Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Харис ибн Әби Дырардың мұсылман болуы



Pdf көрінісі
бет193/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

Харис ибн Әби Дырардың мұсылман болуы 
Хазіреті Жуайрияның әкесі Харис ибн Әби Дырар қызын күңдіктен 
құтқаруға, підия үшін бірнеше түйесін алдына салып Мәдинаға жолға 
шығады. Ақыққа келгенде ойланып, екі түйесін қимай тау арасына жасырып 
тастап кетеді. Сөйтіп Пайғамбарымызға келеді. 
"Уа, Мұхаммед! Қызымды тұтқынға алыпсыңдар. Мына түйелерді 
підия ретінде әкелдім",- дейді. 
Расулаллаһ: "Ақықта пәлен таудың арасындағы екі түйені неге 
әкелмедің?"- деп сұрайды. 
Харистың төбесінен жай түскендей әсер етеді, өйткені түйелерді ол 
жерге жасырғанын өзінен басқа ешкім білмейтін. Мұнан әрі күтудің мәнсіз 
екенін ұққан ол: 
"Мен Аллаһтан басқа Тәңір жоқтығына, сенің де Аллаһ елшісі екеніне 
куәмін. Уаллаһи, істеген ісімді (түйені жасырғанымды) Аллаһтан басқа 
ешкім білмейтін",- деп мұсылмандығын жария етті. Онымен бірге екі ұлы 
және қасындағы өз руының жігіттері де иманға келді. 


289
Пайғамбарымыз Жуайрияның қожайынына хабар жолдап күңін сатуын 
өтінеді. Сабит ибн Қайс ойланбастан: "Әке-шешем сенің жолыңа құрбан 
болсын, саған оны бердім",- деді. Расулаллаһ підиясын төлеп Хазіреті 
Жуайрияны әкесіне табыстады. 
Мұсылмандықты қабылдаған Хазіреті Жуайрияны әйелдікке алу үшін 
Пайғамбарымыз оған құда түсті. Харис ибн Әби Дырар ризалығын білдірді. 
Расул Әкрам төрт жүз дирхам мәхир беріп Жуайриямен некесін 
қидырды. 
Пайғамбарымыз Хазіреті Жуайрияны алған соң асхабы: 
"Расулаллаһтың зайыбының туған-туыстары мен жақындары құл 
болмауға тиіс",- деп тұтқындардың бәрін босатады. Қолға түскендердің жүз 
шақтысы әйел болған. 
Хазіреті Айша анамыз: "Мен қауымы үшін Жуайриядан қайырлы, 
содан асқан мүбәрак әйел көрген емеспін" деген. 
Шынында да Хазіреті Жуайрия бақытты еді. Бір күнде үш бақытқа ие 
болды 

күңдіктен 
өзі 
құтылды 
және 
бүкіл 
руын 
құтқарды, 
Пайғамбарымызбен ақ некеге отырды. Аллаһ Расулының Хазіреті 
Жуайриямен бас қосуы Мусталық руының өздеріне деген сенімдерін 
арттырды. Көпшілігі осы құрметке ризалықтарын мұсылмандықты қабылдау 
арқылы білдірді... 
Пайғамбарымыздың әрбір некесінің өзіне тән сыры, мәні бар. Осы 
жолғы некеде де халықтың жүрегіне иман нұрын егу, өзіне және Исламға 
сүйіспеншілік ояту, ру тайпаларды туыстырып жақындастыру, Исламды 
қолдаушылар қатарын арттыру... «Құданы құдай қосады» деген сөзді қазекем 
де айтқан емес пе, ерлі-зайыптылардың арқасында екі жақ ағайындасып, бір-
біріне жәрдемші болары сөзсіз. 
Пайғамбарымыздың Хазіреті Жуайриямен үйленудегі негізі мақсаты да 
осы. Мақсат орындалды да. 
Хазіреті Жуайрияның шын аты - Бәрра еді. Бұл есім Пайғамбарымызға 
ұнамай, үйленген соң Жуайрия деп өзгертеді. Мағынасы - сүйкімді әйел. 
Хазіреті Жуайрия өте тақуалы әйел болған. Жетім - жесірге, кедей кепшікке 
қолынан келген көмегін аямайтын. Өзі аш қалса да қолындағысын жарлы-
жақыбайға беретін. Оған төмендегі оқиға куә. 
Бірде Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Жуайрияның отауына кіріп: 
"Өзек жалғар бір нәрсе бар ма?"- деп сұрайды. 
Мейірімді әйел: "Уа, Расулаллаһ, үйде жейтін түйір азық жоқ. Бір қу 
сүйек қалып еді, оны да азат болған күңімізге садақа деп бердім",- деп жауап 
береді. 
Жуайрия анамыз хижреттің 57 жылында қайтыс болып, Бақи зиратына 
жерленді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет