Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет123/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

 
 


190
Сапар жалғаса түсті... 
Айнала ұшы-қиырсыз сахара. Аптап ми қайнатқандай. Сурақаны 
қайтарып, көңілдері орнына түскен жолаушылар біресе ілбіп, біресе желіп, 
біресе аяңдап шыжыған ыстықты елемегендей алға баса берді. 
Иыр-шиыр ой арнасында ағыс ыңғайымен жүзген кісіше тым-тырыс 
келе жатқан олар алдарынан көрінген керуенді де әуелгіде байқамай қалады. 
Керуен Шамнан сауда жасап, Мәдинадан Меккеге бет түзеген. 
Керуенші саудагерлер арасынан Зүбәйір ибн Аууам бұларды танып келіп, 
сәлем-сауқат білген соң мәдиналық мұсылмандардың сарыла жол тосып 
отырғандығынан құлақ қағыс етті. Сонан кейін Пайғамбарымыз бен Әбу 
Бәкірге шамдықтардың дәстүрлі ақ шапанын кигізді. Мәдинаның ахуалын 
естіген жолаушылар жылдамдықтарын арттыра түсті. 
Меккеге оралып, шаруаларын ыңғайлаған Хазіреті Зүбәйір ибн Аууам 
да Мәдинаға хижрет еткен. 
Жылдамдықтарын арттырған жолаушылар Амим деген жерге келіп 
жетеді. Сәһм ұлдарының мекені осы жерге жақын. Олардың басшыларының 
бірі Бұрайда ибн Хусайб та құрайыштың олжасынан дәметіп, қасына сексен 
батырын алып пайғамбарды іздеуге шыққан болатын. Қуғыншылар Амим 
мекенінде іздегендерімен қауышты. 
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оларды көре салып, басшысына: 
"Жөн-жосығыңды айта отыр", - деді. 
"Менің атым - Бұрайда, Әслам тайпасынанмын", - деген жауапты 
естігенде, Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) жолдастарына қарап: 
"Уа, Әбу Бәкір! Ісіміз оңға басайын деген сияқты", - деді. 
Сонан соң Бұрайдадан: 
"Әсламның ішінде қай рудан боласың?" - деп сұрады. 
Бұрайда: 
"Сәһм ұлдарынан", - деп жауап берді. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
"Уа, Әбу Бәкір! Бізден артық жолы болғыш жан бар ма екен?" - деді. 
Мұхаммед (с.а.у.) не нәрсені болса да әрдайым тек жақсылыққа 
жоритын. 
Бұл жолы мәселенің мәнін түсінбесе де, жолшыбай кездескен бейтаныс 
жолаушының байсалдылығы мен өзін көргендегі қуануының себебін аңдай 
алмаған Бұрайда: 
"Ал сен кім боласың?" - деп сауал тастады. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
"Мен Абдуллаһтың ұлы Мұхаммедпін. Аллаһтың Елшісімін", - деді де, 
оны Исламға илануға шақырды. 
Уағызға ден қойған Бұрайда жауынгерлерімен бірге сол сәтте иман 
келтіріп, мұсылман болды. 
Пайғамбарымыз жаңа мұсылмандармен бірге сол түнді Амимде өткізді. 
Таң атқан шақта Бұрайда Хазіреті Мұхаммедке: 
"Уа, Расулаллаһ! Мәдинаға байрақсыз кіргеніңіз дұрыс емес", - деп, 
сәлдесін шешіп, күні кеше ғана пайғамбарды өлтірмек болған жебесінің 


191
ұшына байлады. Мәдинаға барғанша өзі бастап әлгі байрақты желбірете 
көтеріп жүрді. 
Аллаһ Елшісі Бұрайда туралы кейінірек былай деген: 
"Сахабаларымның біреуі туған мекеннен ұзақ бір елде қаза болады. Сол 
(сахаба) қиямет-қайымда аталған мемлекеттің нұры әрі сол ел халқының 
жетекшісі болып қайта тіріледі". 
Шынында да Бұрайда Ислам жолында ұлы істер атқарып, Хорасанға 
дейін келіп, Мары қаласында дүние салады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет