Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Есіңде ме, бір кезде жындардың бір тобын Құран тыңдату үшін



Pdf көрінісі
бет105/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

"Есіңде ме, бір кезде жындардың бір тобын Құран тыңдату үшін 
әдейі саған қарай бағыттаған едік. Құранды тыңдауға келген уақытта 
бір-бірлеріне: «Тыныш, тыңдаңдар» деді. Оқылып біткеннен кейін 
әрқайсысы қауымдарына (Аллаһтың ауыр есебінің, азабының бар 
екендігін) ескертуші болып қайтты. 
"Ей, қауымдастар! Біз Мұсадан (а.с.) кейін түсірілген, өзіне 
дейінгілерді (кітаптарды) мақұлдайтын, хаққа және тура жолға 
бастайтын бір кітапты тыңдадық. 
Ей, қауымдастар! Аллаһтың елшісінің үндеуіне үн қосыңдар. Оған 
иман келтіріңдер. Аллаһ та сендердің күнәларыңды кешіріп, ауыр 
азаптан құтқарсын!" (Аһкаф сүресі 29-31 -аяттар) 
Нахлада тынығып алған соң пайғамбарымыз Меккеге бет түзеді. Ол 
Меккеге құрайыштардың оңайлықпен кіргізе қоймасын білетін. Сол кездің 
әдеті бойынша біреуге арқа сүйеп, қамқорлығына кіруі қажет. 
Сол себепті Хира тауына жеткен соң хабар салып мүшрік Мутим ибн 
Адиден өзін паналатуын өтінеді. Мутим пайғамбардың өтінішін жерге 
тастамай, ұлдарын қаруландырып өзі бас болып пайғамбарды Меккеге алып 
келеді. 
Мүшріктерге, әрине, Мутимнің мұнысы ұнамады, бірақ бетіне басып 
айтқан ешкім болмады. 
Мұхаммед (с.а.у.) қаны қайнаған мүшріктердің көз алдында Қағбаны 
тауап етті. Харам мешітінде екі рәкат намаз қылып, үйіне қайтты. 


166
ИСРА
(Түнгі сапар)
 ЖӘНЕ МИҒРАЖ 
(Ең жоғарыдағы мекен. Пайғамбарымыздың (са.у.) Аллаһ 
Тағаланың құзырына көтерілу мұғжизасы) 
МУҒЖИЗАЛАРЫ 
Хижреттен бір жарым жыл бұрынғы рәжәп айының жиырма жетінші 
түні. Осы түні пайғамбарымыздың ең үлкен муғжизасы - Исра мен Миғраж 
жүзеге асты. 
Жебірейіл періште Мұхаммедті (с.а.у.) Харам мешітінен алып, пыраққа 
отырғызған күйі Ақса мешітіне
Иерусалимдегі қасиетті мешіт. Пайғамбарлардың ежелгі ғибадатханасы. 
Бәйтул-Мақдис деп те аталады. Жер жүзіндегі тұңғыш құрылыс - Қағба болса, екінші - осы Ақса мешіті 
алып 
келді. Сол жерден көк жүзіндегі керемет тылсымдардың және Аллаһ 
Тағаланың құдіретін көрсететін айғақтарды бір-бірлеп көрсету мақсатымен 
ғарыштың әрбір қабатына жоғарылатты. Сидратул-Мунтаһа деп аталатын ең 
жоғарғы қабатта мекен, мерзім ұғымдарынан тыс ұлы Жаратушы Аллаһ 
Тағаламен жолығып, керемет кәламын есту құрметіне ие болды. Сол түні 
құдіреттің арқасында көз ілеспес жылдамдықпен келген жеріне қайта 
оралады. 
Аллаһ Тағаланың сүйікті елшісінің бұл муғжизасы жайлы Құран 
Кәрімде төмендегідей баяндалады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет