Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Дұшпан зұлымдығына ұшыраған муминдерге қорғану үшін төтеп



Pdf көрінісі
бет140/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

"Дұшпан зұлымдығына ұшыраған муминдерге қорғану үшін төтеп 
беруге рұқсат берілді. Аллаһтың оларға жәрдем етуге құдіреті жетері 
шүбәсіз. Олар (муминдер) кінәсіз бола тұра "Раббым - Аллаһ" дегені 
үшін елінен қуылған" - делінеді. Аятта айтылғандардың астарына 
үңілсек, ешкімге тиіспеу, тек тиіскен болса, қорғаныс мақсатымен 
оларға қарсы тұру жайы баяндалған. 


215
ХИЖРЕТТІҢ ЕКІНШІ ЖЫЛЫ 
IX ТАРАУ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


216
Б
ӘДІР ШАЙҚАСЫ 
Хижреттің екінші жылы. Милади 624 жыл. 
Мұсылмандар Мәдинаға хижрет етіп, орныққалы арадан екі жыл өткен. 
Осы уақыт аралығында Меккедегі құрайыш мүшріктері тағы да тиісерге қара 
іздеп, сабылған. Қайтсек муминдерді аяқтан шаламыз деген оймен күндіз 
күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған құрайыш мүшріктері енді Шамға керуен 
жолдап, саудадан түскен пайдаға қарулануды мақұл көреді. Керуенге еркек-
әйел деместен барша мүшріктер үлес қосады. Мұсылмандармен шайқасуға 
әзірліктің бастамасы болған бұл керуен мың түйеге тиелген тауармен сақадай 
сай тұрды. Әбу Суфиан бастаған отыз-қырық адам керуеннің қорғаушысы 
тағайындалды. 
Аллаһ Расулы құрайыштардың бұл әрекетінен дер уақытында хабардар 
етілді. Ойлана келе Әбу Суфиан бастаған сауда керуеніне тосқауыл қойып, 
Меккеге қайтаруға бел байлады. Үш жүзден астам сахабасын ертіп, осы 
сапарға дайындалды. 
Пайғамбарымыз өзінің орнына мешітте намаз оқыту міндетін Абдуллаһ 
ибн Үмми Мәктумға тапсырды. Әнсардан Хазіреті Әбу Лүбәбәні қаланың 
уәкілі етіп сайлап, рамазан айының он үшінші күні мужаһидтермен бірге 
Мәдинадан жорыққа аттанды. 
Күн сенбі. Ми қайнатқан ыстық. Аллаһ Елшісі Пайғамбарымыздың ақ 
туын Мусаб ибн Үмәйір желбірете жоғары көтерді. Екі қара тудың "Уқаб" 
деп аталатынын Хазіреті Әли, екіншісін әнсардан Саад ибн Муаз ұстады. 
Мүшріктердің керуенін Бәдір деген жерде күтіп алу ұйғарылды. Себебі, 
бұл - Мекке, Мәдина және Сирияға баратын жолдардың тоғысқан жері 
болатын. 
Бәдір - Мәдинаның жүз шақырымдай оңтүстік батысындағы жазық 
жер. Жан-жағы таулы. Банан, жүзім сияқты жемістердің өсетін жері. 
Жәһилия кезінде жәрмеңкелер осында өткізілетін. 
Мужаһидтер жаздың ең ыстық күндерінің бірінде Мәдинадан жолға 
шыққан еді. Рамазан айы болғандықтан барлығының дерлік аузы берік. 
Шыжыған ыстық пен сағымды шөл далада ораза ұстап жолға шығу 
мужаһидтер үшін өте қиынға соқты. Осы себепті Пайғамбарымыз бірінші 
болып өзі оразасын бұзып, өзгелерге де соны әмір етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет