219
(Әнфал,5-6) қуана-қуана кіруге келісті. Олар Аллаһ жар боларына сенімді еді.
Аллаһ жолында соғысатындықтан ұлы құдіреттің қолдайтынына шын
көңілден иланған...
Саны аз, сапасы артық, яки иман күшімен жігерлері жасын отындай
жарқылдаған мужаһидтердің тірегі - бар ғаламның иесі Жаратқан Аллаһ еді.
Қол бастаған да - Жаратқанның сүйікті құлы Мұхаммед (с.а.у.) болатын.
Олардың ештеңеден секем алмастан мүшрік әскеріне қарсы шығуының
себебі де-сол.
Әнсарлар өкілінің айтқандарына разы болған Расул Әкрам күлімсіреген
күйі:
"Қане, алға басыңдар, Алланың берекетімен шаттыққа кенеліңдер.
Міне-міне, құрайыштың әскерлерінің сұлай түсіп, өлімге бас иетін жерлерін
әлден-ақ көріп келемін. Оларды ажал айдап келді", - деп сарбаздарын
үміттендірді. Мұсылмандар жігерлерін жаныған сайын батылдана басып,
Бәдірді бетке алып нық адымдай түсті. Бейсенбіден жұмаға қараған түні
құптан намазы уақытында Ислам әскері Бәдірге жақындады. Аллаһ Елшісі
бір төбешікті нұсқап:
"Анау төбенің басында құдық бар. Сол маңнан көп мәліметке
қанығатын сияқтымыз", - деп Хазіреті Әли, Хазіреті Саад ибн Әби Уаққас
және Хазіреті Зүбәйір ибн Аууамға маңайды шолып шығуға бұйрық береді.
Сол мезетте бірнеше мүшрік су алуға түйелерін құдық басына шөктірген-ді.
Олар
ойда
жоқта
мұсылмандардың
қолына
түсіп
қалады
да,
пайғамбарымыздың құзырына әкелінеді. Хазіреті Мұхаммед оларға құрайыш
жайында бірнеше сауал қояды. Тұтқындар құрайыш әскерінің дәл
алдарындағы құм төбенің ең биік тұсында екенін айтады.
"Әскердің ұзын саны қанша?" деген сұраққа әуелі дұрыс жауап беруден
тайсақтаған мүшріктер екінші рет қайта сұрағанда нақты білмейтіндіктерін
айтып жалтарады.
"Олай болса, олар күніне қанша түйе бауыздайды?"
"Бір күні тоғыз, кейде он түйе сойғанының куәсі болдық".
"Демек 950-1000 шақты адам болғаны", - деді де, "Араларыңда
құрайыштың игі жақсыларынан кімдер бар?"
Су тасушылар құрайыштың атақты, бетке ұстарларының атын атап
шыққанда пайғамбарымыз сахабаларына қарап:
"Көрдіңіздер ме, Мекке бар жақсысын пида етті", - деді.
"Жолшыбай Меккеге қайта оралғандар болды ма?" - деп Аллаһ Расулы
сұраулы жүзбен тұтқындарға қарады.
"Иә", - деді олар, "Зухра руының азаматтары Әһнәс ибн Шәрикке еріп
елге қайтты".
Сонда Аллаһ Елшісі тұрып: "Аллаһ тура жолдан тайған, ақыреттен,
Аллаһтан, Кітаптан бейхабар Зухраұлдарына тура жолды көрсетті", - деді.
Достарыңызбен бөлісу: