Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Әрине, ол Құранды түсіріп, таратуды саған парыз қылған Аллаһ



Pdf көрінісі
бет120/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

"Әрине, ол Құранды түсіріп, таратуды саған парыз қылған Аллаһ 
сені қайтадан қауышар мекеніңе (Меккеге) оралтады." (Қасас сүресі, 85-
аят) 
Дұшпанның қолына түсіп қалмау үшін Мәдинаға көпшілік жүретін 
жолдан гөрі тасалау жолға түскенді дұрыс деп біліп, жолаушылар оңтүстікке 
қарай Қызыл теңіз жағалауындағы Тихама елді мекеніне дейін барып, сосын 
солтүстікке бұрылды. Теңізден қашықтап, шөлді бетке алып аяңдай берді. 
Сейсенбі күні түске дейін түйеден түспей жол жүрді. Екінші күні түс 
әлетінде жолай кішкене тыныстап алмақ болып тоқтайды. 
Пайғамбарымыз көз шырымын алуға жатады. Хазіреті Әбу Бәкір болса, 
аяулы досын күзетіп, айналасын қырағы көзбен шолып отырады. Әлден 
уақытта ұзақта қой жайып жүрген шопанға көзі түседі. Асығыс орнынан 
тұрып, қойшыға барып, жөн сұрасып, бір ішім сүт сұрап әкеледі. Онысын 
қоярда-қоймай пайғамбарымызға ішкізеді. 
Жолдағы оқиғалар 
Жолаушылар сапар бойы небір қызыққа кенелді. 
Жол азықтары әлдеқашан таусылған. Талғажау етер тағам іздеп 
айналаны сүзіп келе жатқан жолаушыларға бір шопан жолыға кетеді. Олар 
жағдайларын айтып, сүт сұрайды. 
Малшы: 
"Сауын малым жоқ. Мына бір жалғыз ешкіні сауатын едік, ол да буаз, 
сүті тартылып кетті", - деді. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) ешкіні ұстап алып шипалы қолымен желінін 
сылап-сипап, дұға етті. Сол-ақ екен ешкінің желіні тырсылдап сүтке толды. 
Оны сауып, мейірлері қанғанша ішті. 
Аң-таң болған шопан: 
"Не деген керемет жансың?! Сен сияқты адамды бұған дейін көрсем, 
көзім шықсын. Кімсің сен? Қайдан келесің?" - деп сұрақтарын жаудыра 
жөнелді. 
Мұхаммед (с.а.у.): 
"Кім екенімді айтайын, бірақ тіс жарып ешкімге айтушы болма", - деді. 
Малшының уәдесін алған соң: 
"Мен Аллаһтың Расулы - Мұхаммедпін", - деді. 
Қызығушылығы онан сайын арта түскен қойшы: 
"Е-е, әлгі құрайыштардың жолынан адасты деп жүргендері сен болдың 
ғой", - деді. 
Пайғамбарымыз: 
"Иә, иә, олар солай деп жүр", - деп күрсінді. 
Малшы сөзге келместен: 
"Мен саған сендім, иландым, сен пайғамбарсың. Айтқандарыңның хақ 
екеніне шүбәм жоқ. Сенің істегендеріңді тек пайғамбар ғана істей алады. 
Мен саған мойынсұндым" - деп, аяқ астынан мұсылмандықты қабылдайды да 


188
"Мені де ала кетіңдерші, өздеріңмен бірге" деп жалынады. Аллаһ Елшісі 
оған: 
"Сен әзірге дәрменсізсің. Әлі алда талай-талай асулар бар. Сен онан да 
менің жеңісімді естіген күні кел, бізге қосыл", - деп басу айтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет