Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Кәпір болған кітап иелері (яһуди) болған бауырларына: "Егер сіз



Pdf көрінісі
бет183/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

"Кәпір болған кітап иелері (яһуди) болған бауырларына: "Егер сіз 
мекендеріңнен қуылсаңдар біз де сендермен ере шығамыз. Сендер бар 
жерде ешкімге бойұсынбаймыз (тыңдамаймыз). Егер сендерге соғыс 
ашар 
болса, 
міндетті 
түрде 
біз 
сендерге 
көмектесеміз" 
деген 
мунафиқтарды көрмедің бе? Олардың өтірік айтқандарына Аллаһ куә. 
Олар қуылар болса (бұл мунафиқтар) олармен бірге шықпайды. 
Егер олар соғысқандай болса, онда да көмектеспейді. Көмектессе де 
(муминдерге қарсы тұра алмай) кері қашады, өздері ешбір жерден 
жәрдем ала алмайды..." (11-12 аяттар) 
Қорғаныстың он бесінші күні... 
Абдуллаһ ибн Үбәй басшылығындағы мунафиқтардың уәдесі бос сөз 
екеніне көзі жеткен яһудилер мұсылмандарға берілуге мәжбүр болды. 
Пайғамбарымыз өз еріктерімен берілгендерге тиіспестен қару-
жарақтарынан басқа дүние-мүліктерін түйеге тиегенінше алып қоныс 
аударуға бұйрық берді. 
Бұйрықты ести салысымен жандарының амандығына қуанған олар 
алты жүз түйеге дүние тиеп, кетерлерінде қора-қопсы, үйлерін мұсылмандар 
пайдаланбасын деген ниетпен өртеп жібереді. Мұсылмандардың алдында 
құдды ештеңеге қайғырмаған кісіше көріну үшін әйелдер бар әшекей, алқа-
жүзіктерін тағынып, безеніп шығады. Дабыл қағып, сырнайлатып, 
кернейлетіп Мәдинадан шыққан олардың бір бөлігі Шамды бетке алса, 
екіншілері Хайбарға қарай, енді бір тобы Иеменге бағыт түзейді. Бұл сүргінге 
куә болған мунафиқтар кәдімгідей қайғырады... 
Надр руы яһудилері жұртында біршама құрма бағы, егістік жерлер мен 
бұлақ-арықтар, сиыр, ат, қару-жарақ қалады. Қалған дүниенің бәрі мемлекет 
қарауына өткендіктен иесі Пайғамбарымыз еді. Ұрыс-төбелессіз дін 
дұшпандарынан олжаланған дүние Ислами әдебиетте «фәй» деп аталады. 
Аллаһ мұндай олжаның тікелей Расулына тиесілі екенін білдірген, яки 
Пайғамбарымыз фәй олжасын қай жерге, қандай мақсатта жұмсаса өз еркі. 
Мәдинаның жергілікті халқы әнсарлар муһажирлердің тұрмыс қажетін 
өтеуді мойындарына алған-тын. Муһажир бауырларымен барын бөлісіп, 
киім-кешек, ішіп-жемін тауып беретін. 


276
Расулаллаһ надрлардан түскен олжаны тек муһажирлерге үлестіріп, 
әнсарлардың иығындағы жүкті жеңілдеткісі келді. Сахабаларының басын 
қосып: 
"Егер сендер қаласаңдар, яһудилерден түскен олжаны, Аллаһтың маған 
бұйыртқанын, муһажирлермен араларыңда бөліп берейін. Муһажир 
бауырларың бұрынғыша үйлеріңде тұрып, азық-түлікке ортақтаса берсін. 
Немесе пайданы тек муһажирлерге берейін. Олар бөлек шығып, өз күндерін 
өздері көрсін",- деп ұсыныс айтты. 
Мәдиналық мұсылмандар шын ықыласпен: 
"Уа, Расулаллаһ! Олжаны муһажир бауырларымызға үлестіріп беріңіз. 
Сонда да олар үйлерімізде тұра берсін. Біздің дүниемізден де қалағаныңызша 
алып, соларға беріңіз!"- десті. 
Әбу Бәкір Сыддық орнынан тұрып әнсар бауырларына ризашылығын 
білдірген соң: 
"Аллаһ сендерге қайыр сыйласын. Уаллаһи, біз бен сіздердей 
бауырластық дүниеде жоқ",- деді. 
Пайғамбарымыз да: 
"Аллаһым! Әнсардың үрім-бүтағын қорғап, рақым еткейсің!"- деп бата 
жасады. 
Мәдиналық мұсылмандардың жауанмәрттігі жөнінде іле-шала Хашр 
сүресінің 9-аяты түсті. 
Мәдинаның жергілікті тұрғындары әнсарлар ықыласты әрекеттерінің 
арқасында Расулаллаһтың көңілінен шығып, Аллаһтың ризалығына бөленді. 
Расулаллаһ болса надрлардан қалған олжаны аятта да айтылғандай 
муһажирлерге бөліп береді. Сөйтіп оларды әнсарға мұқтаж болудан 
құтқарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет