195
Сен нұр үстіне нұрсың.
Сен Сүраййа жұлдызысың
Сүйікті Хақ Расулысың!"
деп қаумалап, шырқап жатты.
Халық Расулаллаһтың нұр жүзін бір көруге асығып, сыртқа ағылған.
Айнала ығы-жығы, ине шаншар орын жоқ. Бала-шаға, кәрі-құртаң бар
жақсысын киініп, сәнденіп шыққан.
"Мұхаммед (с.а.у.) келді! Аллаһтың елшісі келе жатыр! Қош келдің, Уа,
Расулаллаһ! Қадамыңа гүл бітсін!" - деп жан-жақтан шуласқан дауыстан
құлақ тұнады.
Әр үйдің қасынан өткен сайын үй иелері:
"Қош келдің, құтты қонақ! Үйімізге кіріп, дәм тат. Берекемізді арттыр",
- деп қиыла өтінді. Расулаллаһ болса:
"Түйеге жол беріңдер. Тоқтар жері, Аллаһтың әмірімен жануардың
өзіне мәлім", - деді.
Пайғамбардың түйесі Малик ибн Нәжжар ұлдарының үйіне дейін
барып, бос алаңға шөкті.
Пайғамбарымыз түйеден түскен жоқ. Түйе сәлден соң қайта тұрып,
біраз алға жылжыды да, кері бұрылып манағы шөккен жеріне қайта келіп,
шөкті.
Түйе шөккен күйі қозғалмаған соң Пайғамбарымыз:
"Иншаллаһ, бізге бұйырған орын осы болар", - деп түсті.
Осылайша Ислам тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі -
мұсылмандардың хижретіне нүкте қойылды. Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.)
Мәдинаға көші әнсарлар
Көмек берушілер, Меккелік мұсылмандарға қолдау көрсеткен Мәдиналықтар.
-
мәдиналық мұсылмандармен қатар муһажирлерге де айрықша серпін әкелді.
Оған әнсар мұсылман Әнес ибн Маликтің мына сөздері куә:
"Мен өмірімде Расулаллаһтың Мәдинаға келген күнінен артық, одан
көңілді, одан нұрлы күн көрген емеспін".
Достарыңызбен бөлісу: