Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ТАЙФҚА САПАРЫ



Pdf көрінісі
бет104/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ТАЙФҚА САПАРЫ 
Ынсапсыз мүшріктер Әбу Тәліп пен Хазіреті Хадишаның өліміне 
қуанып қана қоймай, азалы сәтті пайдаланып, Хазіреті Мұхаммедке 
шабуылдап, зықысын шығарды. Түс-тұстан тырақайлап бас салатындары 
сондай, ардақты Пайғамбарымыздың дінді уағыздауға шамасын келтірмейді. 
Зығырданы қайнаған оны міндетіне деген адалдық туған жерінен 
жырақ кетуге жетелейді. Пайғамбардың таңдауы Сакиф тайпасының мекені - 
Тайфқа түседі Мақсаты - сакифтерді Исламға тартып, олардың арасынан 
өзіне арқа тұтар адамдар дайындау. 
Тайф - Арабстанда бау-бақшасымен, мол жеміс-жидегімен аты шыққан 
жасыл желекті мекен. Сондай-ақ Расулаллаһтың сүт анасы да Тайфқа жақын 
маңда. Пайғамбарымыз Тайфтағыларға үлкен үміт артып, мұсылмандықты 
мойындар деген оймен жолға шыққан. Пайғамбарлықтың оныншы жылы
шәууал айының жиырма жетінші күні қасына Зәйд ибн Харисаны ертіп 
Меккеден шыққан ол Тайфқа келген бойда сакиф тайпасының аузы дуалы 
деген ақсақалдарымен жүздесуді жөн көреді. Өзінің келгендегі мақсатын 
айтып, қауымынан қолдау таппағанын баяндап, үндеуіне үн қосып, тура 
жолға түсулерін, қолдау көрсетулерін өтінді. Өкінішке қарай, он күн бойы тіл 
майын тамызып тәухидке шақырғанымен "сенікі дұрыс" деген жан баласы 
шықпады. Қолдамағандары былай тұрсын, ит қосып айтақтап, содыр-
сойқандары сойылмен қуып, жан-жақтан тас жаудырып, қан-жоса қылды. 


163
Сакиф тайпасы басшыларының бірі: 
"Аллаһ Тағала пайғамбарлыққа сенен басқа адам таппапты ма?" - деп 
оттаса, енді біреуі: 
"Менің саған айтар сөзім жоқ. Егер сен шынымен пайғамбар болсаң, 
айтқандарыңа қарсы шығып, басымды бәлеге соққым келмейді. Ал егер 
жалған айтып жар салған болсаң, босқа басымды неге қатырайын?" - деп 
басын ала қашты. 
Сүйікті Аллаһтың Елшісі сакифтерден қайыр келмесін түсініп, кетіп 
бара жатып: 
"Сендерден соңғы өтінерім - ең болмаса айтқандарымыз арамызда 
қалсын, жұртқа жаймаңдар", - деді. 
Көңілдері перделенген сакифтердің үлкендерінің өзі: "Өтініш 
айтатындай кім едің сен? Тез көзіңді құрт. Өз ағайындарыңа сөзіңді өткізе 
алмай, бізге сіңіскің келді. Оңайлықпен қулық асырмақ болдың ғой. Бізден 
аулақ жүр, ешбір өтінішіңді қабылдамаймыз", - деп пайғамбарға тас 
лақтырып, өршелене жүгірді. 
Арсыз, ұждансыз тайфтықтардың әрбір соққысына кеудесін тосып, 
пайғамбарға қорған болуға ұмтылған Зәйдтің де үсті-басы қанға боялған. 
Жан-жақтан тас жаудырған қаныпезерлер алдарындағы екеу қиналған сайын 
қарқ-қарқ күлкіге кенелді. 
Екеуі 
қаныпезерлерден қашқан күйі 
жүзім бақшасына кіріп 
жасырынды. Әбден әлі құрыған Хазіреті Мұхаммед бақшаның кіре 
берісіндегі жүзім ағашының астына жер бауырлап жата қалды. Бұл баудың 
иесі - Утба және Шайба деген екі ағайынды жігіт. 
Пайғамбарымыз солығын баса алмаған күйі Аллаһ Тағалаға жалбарына 
бастады: 
"Жаратқан жан ием! 
Әл-дәрменімнің азайып, шарасыз қалғанымды, халықтан теперіш көріп 
қиналғанымды тек саған айтып шағымданамын. 
Қайырымдылардың қайырымдысы Аллаһым! 
Әлсіздердің жарылқаушысы, мүсәпірлердің қорғаушысы жалғыз 
өзіңсің. Менің раббым да сенсің. 
Сенің мейірімің де шексіз, қатыгез дұшпан қысымына ұшыратпау да 
сенің қолыңда. 
Рақымды да, мейірімді Аллаһым! 
Сенің қаһарыңа ұшырамасам болды, басқа азаптың бәрі өткінші. Сонда 
да сенің қайырымдылығыңа сиынамын. 
Уа, Жаратқан! 
Сенің қаһарыңа душар болудан, ризашылығыңнан аулақ қалудан, 
өзіңнің қараңғылықты сейілтетін, ақыретке дейін ұласатын нұрыңа 
сиынамын. 
Уа, Құдіретті Аллаһым! 
Сенің ризашылығыңды тілеймін. Мұлт кетсем кешіре гөр! Барша 
құдіреттің иесі сенсің!" 


164
Жүзімдіктің иелері Хазіреті Мұхаммед пен Хазіреті Зәйдке жасалған 
қиянатты сырттай көріп, аяушылық білдіреді. "Кім де болса, адамның баласы 
ғой, ең болмаса солығын алсын", - деп құлдары Аддас арқылы оларға бір 
табақ жүзім беріп жібереді. 
Аддас құл "Ләббай, тақсыр" деп зымыраған күйі жүзімді алып, бақшаға 
келеді де Аллаһ Елшісіне ұсынады. Расулаллаһ "Бисмиллаһ" деп, жүзімнен 
үзіп алып, аузына салады. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) айтқанына 
ден қойған Аддас кідіріп қалады. Іштей "Уаллаһи, бұл сөзді бұл аймақтың 
халқы білмейді, айтпайды да" - деп ойлады. 
Мұхаммед (с.а.у.) құлдың ойын дөп басқандай: 
"Ей, Аддас! Сенің жұртың қайда? Қай дінге бағынасың?" - деп 
сұрайды. 
Аддас: 
"Ниновалықпын, христианмын", - деп жауап береді. 
"Олай болса, сен ақиқаттың бастаушысы Юнус пайғамбардың жерлесі 
болып шықтың ғой?!". 
"Сен Юнус пайғамбарды қайдан білесің?" 
"Неге білмейін, ол - менің бауырым. Юнус — пайғамбар. Мен де 
пайғамбармын." 
Аддас құлағына сенбей, сезімін тежей алмай, Расулаллаһты құшақтап, 
аяғына жығылды. 
Сырттай болғандарды бақылап отырған бақша иелерінің бірі 
екіншісіне: 
"Көрдің бе, әне, бетіне күле қарап едің, құлыңның басын айналдырып 
алды. Танымай-білмей жатып жақсылық жасаудың соңы неге ұрындырар 
екен?" - деп кіжінді. 
Аддас қайтып келгенде екеуі бірден: 
"Кімнің құлы екеніңді ұмытып, есіңнен танып қалдың-ау, сірә. 
Айдаладағы біреудің аяғына жығылғаның не?" - деп дүрсе қоя берді. 
Аддас еш қысылмастан қожайындарына: 
"Жер бетінде осы адамнан артық, одан қайырлы жан жоқ. Мен одан 
керемет нәрсе естідім, оның айтқандарын пайғамбардан басқаның білуі 
мүмкін емес. Ол - пайғамбардың нағыз өзі", - деп жауап берді. 
Пайғамбарымыз сәл тынығып, сергіген соң жүзім бақшасынан шығып, 
Мекке бағытында жол алды. Сакиф тайпасына зәредей де болса ақиқатты 
ұғындыра алмауы жүрегін сыздатып, көңілін құлазытты. Амалсыздан 
үйреншікті соқпақпен ілгерілей берген. Меккеге екі күндік қашықтық 
қалғанда төбесінде бір шөкім бұлттың көлеңке түсіріп келе жатқанын 
аңғарды. Бажайлап қарағанда бұлттың ішінен Жебірейілді көрді. 
Жебірейіл періште Мұхаммедке (с.а.у.): 
"Аллаһ саған халқыңның айтқандарын есітті. Сонан соң мына тауларға 
да сөзін өткізетін періштені жіберді. Қауымыңның басына азап төндіргің 
келсе, әп-сәтте тілегің орындалады", - деуі мұң екен таулар әміршісі - 
періште пайда болып, пайғамбарға басын иіп, қаласа Әбу Құбайыс пен 


165
Құайқан 
тауларын 
мүшріктерді 
тып-типыл 
ететіндей 
бір-біріне 
жақындастыра алатынын айтты. 
Бірақ мейірім шуағының қайнары Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) талабы 
өзгеше. 
"Жо-жоқ, менің жалғыз тілегім - Хақ Тағала осы мүшріктердің 
ұрпақтары арасынан болса да Аллаһтың бірлігін мойындап, тек соған ғана 
табынатын нәсіл жіберсе деймін." 
Екі дүниенің нұры, пайғамбарлар падишасының мақсаты-адамдарды 
қарғыспен жою немесе азаппен қинау емес, керісінше адамдыққа ұмтылдыру, 
иманмен сусындату, мәңгі бақытқа жеткізу. Әр қадамын басқан сайын осы 
мұратқа қол жеткізудің жөн-жосығын қарастырып, әрбір ісінде, осы бақилық 
мақсатын жүзеге асыруды көздейтін. Сондықтан да оның өмірінің әрбір 
минуты ғибадатқа есептеліп, әрбір сәті нұрлы амалдарға саналып артта 
қалып жатты... 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Меккеге кірмес бұрын Нахла деген жерде бой 
жазып, тынығып алмақ ниетпен намазға тұрғаны сол еді, сол маңнан 
Нусайибн аталатын бір топ жын өтіп бара жатып, Құранның әуеніне елтіп, 
қалт тұра қалады. Соңына дейін тыңдап, ақиқатқа көз жеткізген олар сол 
жерде мұсылман болады да, өз тайпаларына оралған соң қалған жындарды да 
иманға шақырады. 
Құран Кәрімде бұл оқиға былай баяндалады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет