Алматы 2016 жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі


алагеуім, батшағар – патшағар



Pdf көрінісі
бет32/41
Дата02.12.2022
өлшемі308,09 Kb.
#54474
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
0-Жалпы-білім-берудегі-қазақ-тілінің-жиілік-сөздігі

алагеуім, батшағар – патшағар, жекжат – жегжат, ада-күде – ада-гүде, 
немқұрайлы – немқұрайды т.б.);
в) орфографиялық сөздікте бөлек жазылған біртұтас мағынаны білдіретін 
кейбір сөздер, соған қарамастан, соңғы үлкен түсіндірме сөздіктегі
18
 тұлғалануы 
бойынша қос нүктемен берілді: алғы: алғы сөз; үй: үй іші; ауа: ауа райы, əр: əр 
алуан, дер: дер кезінде, елді: елді мекен, жек: жек көру, жер: жер шары, жүзеге: 
жүзеге асыру, кез: кез келген, өмір: өмір бақи, сан: сан түрлі, тұла: тұла бойы 
т.б.;
г) одағай сөздер құрамындағы -ай, -ау шылаулары негізгі сөзден ажыра-
тылмады, ал басқа сөздерде -ақ, -ау, -мыс, -ай шылаулары бөлініп, сөзтізбеге 
18
Қазақ сөздігі. Бас редакторы. Н.Уəли, Алматы: «Дəуір», 2013. – 1488 б.


41
жеке шығарылды: мысалы, -ай: балам-ай, жаным-ай; ақ: бəлсінбей-ақ, бəріміз-
ақ, бекер-ақ, бергендей-ақ, бес-ақ, болар-ақ, бөлмей-ақ, бүгін-ақ; -ау: бүлдірді-ау, 
білген-ау, дейміз-ау, достар-ау, дұрыс-ау, едім-ау; ай: екен-ай, елім-ай, жалғызым-
ай, жануар-ай, жаратқан-ай, жатқанын-ай; мыс: жатыпты-мыс, жеткізген-
мыс, келіпті-мыс т.б. сөздер құрамынан бөлініп алынды. Мұндай шылауларды сөз 
құрамынан бөліп алуымыздың өзіндік себептері бар. Өйткені мұндай шылаулар, 
біріншіден, сөздердің түрлену парадигмасына жатпайды, екіншіден, кез келген 
сөзге сөйлеу мақсатына қарай қолдана беруге болады, үшіншіден, жалпы шылау-
лар көмекші сөздер болса да, дербес лексикалық бірлік ретінде жеке сөз табын 
құрайды. 
ғ) бейканондық лексикаға жататын көңіл күй одағайлары мəтіндерде 
адамның əртүрлі эмоциясын бейнелеу үшін алуан түрлі дыбыстық нұсқалармен 
берілді. Мысалы, Ойбуууй, ойби, ойбааай, ойбаяй, ойбайоу немесе оххх, охх т.б. 
Алайда сөзтізбеде олардың көбі өңдеу кезінде қысқартылып, мүмкіндігінше 
нормативтік сөздіктерде бекітілген түрге түсірілді.
д) ауызша формада редукцияланатын кейбір сөздердің сөйлеу тіліндегі вари-
анттары қалдырылды: мысалы: алмайм, көрем, жазам т.б. 
Тілімізде кейбір сөз тіркестері сөйлеу барысында дыбыстық құрамы кірігіп, 
біртұтас лексикалық бірлікке айналады. Сөз тіркестерінің универбтену процесінің 
көрінісі ретінде нормаға түспесе де, осындай бірлі-жарым сөйлеу тіліне тəн 
қолданыстар берілді. Мысалы, баратқанда, баратыр. Мұндағы мақсат – сөйлеу 
тілі элементтерінің жазба мəтінде таңбалану мəдениетіне арналған ізденістер 
үшін құнды болып табылатын мəліметтерді сақтап қалу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет