Оғыз-нама» эпосы алғашқы рет ХІІІ ғ. Рашид ад Дінмен, содан кейін
ХVІІІ ғ. Әбілғазымен жазылған, бірақ өзі бұдан көп ерте пайда болған.
Кейбір ғалымдар пікірінше бұл эпос Жетісуда немесе Қашғарияда қарлықтар
тайпаларымен шығарылған. Эпостағы басты кейіпкер – Оғыз-қаған, ол
табиғаттан тыс күштерге ие болған деп есептелген. Дастан Оғыз-қағанның
балалық шағы, оның ерліктері, біркөзді Қият алыпын жеңгені, оның
үйленгені және Күн, Ай, Аспан, Тау, Теңіз атты ұлдарының туылғаны туралы
жазылған. Ұйғыр халқының билеушісі болғаннан кейін Оғыз-қаған
көршілерімен Алты (Қытай) және Урум (Рум – Византия) билеушілерімен
соғыс жүргізеді. Эпоста славяндардың (Урусбек – оглы Саклаб),
қарлықтардың (Кагырлык – бек), қанғарлардың (Биллик Кангалук),
қыпшақтардың (Улыг Орду – бек Кыпчак) шығу тектері туралы айтылады.
Исламның таралуы кезеңінде Жазбаша әдебиет негізінен қалаларда
дамыған. Сюань Цзань куәлігі бойынша жазбаша әдебиеттің дәстүрі VІІ
ғасырдың басында қалыптасады. Ол былай деп жазады: «Тұрғындардың әр
қашан тек бірнеше тарихи жазбалары болады. Олар мәтіндерді жоғарыдан
төменге оқиды және бір-біріне саналы кітаптар береді. Сөйтіп, әдеби білім
алу үздіксіз жалғасады».
Х-ХІІ ғғ. ірі әдеби шығармалар пайда бола бастайды. Білімді билеуші
атағын алу үшін қараханидтер сарайларында мәдениет дамуына ірі үлес
қосқан ақындарды, ғалымдарды, сәулетшілерді, құрылысшыларды және
астрологтарды ұстаған.
Кутатгу билик. «Кутатгу билик» (Берекелі білім) дастаны осы дәуір
шығармашылығының ең ірі әдеби туындысы болып табылады. Бұл дастанды
Баласағұнның хаджибы – Юсуф Хас Сатық Қараханид мемлекетінің
билеушілерінің бірі Богра хан үшін жазған. Юсуфтың әкесі белгілі музыкант
болған және «Дарди Хусани» қобызға арналған шығарманы Баласағұн
билеушісіне арнаған. 1015 ж. туған Юсуф сарайда тәрбиеленеді. Ол
Қараханид мемлекетінің барлық ірі ғылыми және әдеби орталықтарында
болған, көптеген түркі тілдерін, сонымен қатар, парсы, араб, қытай тілдерін
меңгерген. Бұдан басқа ол тарих, астрономия, геометрия және басқа да
ғылымдарды зерделеген. Шамамен 1069 ж. Юсуф атын мәңгі еткен дастанын
жазған, автор материалдарды 30 жыл бойы жинаған, ал жұмыстың өзі бір
жарым жыл уақыт алған. Шығарманың жалпы көлемі – 13 мың қос шұмақ.
Дастан негізі ретінде Жетісу ауданымен, Ыстық Көл Қашғария көлінің
бассейнімен байланысты оқиғалар мен аңыздар алынған, кейіпкерлері –
тарихи қайраткерлер. Дастанда Баласағұн, Тараз, Қашғар қалалары,
Сырдария өзені, шігіл, қарлық, оғыз тайпалары аталады. Дастан диалогтар,
нақыл сөздер, ғибраттар түрінде жазылған. Терең мазмұны мен жарқын
поэтикалық тілі оны өте танымал етті. Барлық сауаты бар адамдар үшін ол
қолдан түсірмейтін кітап болды. Дастанның негізгі идеялық мазмұны - білім
- билеушілер үшін де, халық үшін де амандық саулықтың жалғыз көзі деген
түсінік. Юсуфтың пайымдауынша мемлекетті берекелі білімге ие, білімді
билеуші басқару керек.
|