42
(арқалас), бозым (айыр өркеш түйе), бұлаңшы, турамыш (тамақ түрі), боқша
(сөмке), əгүршік (қияр) т.б
19
;
г)
жиілік сөздікке алынған мəтіндерде көне сөздер мен көне формалар да
ұшырасады. Бұлардың түсіндірме сөздіктерде мағыналары берілгендіктен, сөз-
тізбеде сақталды. Мысалы,
албыс (албасты), беркіді (берік болды), бұғра (лауа-
зым аты) т.б.;
ғ) жиілік сөздік базасындағы мəтіндерде мемлекет, жер т.б. географиялық
нысан атауларынан жасалған
-лық/лік тұлғалы қатыстық сын есімдердің бірлі-
жарымы екі түрлі нұсқада кездесетіндігі байқалды. Мысалы,
америкалық –
американдық, италиялық – итальяндық. Бұлардың біріншісі (
америкалық,
италиялық) қазақ тілінің сөзжасамдық нормасына сəйкес болса, екіншісі
(
американдық, итальяндық: орыс тіліндегі
-н- сына дыбысы – интерфиксі
қазақ сөзінде сақталмауы тиіс)
қ а т е қолданыс. Алайда екеуі де сөзтізбеде өз
жиіліктерімен берілді, мұндағы мақсат – қазіргі жазба мəтін мəдениетіне қатысты
ортологиялық зерттеулер үшін құнды болып табылатын деректерді сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: