Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Хазіреті Абдуллаһтың ұсынысы



Pdf көрінісі
бет191/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

Хазіреті Абдуллаһтың ұсынысы 
Абдуллаһ ибн Үбәй мұсылмандардың қас дұшпаны болса, оның туған 
ұлы Абдуллаһ Аллаһ жолына шын берілгендерден еді. Әкесінің былапыт 
сөздерін естіген ол шұғыл түрде Аллаһ Елшісімен жүздесіп, былайша 
ұсыныс айтты. 
"Уа, Расулаллаһ! Әкеммен араларыңызда болған жайды есіттім. Оны 
өлтірмек болғаныңыздан хабардармын. Егер естігенім рас болса, рұқсат 
етсеңіз өзім-ақ әкемді өлтіріп, басын алдыңызға әкелейін. Хазраждар менің 
әкемді ерекше жақсы көретінімді біледі. Егер оны өлтіруді басқа біреуге 
тапсырар болсаңыз, сол адамға қарсы өшпенділігім оянуы мүмкін. Нәпсіме 
ие бола алмай, кәпірді өлтірген мұсылманға қол көтере қалсам тозақтық 
болып кетермін",- деді. 
Сахабаның 
құрыштай 
иманының 
көрінісі 
бүл. 
Расулаллаһқа, 
мұсылмандарға қарсы шығып, бейәдеп сөзбен балағаттаған әкесін өлтіруден 
де тайсалдырмаған күдіретке еріксіз таңдай қағасың! 
Аллаһ Елшісінің жауабы ер жүрек сахабаға жұбаныш 
болды: 
"Уа, Абдуллаһ, мен сенің әкеңді өлтіру жайын ойыма да алғаным жоқ. 
Ешкімге ондай міндет жүктемедім де. Арамызда жүргенде онымен жақсы 
қарым-қатынаста боламыз". 


287
Мұсылмандар Мәдинаға жақындап қалған... Ақық деген жерде Хазіреті 
Абдуллаһ аттан түсіп әкесінің жолын кес-кестеді. Түйесін шөктірген соң: 
"Ізгілік пен күштің бастауы Аллаһ пен оның Расулы екенін 
мойындағанша тыпыр еткізбеймін", - деді. Мунафиқ басшы естіген 
құлағына, көрген көзіне өзі сенбеді. Мұны айтқан өз ұлы Абдуллаһ қой! Бұл 
қалай болғаны? 
Иман келтіргенсіп жүрген мунафиқ ақиқат иманның құдіретінен 
бейхабар еді. 
Таңданысы мен ашуын ірке алмай ұлына: 
"Мына көптің ішінен бөліп алып Мәдинаға кіргізбеймін дейсің бе?"- 
деді. 
Хазіреті Абдуллаһ та: 
"Иә, бүгін адамдардың ең әзіз әрі күштісінің, ең бейшара әрі әлсізінің 
кім екенін үйретіп мойындатпасам саған Мәдинаға кіру жоқ. Аллаһ пен 
Расулының ең құрметті екенін мойындамасаң, өз қолыммен өлтіремін",- деп 
зіркілдеді. 
Әкесі баласының айтқанынан қайтпайтынын аңғарған соң 
"Мен құрметті әрі құдіретті Аллаһ, Расулы және муминдер екеніне 
куәмін",- деді. 
Оқиғаны естіген Пайғамбарымыз Хазіреті Абдуллаһқа: 
"Аллаһ саған Расулына және муминдерге деген құрметің үшін 
қайырым етсін",- деп дұға етіп, әкесін қоя беруді бұйырды. 
Мұсылман армиясы жиырма сегіз күн жол жүріп, рамазан айы туған 
шақта Мәдинаға келіп кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет