Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ӨЗГЕ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет186/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ӨЗГЕ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРЫ 
Ішкілік арамга саналып, тиым салынады. 
Ішкілікке хижреттің төртінші жылы яһуди надрлар өз жерінен қуылған 
шақта тиым салынды. 
Бұл мәселе жайында үш бөлек аят түсті. 
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Мәдинаға хижрет еткен кезде мұсылмандар 
ішкілік ішіп, құмар ойнайтын-ды. 
Пайғамбардан ішкілік пен құмар жайында сұрағандар болды. Хазіреті 
Омар да: 
"Уа, Раббым! Ішкілік хақында бізге ашық, нақты білдіргейсің",- деп 
дұға етті. 
Артынша Бақараның 219-аяты түсті. 


279
"Сенен арақ және құмардың үкімін сұрап жатыр. Оларға айт: 
"оларда(арақ, құмарда) адамдар үшін үлкен күнә және кейбір пайдалар 
бар. Бірақ күнәсі пайдасынан әлдеқайда үлкен". 
Осы оқиғадан соң мұсылмандардың кейбіреулері зияннан қашып 
ішкіліктен бас тартқанымен, әлі де ішкіліктен тиылмағандар бар еді. 
Ішкіліктің кесірінен келеңсіз жайттар жиі қайталанды. Тіпті бірде 
сахабаның бірі намазшамды оқып тұрып, Құранда қате мағына беретіндей 
жаңсақтық жасайды. 
Хазіреті Омар 
Аллаһқа "Ішкілік 
жайлы нақты білдір" деп 
жалбарынады. Іле-шала Ниса сүресінің 43- аяты түседі. 
"Ей, иман еткендер! Мас кездеріңізде не айтқан-дарыңды білгенге 
дейін, және жолаушылықтан тыс басқа уақытта жүніп күйінде ғұсыл 
алғанға дейін намазға жақындамаңдар..." делінген. 
Бұл тиымның екінші басқышы еді. 
Мұны естігенде мұсылмандар: 
"Уа, Расулаллаһ! Біз намаз уақыты жақындағанда ішкілік ішпейміз",- 
деді. 
Пайғамбарымыз оларға жауап берген жоқ. 
Мұсылмандар арасында ішкіліктен бас тартқандар күн санап көбейді. 
Намаз уақыты кіргенде "Мас күйінде намазға тұрушы болмаңдар" деп 
әрдайым ескерту жасалатын. 
Соған қарамастан бір мұсылман арақ ішкен күйінде кешкі намазға 
келеді. 
Мұны көрген Хазіреті Омардың шыдамы таусылғандай: 
"Аллаһым, ішкілік туралы нақты үкіміңді білдір", - деп тағы дұға еттті. 
Осыдан соң Маида сүресінің 90-91 аяттары түседі. Онда былай 
делінген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет